ҚазҰУ армандар мекені
Адам баласы мектептегі уайым-қайғысы білінбейтін кезеңді бастан өткізгеннен кейін, үлкен өмірге аяқ басып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін студенттік кез басталады.
Мектепті 2019 жылы «Алтын белгімен» бітіріп, арман қуып үлкен қала Алматыға жол тарттым. Сол сәттен менің де студенттік кезеңім Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында басталды. Бейнесіне сырттан қарап, арманыма айналдырған білім ордасының студенті атандым. Табалдырығын аттаған сәттен мені жаңа өлке, жаңа достар мен үлкен өмір күтіп тұрғанын бірден сезіндім.
Білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы ең үздік білім беру ордасы, тарихы тереңде жатқан ұлттық универсет өзің көптеген қырынан танытып келеді. Қазіргі таңда университет әлем бойынша 150 оқу орнының қатарына кірді. Көптеген елдерден студенттерді қабылдау үстінде. Сонымен қатар бағдарламалар арқылы өзіміздің студенттерді де шетелдік университеттерге біліммен алмасуға жібереді. Сол арқылы шет елдерімен байланыс құралына айналды. Бірнеше елдермен меморандумға қол қойылды. Соңғы болып Катар университетімен келісім жасалып, алдағы үлкен байланыс туралы айтылды.
Ұлттық Университет қабырғасында да үлкен даму тоқтар емес. 180 гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтары бойынша студенттерге білім береді. Сонымен қатар студенттер үшін тұлға ретінде дамуға, өз-өзің жетілдіру мақсатында үлкен жағдайлар жасалынған. Атап айтатын болсам, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, Әл-Фараби мұражайы, тамақтандыру комбинаты, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, компьютерлі- техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі , ауқымы кең спорттық, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.Онымен қоса ең бай, 1 миллионнан астам кітабы бар кітапхана – Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Студенттердің жайлы өміріне арналған 18 Студенттер үйі бар, Қазақстандағы ең ірі сауда желісі Magnum Cash&Carry орналасқан. Ең кереметі осы айтылған орталықтар мен кешендер барлығы бір қалашықта орналасқан. Бұл студенттер үшін берілген жақсы жағдай.
Мен қазір Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінде білім алудамын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі – 1949 жылы ашылған Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын іргелі білім ошағы.
Факультет жыл сайын экономика және бизнес, цифрлық экономика, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында 500-ден астам бакалавр, магистр және PhD докторларын даярлап шығарады.
Экономика және бизнес жоғары мектебінде әлемдік озық университеттермен бірлесіп қосдипломдық білім беру бағдарламаларын магистратурада – Ресей халықтар достығы университетімен бірлесе отырып жүзеге асырады.
«Экономика және бизнес» жоғары мектебінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына толық жағдай жасалған, мамандықтар бойынша ғылыми ұйымдар жұмыс жасайды. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына профессор-оқытушылар жетекшілік етеді, жыл сайын «Әл-Фараби әлемі» халықаралық студенттік ғылыми-конференциясы ұйымдастырылады. Жоғары мектеп студенттері республика көлемінде және халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын байқауларға, халықаралық пән олимпиадаларына үнемі қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Менің мақсатым университетімді шынайы махаббатпен, мақтанышпен көрсету. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ел дамуына қосар үлесі ауқымды. Мықты мамандар мен ең бастысы нағыз тұлғаны тәрбиелеп шығатын білімнің қара шаңырағы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , ЭжБЖМ, «Бизнес технологиялар» кафедрасының Логистика мамандығының 4-курс студенті
Арынғазина Аружан
Ғылыми жетекші: Шарапиева М.Д.