Мұқағалиға арнау

Жырыңызға көз ашқалы қанықпын,

Бір туар ақынысыз халықтың,

Кайта келіп ойсыздарды тербетші,

Куыс кеуде ойсыздардан жалықтым

мысы курып даңғойлардың бір күнде

Аспанға ұшар еді ау бөркімде

Алайда, амал қайсы жыр аға?

Әмір жүрмес,уақыт деген шіркінге

Өнеріңіз ұрпақ үшін дара шың

Алатаумен тапқан әркез жарасым

Жырларыныз жүректерді жібітіп

Жалғайды елен жырдын арасын

Менде өзіндей кара өлең сүйгенмін

Шабыттана жыр жазатын күйге ендім,

Сіз арқылы поэзияға ғашық боп

Шыншылдық,шынайылықты үйрендім

Енді мен биіктерге қонамын

берілмеймін,жер жаһанды шоламын

жырларынды жиі оқысам жыр аға ау

бір өзіңмен сырласқандай боламын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *