Церебральды параличі бар балалардың сипаттамасы

Церебральді сал ауруы балаларда ең алдымен қимыл – қозғалыс бұзылыстарында  көрінеді. Кейбір түрінде қолдары, кейбір түрінде аяқтары зардап шегеді. Кейде екі қол және екі аяқ зақымданады. Сонымен қатар,  қозғалыстың бұзылуы  біржақты сипатта болады. Кейдегі  ауыр зақым кезінде сау болып көрінуі мүмкін, бірақ анықтап зерттеу барысында баланың саусақтарының қимылының жұқа сараланғаны анық емес екені анық көрінеді. Заттық тәжірибелік қимылында қиындықтар туындайды. Кейбір балалар жеткілікті көлемде қозғалыстар, қалыпты бұлшық ет  тонустарының бұзылуы байқалады, ол атауы апраксии (мақсатты  түрде практикалық іс – әрекеттері мен қозғалысты білмеу). Мұндай балалар киюге, шешінуге,  түймелерді салғанда, бәтеңкенің бауын байлағанда, кубиктерді құрастырғанда, таяқшалар дағдыларын әрең игереді, қиналады т. б.

Бірқатар жағдайларда тепе – теңдік  қозғалыс және үйлестіру қозғалыстар жетіспеушілігі байқалады. Аурудың бұл түрінде  жүрісі ұзақ уақыт тұрақсыз, балалар бұрылуға,  кедергілерден аттауы, еркін секіруге, жүгіруге қиналады. Барлық қозғалысы тұрақсыз,  доп лақтыру, тіпті қысқа қашықтық олар үнемі мақсатына жете алмайды.  Кейде жұқа мақсатты қозғалысы (сақина кигізеу, мозаиканы құрастыру, сурет салу, азық – түлік және т. б.)осы жұмыстарды орындау барысында қолы дірілдеп , орындауда қиналады. Бұл балаларда қимыл ырғағының бұзылу қозғалыстары жиі байқалады: олар берілген ырғақпен қарқынды  музыка сүйемелдеуімен жүруге қиналады ; қолмен – аяқтың жүріс барысында қиындықтар туындайды (қолдары денесіне  кернеулі қысылған  немесе екі жаққа кетіп созылған).

Аурудың кей түрлерінде барлық ықтиарлық қозғалыстың жұмысы бұзылған. Басты себебі зорлық, ықтиарсыз  қимыл – гиперкинез. Зорлық қимыл түрлі сипатта болуы мүмкін және  бастың, беттің, мойынның, дененің, аяқ – қолдардың, бұлшық еттерінің сіресуі.  Қобалжуда, өте шаршаған кезде немесе бір нақты әрекетті орындауында олар күрт күшейеді.

Қимыл – қозғалыс бұзылыстары көптеген балаларда әртүрлі нысандарда тіркесте болады. Церебралды салдануы бар балаларда қимыл – қозғалысының бұзылуына баланың басының орналасуына байланысты. Бұл балалардың рефлекстерінде тоникалық  патологиясы бар болуына байланысты. Қимылдың дұрыс емес түрі рефлекстерден айқын, жиі байқалады:

  1. Басы кеудесіне түскен, аяқ – қолы бүгілген. Бұл түрі отырып және тұруында, жүруінде сақталады. Барлық ережелерде бұл дене тұрысы дұрыс емес, ықтиарлық қозғалыстарының дамуына кедергі болады. Мектеп жасындағы балаларда оқу және еңбек ету  дағдылардын меңгеруде қиындық туғызады.
  2. Баланың басы оң жағына қарай бұрылған, оң қолы мен бір аяғы созылған, ал сол жағы — бүгілген немесе керісінше сол жағына басы бұрылған, сол жақ қолы мен бір аяғы созылған, ал оң жағы — бүгілген. Бұл дұрыс емес кейіпте бала беті қараған жаққа қолын бүге алмайды, демек сол жағындағы қолындағы затқа қарай алмайды. Бұл ықтиарлық қозғалысқа, өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларына, жазуға, танымдық қызметінің дамытуына кедергі келтіреді.
  3. Басы жоғарыға және артқа кеткен, аяқ – қолы сірескен және созылған. Мұндай кейіпте балалар отыруға, тік тұруға, затты еркін ұстауға және онымен жұмыс жасауға сондай-ақ өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларына, жазуға, еңбек етуге қиындық туындайды.

Сонымен қатар  жоғарыда айтылғандай балалардың бұзылысының  неғұрлым жеңіл түрде байқалуы мүмкін, қозғалыс ақаулары – әрекетінде жеткіліксіз көлемде, тепе – теңдіктің бұзылуы, үйлестіру, жекелеген ықтиярсыз қозғалысы, дәлдігі мен қарқыны қозғалыстар бір немесе бірнеше аяқ – қолдарда, жеткіліксіз болған жағдайда бөлек сараланған қозғалыстар қол саусақтарының және т. б. байқалады. Олар балаға заттық – практикалық қызметін игеруде кедергі туғызуы мүмкін.

Церебральді параличі бар мүгедек балаларда қозғалыс дәрежесіне қарамастан эмоцияналдық – ерік жігері, мінез – құлықы, ақыл – парасатында  бұзушылықтар кездеседі. Баланың жоғары қозғыштығы эмоцияналдық – ерікті жігерінің бұзылыстарына байланысты, баланы барлық сыртқы қозғыштарға және қорқыныштарға шектен тыс сезімталдығы байқалады. Кейбір  балаларда алаңдаушылық, мазасыздық, шаршағыштық  білінсе , басқаларда  керісінше — әлсіздік, енжарлық, белсенділіксіз және қозғалысының тежелуі байқалып тұрады. Интеллектуалдық дамуы жиі біркелкі емес тоқтап тұр: кейбіреулерінің психикалық функциялары жасына сай дамиды , басқаларында — едәуір артта қалып отыр.

Церебральді параличі бар балаларда сөйлеу тілінің  дамуы кеш шығуы  жиі байқалады. Бұл аурудың сипатынан және жанұяда теріс  тәрбиенің салдарына байланысты. Қарым – қатынас процесінде сөйлеу тілінің дамитыны белгілі. Церебральді параличі бар балаларда аса қажет сөйлеу қарым – қатынасымен және құрдастарымен байланыстың шектелуі  жиі орын алады. Сондай – ақ мектепке дейінгі баланың ата – аналары қимыл – қозғалысының дамуына ерекше көңіл бөледі. Ал кейде ата – аналар айналасындағы қарым – қатынасын қасақана шектейді, өйткені баланың аурып қалу қаупі бар және ата – ананың жалған ұяты.  Науқас баланың ата – анаға  шектен тыс қамқорлық көрсете отырып оның барлық қажеттілігін алдын – ала біліп, болжап орындауға тырысады, сондықтан баланың тіл қатуына жол бермейді.  Бұның бәрі сөйлеу тілінің дамуының артта қалуына себеп. Жүрумен және әрекет ете білуі баланың сөйлеу тілінің дамуында үлесі зор. Церебральді параличі бар балаларда кеш және дұрыс емес функцияларының дамуы көбіне сөйлеу тілін  дамуында артта қалушылық байқалады. Естудің бақылауымен сөйлеу тілінің қалыптасуы белгілі, ерте жастағы баланың естуінің шамалы төмендеуінің өзі баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына көп кедергі келтіреді. Церебральді параличі бар балалардың 10-15% есту қабілетінің бұзылуы байқалады, әсіресе гиперкинез науқастарға тән . Бұл сондай – ақ сөйлеу тілінің дамуына үлкен кедергі болып табылады. Дыбыс шығаруының бұзылуы  тілдің бұлшық еттерінің, еріннің  қимылының шектеулі болғандықтан, тыныс алуы және артикуляциялық мускулатурасының  (бет және тіл бұлшық еттері) зомбылық қимылдары  жиі бұзылады. Бұлар тыныс және дауыс пайда болуының бұзылыстарынан  күшейеді. Церебральды параличі бар балалардың  көбінде аузы жартылай ашық,  сілекейі көп  ағуы байқалады, шайнауында, кей кезде тістегенде, жұтынғанда, тостағаннан ішкенде және т. б. қиыналады. Сөйлеуінің дамуына аса кедергі келтіретіндері : тістің дұрыс емес жаруы, жоғарғы және төменгі жақтың құрылуының бұзылысы, қатты таңдайдың , тістің тістенуі . Церебральды параличі бар балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы жалпы қозғалуының бұзылысына байланысты. Аяқ – қолдың бұлшық ет тонусының қату кезінде тіл мен көмейдің қатуы болады (олардың білінген спастикалық күй байқалады). Аяқ – қолдағы гиперкенездің күшейген кезде беттің,  тілдің, бұлшық еттің, зорлық – зомбылық қимылдар пайда болады.

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

Балқаш ауданының «№7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дефектолог  Кулынбаева Асель Калиевна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *