Зобалаң немесе заңдылық? Қазақ тағылым әдебиетіндегі әйел болмысы.

Зобалаң немесе заңдылық? Қазақ тағылым әдебиетіндегі әйел болмысы.

     Әйел-әлем бейнеленген өмір бенейсі.Рақымы шексіз,шебер Алланың ең көркем жаратылыстарының бірі қисық қабырға әйелдер.Әйелсіз бұл дүние теңдік пен тегеуріндікті тәрк еткен бос дүние іспеттес.Әлемді әнімен,дүниені демімен тербеген әйел бейнесі әлемнің сегізінші кереметі емес пе? Кешегі өткен тарихтың тарауында батыр болып бес қару асынған,ана болып ақ  жаулық жамылған, келін болып кебіні сол үйден шыққан бір бойына теңдесіз қасиеттерді тізбектеген қазақ халқының әйел атты тұлғасы,өр заманнан бері өзіндік тұрпаттық бейнеге ие болып келеді.Әйел деген ерекше жаратылыс,от пен судың арасында күйбелектене күйінетін мықты жаратылыстардың қатарын толықтыратыны сөзсіз.Қай жерде болмасын әйел өмірі әлекке толы болып жатады.Соның бір бөлігі қазақ әдебиетіндегі тағдыры тармаққа тарамданған әйелдердің тағылым тағдырлары.Бір басына бармақтай бақты бойлатпаған қазақ халқының төл әдебиетіндегі  әйелдер тағдыры сол заманның зобалаңы деу әбестік пе әлде заңдылығы деуіміз құба құппа? Қазақтың қазақи дәстүрін бойлаған әдебиет тарихында бақытты болған әйел бейнесі жоқтың қасы болар бәлкім? Дегенмен, бұл тұжырымды ой қате таптаурындардың алғышарты болуы ғажайып емес.

    Қазақ әдебиетіндегі әйелдер сюжеті талқылау мен тарпа бас салудың нақ алдында тұратын ең күрделі тақырып.Зиялы қоғамның  зиялы өкілдерінің шығармасына желеу болған да осы әйел тағдыры мен әйел теңсіздігі еді.Шығарманың сюжетімен сусындаған әр оқырманның ойында, үнемі қазақ әйелдерінің бақытты болған тұстары барма деген сұрақ жиі қалыптасып жатады.Әрине,әйелдердің әлекке салынған ауыр баяндамалары кімнің болсын жүрегіне жара,ойына өрескел  пікір салады.Шынтуайтына келгенде қай романның кейіпкері болмасын еркек атаулыдан зәбір көріп, қазақи қоғамның құрбанына айналып кетіп жатты. Қазақ тарихында өзі сүйген ердің етегіне ен қойып,соңғы қадамынан қазша қайталап қадам басқан қыз баласы некен-саяқ.Бағасыз қалған арулардың басым көпшілігі қазақи қоғамның қысымында қымтырылып қалған бейкүнә жандар еді.

    Әйел бейнесінің ауыр тағдыры суреттелген сюжеттер Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты повесінде,Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романында,Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»  романында «Гауһар-тас» пен күй анасы Дина Нұрпейісованың зұламат тағдырын да және тағыда басқа қалам сиясы таусыла жазылған шығармалар мен бізге беймәлім оқиғаларда көрініс табады.Қазақ әйелдерінің зорлық пен қорлыққа тап болған қатыбас қатаң өмірі,қоғамның қазақбайшылдыққа салынуы мен адамның арсыздыққа әуес болуының салдарынан туған дүние екені даусыз.Себебі,өзі сүйгеннің емес әкесі құп көрген жігіттің етегінен еріп қазақтың байырғы салт дәстүрінен аса алмайды,тіпті жеңгетайлық атты жауыр болған дәстүрдің дүрбелеңінен дертті болған қыз тағдыры көп.Тайға таңба басқандай болып көрінетін бұл шығармалардан кейін қазақ қоғамы мен әдебиет әлемінде бақытты болды деген әйел образы бар дегенге сену сана мен ойға қонымсыз болып көрінеді.Дегенмен,Абайдың анасы Ұлжандай,Шоқанның анасы Айғанымдай,Ғабит Мүсіреповтың романындағы Ұлпандай асыл аналардың бар екендігі жадымыздан өшпегені дұрыс.Абай жолының мазмұнды сарынында әйелдіктің кемелдігі мен биязы көркемділігі, көрегенділігі мен кірпияз мінезділігі әйелдің тұлғалық образымен ұштасады. Алаштың зиялы қауымы да,дәстүр мен дінді дәріптей сабақтастырған ғұламалардың да күрескен көкейтесті мәселесі әйел теңсіздігі мен шарасыздық қалпы еді.Салт дәстүрдің естісін емес есерін есірткен байырғы жұрттың өкілдері қоғамды тастан қатты қып,түрмедей тар етті.Қоғамды құжынатқан,әйел тағдырын сорлатқан сол адамның таяз ойлары болар бәлкім.Сондықтан, қай қоғамның мөрлі мұқабасын алып қарасақта жақсысы мен жаманы қатар жүретініне аса мән беруіміз керек..Әйел тағдыры әрқашан ауырлық пен үстемдікті қатар алып жүреді.Қазақтың небір шытырман шығармалары әсте осы сөзге дәлел болары айдан анық.

   Тағдырдың тауқыметін тартса да әйел жаны тым кербез әрі өр рухты.Қазақ әйелдерінің шыдамдылық атты бейнелі қасиеті қазақ болмысының бейнелі феномені іспеттес.Қиындық пен қуанышты қатар еңсеретін әйел заты тағдырдың әр сынағын мойымай көтеріп келе жатыр..Әйел заты әрқашан қолдау мен аяулауға тұрарлық жаратылыс.Әйел жаққан от мәңгі сөнбейді.Тағдырдың тайғақ жолдарынан тайынбай өткен және жол үстінде ақ жалауды арқау еткен әр әйел бақытты болуға лайық.Қай ғасыр болса да әйел мәртебесі өз қоғамында қорғансыз қалмауы тиіс.Әйел қырық шырақты.Шырағымыз сөнбесін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Дінтану мамандығының 1-курс студенті

Сәрсен Мөлдір Айболқызы

Тунгатова.У.А.

https://www.kaznu.kz/ru

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *