Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің жатақханада тұратын студенттеріне ауызашар берілді

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді» дейді.

Ислам күнтізбесінде  Рамазан айы – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ай. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс. Осыған орай, Аллаға бір табан жақындауға ниет еткен студенттер қауымына 14.04.23 күні тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы атынан ауызашар берілді. Жатақхана алдында ақ дастархан жайылды, ауыз ашып, дұға оқып, тілек тілеген жандар мол дастарханнан дәм татты.

Ауызашар барысында уағыз айтылып, дұға-тілектер айында жиналғандар бір-біріне ізгі ниеттерін білдірумен қатар, осындай игі істі жүзеге асырып, көптеген жанның ауыз ашуына себепкер болған оқытушы-профессор құрамына алғыстарын жеткізді.

Игі шара барысында, тарих факультетінің деканы Д.С.Байгунаков, студенттерді мұсылман баласы айлардың сұлтаны санап, үлкен қуаныш, ерекше үмітпен өткізетін Рамазан айымен құттықтап, «Оразаларыңыз қабыл болсын!» деп, изгі тілегін білдірді. Сондай-ақ игі іске мұрындық болған ұстаздарға алғысын білдіріп, сауабы мол іс-шараның алдағы уақытта да өз жалғасын табуына тілекші екенін жеткізді.

Рухани кештен ерекше әсер алған студенттер көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                                                                    Профессор т.ғ.к., профессор Козгамбаева Г.Б.

                                                    Тарих факультетінің 1 курс магистранты Амангелді Қ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *