Исламтану
Исламтану
Барлық адамзат баласына дін аясындағы тақырыптар өте күрделі десек те болады. Қазіргі кезең әлеуметтік желілердің өте қарқынды дамыған сәті десем артық емес. Осы әлеуметтік желі арқылы адасып жатқан қаншама адамдар бар. Осындай дін саласында білімнің жоқтығынан, көптеген жат ағымдар мен қате көзқарастар елдің, бүкіл адамзат баласының болашағына үлкен зиянын тигізеді. Осындай қателіктердің алдын ала білуіміз керек. Жетіліп келе жатқан жаңа буын бұл болашақтағы бізден кейінгі жастарға тура жолды сілтеушілер. Осы жас буындарға ең алдымен мамандықты дұрыс таңдай білу керек. Мамандық, бұл біздің — өміріміздегі маңызды кезең мен жолдардың бipi. Мамандық таңдау өмірдің ең қиын, әрі өте жауапты шешімдерінің, бірі болып табылады. Мен қазіргі танда Алматы қаласындагы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің үшінші курс студентімін. Мен оқып жатқан мамандығым туралы көп еститінім ол- бітіргесін жұмыс табылама деген. Әрине табылады. Еңбектенген әрбір жанға кез келген істің жемісі болары анық. Исламтану мамандығын тәмәмдаған кез келген жан Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының әкімдіктерінде сондай-ақ Дін істері жөніндегі басқармасы; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты және т.б. Осыдан келе исламтану мамандығының қоғам аясында аса жоғары екендігін байқаумызға болады. Егер өзіңіз қалаған мамандық таңдасаныз табысты да берекелі болады. Исламтану — Ислам және оның, қағидаларын, тарихын, мәденинтін, мұсылман халықтарының құқықтары мен исламғa қатысты қоғамдық-саяси ұйымдарға, діни — құқықтық, жүйелерге, мектептерге байланысты өткені мен бүгінін оқытатын ғылыми қамтитын білімдер жүйесі. Мен өзімнің оқыған мамандығым мен оқу орнымды мақтан тұтамын. Қазақ елінің әрбір азаматы мен азаматшасы осындай жақсы оқу орнында оқуға лайықты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 3 курс студенті Сайлауова А.С
Жетекші: доктор PhD, аға оқытушы Әлтаева Н.С