Марат Әйгерім. Тұран

Тұран университеті — ғажайып мүмкіндіктер мекені
Тұран – Қазақстандағы ең бірінші жекеменшік университет. 2020 жылы Тұран үздік қызмет көрсетуші ұйым ретінде «Алтын сапа» сыйлығын алды. Университетте 5 факультет бар: гуманитарлық және заң, экономика, кино және телевидение академиясы, ағылшын тіліндегі STEM бағдарламалары және дайындау факультеті. Тұран — Еуропалық логистикалық қауымдастығына (ELA) қабылданған Қазақстандағы бірінші мекеме.
Тұран Қазақстанда бірінші болып студенттер мен қызметкерлерге әлемнің 54 елінің университеттерінде тегін Wi-Fi пайдалануға мүмкіндік беретін Eduroam жобасына қосылды.
«Тұран» білім беру корпорациясының құрамына: Алматы мен Астанада орналасқан екі университет пен екі колледж; төрт институт — Қазақстандық қоғамның жүйелік зерттеулер институты, Әлемдік нарық институты, Туризм ғылыми -зерттеу институты және Халықаралық көшбасшылық институты; сондай-ақ «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясы мен «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешені кіреді. Жоғары, орта кәсіптік және орта білім беру мекемелерінің, ғылыми орталықтардың және қоғамдық ұйымдардың мұндай үйлесімі әр түрлі саладағы мамандарды даярлау үшін білім мен дағдыларды жинақтаудың интеграцияланған жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Университетте лайықты білім алуға ұмтылатын әрбір студент үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Мәселен, Тұранда оқып екі университеттің білім дипломын алып шығыңыз. Бұл қалай? Қазақстан мен серіктес университеттер Тұрандық жастарға екінші дипломды қатар алып шығуға мүмкіндік жасады.
Бағдарламаға АҚШ, Германия, Венгрия, Польша, Ресей, Түркия және басқа елдердің университеттері қатысады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *