«Күнделікті өмірдегі дін»

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық Фараби форумы аясында қоғам, мемлекет және жеке тұлға дамуындағы бар проблемаларды шешуде Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың күш-жігерін біріктіру мақсатында ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өткізілді.

   4-ші сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және Саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, 1-курс Дінтану бөлімі студенттерімен ұйымдастырылған, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, «Күнделікті өмірдегі дін» атты Университеттік дәрежедегі іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада «Заманауи фетиштер», «Күнделікті өмірдегі діни көшбасшылар»,»Діни мерекелер» , «Исламдағы архитектура», «Дін және кино» ,т.с.с. көптеген тақырыптар қорғалды.»Күнделікті өмірдегі дін» көрмесі- XXI ғасырдағы адам өмірінің діни қуаты және ежелгі діни наным-сенімдері мен көптеген ғалымдардың дінге қосқан жетістіктері паш етілді. Н.Ә.Назарбаев:»Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.»,-деп мемлекет дамуныдағы діннің атқаратын рөлінің ерекше екендігін айтқан болатын. «Күнделікті өмірдегі дін «атты Университеттік көрме ерекше тақырыптарды қамтыған маңызды іс-шара болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті http://www.kaznu.kz

Жетекші PhD.,аға оқытушы Мұқан Нұрзат.

Тоқай Айым 1 курс дінтану .

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *