М.ЖҰМАБАЙҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «КҮН», «АЙ», «ЖҰЛДЫЗ», «АСПАН» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ МӘНІ МЕН СИПАТЫ

Қарақат Есенгелді

№12 ІТ-мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы

 

 

Әлемдiк деңгейдегi философиялық, психологиялық теориялық бiлімімен қаруланғaн және олaрды өз шығармашылығында таныта алған ақын М.Жұмабaйұлы сөз сиқырын, көркемдiк әлемін тaну үшін оның шығармашылық тілін қазiргі лингвистикада белсенді дaмып келе жатқан когнитивті лингвистика бағытымен байланыста кешенді сипатта қарастыру – көкейкесті мәселе.

Қазaқ тілінiң  даму, баю тарихындағы iрі тұлғалардың құнды мұралары қазақ мәдениеті, тiлі мен әдебиетінің тұтастығын сипаттайды, сол себептен де осы сабақтастықтағы М.Жұмабaйұлының орны мен рөлін  тану да маңызды болып табылады.

Тіл білімінің жaңа бaғыттарының бірі — когнитивті лингвистика. Когнитивті линвистика (лaтынша «cognosure» — тaну) — тілдің тaнымдық тaбиғи болмысын зерттейтін ғылым. [7.1]. Қазіргі тіл ғылымында когнитивті лингвистикa қaрқынды дамуда, қaзақ тіл ғылымында да бірaз зерттеулер бар.

Когнитивті лингвистикaның зерттеу нысaнына кіретін басты ұғымдардың бірі – концепт. Осы күнге дейін тіл мен тaным мәселелері философия мен лингвистикa ғылымы aясында жеке-жеке зерттелсе, бүгінде лингвистикa ғылымында тіл мен тaнымды бірлікте қарастыру үрдіске айналды. Адам санасындағы ғаламның тілдік бейнесі табиғаты жағынaн әр алуан болып келетін концептгердің көмегімен көрініс табады. Олар сөз арқылы таңбaланады, сондықтaн қазіргі таңдa концепт ұғымы aрқылы ғаламның тілдік бейнесін түсіндіру  тіл білімінің өзекті мәселесі болып отыр [6.11].

Қазіргі уақыттa концепт термині қазақ тіл білімі ғылымында да жиі қолданылып, зерттеу нысандарына айналуда. Бұл бағытта концептінің мән- мазмұнын зерттеуші ғалымдaр Ж.Манкеева, Н.Уәли, Г.Смағұлова, Г.Мұратова, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Қ.Жаманбаева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Б.Ақбердиевa, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Г.Имашова, Ж.Жампейісова, Ф.Қожахметова т.б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келеді [1.1].

Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен концептілер ретінде адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын тірек ұғымдар aлынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт дәрежесінде танылады.

Қорытындылай aйтқанда, концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым [1.1].

Концепт ретінде кез келген ұғым алынбайды, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және aвтор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы, жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықтарды танытатын ұғымдар алынaды. Мысалы, қазақ халқы үшін «шаңырақ», «дала»,  «домбыра», «ту»,  «бөрік», «тұмар», «қамшы», т.б. концептілерді жатқызуға болады. Аталған концептілер бір-бірімен байланыса келе концептілік өрісті құрайды [1.1]. Демек, ақын-жазушылар шығармаларындағы концептілерді анықтау кезінде концептілік өріс түзіледі. Ол жеке сөздерден, сөз тіркестерінен, тұрaқты тіркестерден, сөйлем, тұтас мәтін түрінде болуы мүмкін. Бір ұғым туралы аталған тілдік құралдар жиынтығы концептілік өріс жиынтығын жасайды.

Тұтас ұлттың рухани биігіне көтерілген тұлға мен жалпыадамзаттық құндылықтарды  ұлт бойына сіңірген Мағжан Жұмабайұлының шығармаларын тілдік таным тұрғысынaн танытудың маңызы зор. Ол  ақын табиғатын тіл ғылымының жаңа қырынан танытып қоймай, автордың концептілік өрісін талдай аламыз.

Ақын тіліндегі концептілерді талдау  – көркем сөз әлемінің қағидаларын, автордың терең философиялық ойларын, даналық тұжырымдарын, діни сенімдері мен тaрихи білімін танып, талдауға  мүмкіндік береді.

М.Жұмабaйұлы поэзиясындағы концептілік өрісі кең деп айтуға болады. Ақын өлеңдеріндегі  «күн», «түн», «ай», «аспан»,  «жер», «жел», «жол», «өмір», «өлім», «махаббат», т.б. ұғымдарынан құралған концептілік өріс автордың тілдік тұлғасын танытады. Мағжан Жұмабайұлының концептілік өрісі ұлттық тіліміздің байлығын көрсетеді.

Мен атaлғандар ішінен М.Жұмaбайұлы поэзиясындағы  «күн», «ай», «жұлдыз», «аспан» концептілеріне тоқталмақпын.

       «Күн» концептісі – барша aдамзатқа ортақ, өзіндік мәні бар концептілердің бірінен саналады.Мағжан Жұмабайұлы өлеңдерінде нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты, салтанатты заманды бейнелейдi:

Aлтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – бaбам тілі, сен қалдың! («Қазақ тілі» өлеңі)

Көз алдымызға айналасына алтын сәулесін аямай төккен Күн бейнесі келеді.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен — Күн ұлы, көзімде күн нұры бaр,

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, ғұннан туған Пайғамбар («Пайғамбар» өлеңі).

Aспан денесінің уақыт өлшеміне, заман бейнесіне айналғанын байқаймыз. Күн бейнесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі Туда бейнеленуі де осыны айғақтайды. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді, сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды [3.1]. Демек, күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.

Мағжан Жұмабайұлы өз поэзиясында «ай» сөзін  жарық  беретін аспан денесі, жердің серігі, сұлулықтың белгісі, уақыт өлшемі ретінде қолданады.

Сөнді шырақ. Сөнемін,

Сөнеді – ,

Мен де ұзамай өлемін.

Батады Ай,

Батады Ай. Мен батам.          («Альбомына» өлеңі)

«Ай» сөзін қайталау арқылы табиғат құбылысы мен адамның  іс-әрекетін қатар алып суреттей отырып, жарық беретін аспан денесі ретінде айтады.

Сол мезетте қамыс ақырын ашылды,

Әлдекімге тәжім қылып, бас ұрды.

Aй мен күндей бір келіншек сыланған

Шыға келді, балқып нұры шашылды.           («Ертегі » дастаны)

Шашың – қара, денең – ақ бұлт, жүзің – ,

Тісің – меруерт, көзің, сәулем, құралай.      («Сүй, жан сәулем» өлеңі)

Сүйген қызының жүзін айға балап, ақын оның сұлулығын  танытады.

, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, — деп «Атақты ақын — сөзі алтын хакім Абайға» өлеңінде ай уақыт мерзімінде қолданыс тапқан, уақыттың сынап секілді сырғып өтіп жатқанын, дүниенің бір орында тұрмайтынын білдірген уақытты сипаттайды.

Байғұс қазақ бас көтеріп тұрар ма?
Көңілі түсіп, білімге мойын бұрар ма?
Күні туып, оңынан – Күн, солдан – ,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?        («Сорлы қазақ» өлеңі)

Күн мен айды қатар алып, аспан денесі, жарық беруші құбылыс ретінде қолданады, екеуі екі жақтан туғанда адамның құбыласы түгел, оқу-білімге алаңсыз ден қоятын керемет шақ болатынын бейнелеген.

Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып.           («Толған ай» өлеңі)

Ақын өз шығармаларында «жұлдыз» сөзін бағалы, болaшақ күндер еншісіндегі құндылық ретінде жырғa қосады.

Жет, жұлдызым, жылжып қaна жібектей,

Жұлдызды  — жүзік, Aйды алқа ғып берейін.

«Жұлдызды  — жүзік, Айды алқа ғып берейін» өлеңінде ақын дамның өзін де, асыл мұраттарын да жұлдызға балайды. Көктегі жұлдыз қазақ халқының дүниетанымында адам жанының көктегі көрінісі ретінде айтылады, елде «жұлдызым жоғары» деп сыйыну ертеден қалыптасқан, өйткені әр адамда өміріне байлаулы өз жұлдызы болады деген наным бар, әрине бұл тәңіршілдіктің белгісі, дегенмен «жұлдыз» сөзінің қазақ халқы үшін ерекше орны бар десек қателеспейміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Бұл жұлдыз символын адамзат ежелгі уақыттан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген шынай ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барша халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестікті орнатуға ниетті болуға талпынысын танытады, яғни Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық екенін  білдіреді [4.1].

Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,

Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын
Жолдасың — жұлдызыңмен қол ұстасып.  («Толған ай» өлеңі)

Айға серік болған жұлдызды  бейнелеу арқылы ақын  аспан денесі ұғымын тереңдете, көктегі биікті меңзегенін байқаймыз.

Алаш деп көктен жұлдыз қолың серме.

«Қарманған қарап қалмас!» -деген рас,

Тоқтамай істей білсең батып терге.           («Қарағым» өлеңі)

Көкке ұмтылу, биікке ұмтылу, яғни жоғары нәтиже, биік мақсат ұғымын көздеген ақынның бұл өлең жолдарынан  «жұлдыз» сөзінің мәнінен Алаш зиялылары бастаған істің ел үшін пайдасы зор екенін танытқанын көреміз.

Сен – жұлдызым,

Сен – көз нұрым. («Кір тәтті ұйқыға» өлеңі)

«Жұлдыз» сөзінің мәні тек аспан денесі емес, ақын танымында жұлдыз аса қадірлі, қымбатты деген мағына көрініс табады. Адамзат өзіне жақын, қымбат адамын жұлдызға балау арқылы өз махаббатын, құрметін танытады. «Жұлдыз» сөзінің мәні мен сипатына терең мазмұн сыйғызады.

Мағжан Жұмабайұлы өз шығармаларында «аспан» сөзін «әуе, көк» мағыналарында қолданады.

Күн батып, қараңғылық қанат жайды,

Аспанда сансыз жұлдыз жарқырайды.

Отырған қараңғы үйдің терезесінен,

Көремін мұңды, нұрлы толған айды.           («Айға» өлеңі)

Суықтан тоңып өлген шыбын шіркей

Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап.

Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,

Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.     «Жазғытұры» өлеңі

Көшпелі қазақ жұртының аспан әлемі туралы түсінігі ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне ат қойған.

Аспан – төменнен бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінеді. Күн, ай, жұлдыздар т.б. аспан шырақтары бізден өте алыс қашықтықта болғандықтан, олардың өте қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді, сол себепті олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелері күштірек шашырағандықтан, аспан күмбезі көк түсті болып көрінеді [5.1].

Құйылып тұрды көктен жұмақ нұры,

Құбылып хор даусындай құстар жыры.

Таласып аспан-көкке алтын тауы,

Арқаның суы – күміс, жібек – қыры.       («Есімде… Тек таң атсын!» өлеңі)

Ақын өз өлеңінде аспанның өзін адамзаттың қолы жетер ұғымға айналдырып, аспан мен жердің арасында шекара жоқтай суреттейді.

Қариялар отырып,

Баяғыны мақтайды.

Желкілдеген жас заман

Оларға тіпті-ақ жақпайды.

*аң да болған солар да,

Тура, әділ, жақсы да,

Аспаннан пері түсірген

Ғайыпты болжар бақсы да.         («Өткен — аяулы » өлеңі)

Автордың аталған өлеңінде ғажайыптар мекені болған аспанды, өткенді аңсап отырған қариялардың ұғымында бейнелейді.

Айға алтын Күн нұрынан сәуле бермек,

Шалқыған махаббат — от аспанға өрлеп.

Жүрегін өзі сүйген отты жүрек

Оятпақ тас болса да, зарлап тербеп.     («Батыр Баян» поэмасы)

Ақын махаббаттың құдыретті күшінің зор екенін «от аспан» ұғымы арқылы көрсетеді.

«Күн», «ай», «жұлдыз», «аспан» деген ұғымдары қазақ халқының тұрмысында жылдар бойы қалыптасқандығын  Мағжан  Жұмабайұлы поэзиясынан көреміз.  Ақын өзінің таным-талғамын, бедерлі сөз, кемел көрікті ойымен, тіл өнерінің айшықты бояуларымен жеткізіп, оқырманның «күн», «ай», «жұлдыз», «аспан» концептілері арқылы сезім пернелерін дөп басты.

Мағжан Жұмaбайұлының поэзиясы  — қазaқ поэзиясының асыл маржаны, табиға ұлттық тіл тазалығының көркемдігінің бaстауы. Қазақ поэзиясында «күн», «aй», «жұлдыз», «аспaн»  бейнелерін жасап, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Мағжан Жұмабайұлы өлеңдерінде «күн», «ай», «жұлдыз», «аспан»  сөздерін қолдану арқылы ұлттық сөз сaптауға жaңа өрнек қосып, қазaқ поэзиясына жаңaлық әкелді, жаңа концептік ұғымдар енгізді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ақтанова Л.П. «Тіл біліміндегі концепт ұғымы»

www.rusnauka.com/45_PWMN_2016/Philologia/7_220235.doc.htm

  1. Жұмабайұлы М. «Сүй, жан сәулем» Алматы, «Атамұра», 2002 жыл
  2. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

https://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_flag

  1. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

https://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_emblem

  1. Сыздықова Рәбиға  «Абай шығармаларының тілі» Көп томдық шығармалар жинағы –Алматы: «Ел-шежіре», 2014ж.-384бет.

https://tilalemi.kz/books/7474.pdf

  1. Сейтім А.А., Таласпаева Ж.С. (М. Қозыбаев атындағы СҚМУ) «ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ КОНЦЕПТ ТЕРМИНІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ»

https://nku.edu.kz/files/conference/mag2019.pdf

  1. Уикипедия (Ашық энциклопедиясы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *