Менің таңдауым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Менің таңдауым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)- әлемнің ең үздік 300 университеттерінің қатарында. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи ЖОО болып табылады. Болашақта ҚазҰУ тек республикалық қана емес, халықаралық білім беру орталығына айналмақ. Қазіргі таңда ҚазҰу көптеген мамандықтарды қамтиды. Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар, бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады.
Мен қазіргі таңда осы Қазақ ұлттық университетінің www.kaznu.kz студентімін. Және де осындай беделді университетте оқып жатқаныма қуанамын! Тағы бір айтып өтетін болсақ, бұл университет менің арманым болған еді. Енді арманыма қол жеткізгеніме өзімді мақтан тұтамын! Ары қарай білікті маман болып шығуға, ата-анамның үмітін ақтауға барлық қолымнан келгенді жасаймын! Бұл мақаламды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ҚазҰУ) студенті атанғысы келетін, армандайтын түлектерге арнаймын. Яғни олардың дұрыс таңдау жасағандарына, оқуымыздың қаншалы жоғары дәреже де екендігін айтқым келеді.
Ең бірінші айтып өтетініміз университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Яғни барлық факультет тереңірек білім алып, әрбір тақырыпты толығымен зерттейді. Сіз нағыз маман иесі болып шығасыз!
Екіншіден «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Мұнда түрлі ұйымдардың,паспорттық үстел, студеттерге әлеуметтік көмек кабинеттері және т.б студенттерге қызмет көрсету салалары, кинотеатр жұмыс жасайды. Қайсы бірін алсақта барлығы да студенттердің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тіпті жақында азық-түлік дүкені “магнум” ашылған болатын. Студенттер үшін барлық жағдай қарастырылған. Яғни барлық керек жарақтарды қалашықтан таба аласыз! Сондықтан болашақ студенттерге осы университті ойланбастан таңдаңыздар деймін! Түсу үшін кеңес айтатын болсам, оқуды тоқтатпаңыздар, ізденіңіздер мақсат қойыңыздар, армандаңыздар! Армандар- орындалады, мақсатың айқын болса!
Автор: 1 курс дінтану мамандығының студенті Қолқанатова Ақтоты
Жетекші аға оқытушы: Тунгатова Ұ.А.