ҚазНУ — менің таңдауым!

ҚазНУ — менің таңдауым!

Исламтану мамандығы дегенде ойымызға бірінші болып ойымызға болашақта кім боламын деген сұрақтар келеді. Қазіргі таңда Исламтану мамандығы бойынша елімізде ең ірі екі Жоғары оқу орны мамандарды дайындап жатыр. Олар: Нур Мубарак Египет Ислам орталығы мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Бұл оқу орындарындағы білім беру жүйесі бір бірінен әлде қайда ерекшеленеді, өйткені Нур Мубарак университетінде болашақ имамдар мен ұстаздарды дағайындаса Әл Фараби атындағы ҚазҰУ да болашақ теологтарды дайарлайды.

Мен Исламтану мамандығына түсуді 2018 жылы Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы ЖППК да жүріп зерттей бастадым. Әлі күнге дейін ең алғашқы дәрісім есімде.

2020 жылы колледжді тәмәмдаған соң өзімді жаңа білім саласында сынап көргім келді. Университет таңдауға уақыт келген кезде, ойыма Нур Мубарак университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті келді. Себебі, бұл оқу орындарына түсу арманым еді. Ұстаздарыммен біраз ақылдасып ақыры соңында Әл Фараби атындағы ҚазҰУ ды таңдадым. Грантқа иегері атанған кезімде өте қуандым.

1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, ТМД-ның «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Тек елімізде ғана емес, басқа елдерде де танылып, бағындыруда. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-дарынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-200 ең үздік университеттер қатарына еніп, 165 орынды бағындырды. Аталмыш топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді. QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.

Университетке түскен жылы әлемді дүр сілкіндірген COVID 19 ауыруы белең алуы себепті бірінші курсты қашықтықтан оқуымызға тура келді. Алмайды білікті мамандардың арқасында қашықтықтан болсын білім беру сапасы өте жоғары болды. Оларға алғысым шексіз, себебі олар тек оқу жағын қамтып қана қоймай, өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, бізге үлкен насихат қалдырып отырады.

Мұндағы оқытушылардың білім беру деңгейі өте жоғары. Жәнеде білім беру системасы да өте ыңғайлы. Сөздің ашығы керек Әл Фараби атындағы ҚазҰУ дипломымен болашақта көптеген жерлерге жұмысқа орналасу көп қиындықтар туғыза қоймайды.

Қорыта келе, жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, осы оқу орнының бакалавры ретінде, университет толыққанды білім алу үшін және қазіргі әлемнің талаптарына сай болу үшін көптеген таңғажайып мүмкіндіктер береді деп үлкен сеніммен айта аламын.

«Исламтану» мамандығы бойынша 3 курс бакалавры — Уразбаев Махмуд Бегалиевич

Жетекші: Phd доктор, аға оқытушы Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы.

https://www.kaznu.kz/

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *