ҚазҰУ мен РУДН арасындағы қос дипломдық бағдарлама

                                                                                        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің                                                                                                                                          Магистранты: Тлетай Е.Т.                                                                                                                                   Жетекшісі: э.ғ.к. Тұраров Д.Р.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік тек саяси, экономикалық, әскери-техникалық және гуманитарлық салаларда ғана емес, білім беру саласында да жалғасуда. Халықаралық білім беру бағдарламасы аясында 2012 жылдан бастап Ресей халықтар достығы университетімен келісімшарт жасады. Қос дипломның магистрлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

РУДН мен ҚазҰУ әлемнің үздік университеттерінің қатарына кіреді. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-ші орында. РУДН-QS WUR 2023 әлемнің үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде 295 орын. Екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығы – жаһандық деңгейде ғана емес, отандық деңгейде де үлкен жетістік.

Бағдарламаның артықшылығы-болашақ магистранттардың 2 жыл оқу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі екі дипломын алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мемлекеттік грант иегерлері екі жоғары оқу орнынан стипендия ала алады. Сондай-ақ, РУДН түрлі степиндиалдық конкурстар құра отырып, студенттерге көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктерін жасайды. Осындай байқаулардың бірі – «TOP MOBILITY STUDENT». Аталған конкурстардың/олимпиадалардың мақсаты-РУДН-да желілік форматта оқитын студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту.

РУДН-да әлемнің 160-тан астам елінен 10 000-ға жуық шетелдік студенттер оқиды. Шетелдік студенттерге арнайы жатақханалар беріледі. Университеттің негізгі миссиясы-әртүрлі мәдениеттердегі студенттердің білімін біріктіру, осылайша әлемді жақсартатын көшбасшыларды қалыптастыру.

Жоғары білім берудің көп деңгейлі жүйесінде, атап айтқанда 6 факультет, 10 институт және 1 академия сапалы білім беру мүмкіндіктеріне кепілдік береді. Сабақтарды жоғары мамандандырылған және тәжірибелі оқытушылар жүргізеді. Сабақтан тыс іс-шараларға конференциялар, дөңгелек үстелдер кіреді. Мұндай іс-шаралар сіздің салаңызды тереңірек түсінуге, маман ретінде өз ойларыңызды білдіруге, тәжірибе алмасуға, тілдік дағдыларыңызды жақсартуға көмектеседі.

РУДН-да өзара түсіністік әртүрлі жолдармен қалыптасады: жатақхана бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдар, шығармашылық ұжымдар мен студенттік бірлестіктер, әртүрлі елдердің бірлестіктері. Бұл студенттер үшін әртүрлі елдердің мәдениетімен танысудың бірегей мүмкіндігі.

ҚазҰУ-талантты студенттерді біріктіретін орын. Құрмет пен шынайы достық орны, армандар орындалатын орын. ҚазҰУ студенттерге өзінің жеке басын дамытуға және өзінің барлық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Мен осы университетте төрт жыл оқыдым және үлкен тәжірибе жинадым. Бізді оқытқан және тәрбиелеген барлық мұғалімдерге шын жүректен алғыс айтамын. Мен ҚазҰУ-да оқуды өмірімнің ең табысты кезеңі деп санаймын. Мен әрқашан университетімді мақтан тұтамын!

Қос диплом бағдарламасы магистраттар үшін таптырмас мүмкіндік. Өз білімін жетілдіргісі келетін барлық жастарды осы бағдарламадан оқуға шақырамын!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *