Кітапхана каталогтарының жүйесі
КІТАПХАНА КАТАЛОГТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Манасбаева Н., ғылыми жетекшісі – Наурызбаева Г А
Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен, Қазақстан
Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам немесе білім қоғамын құру ел дамуының стратегиялық ресурстары ретінде Қазақстан дамуындағы аса маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Осы пікірлер қоғам дамуында кітапхана саласына берілетін ерекше рөлді растай түседі. Кітап – адамзат руханиятының алтын сандығы. Әр ұлт өз тарихында жинақталған барлық тағылым-тәжірибесін, ақыл-ойының асыл қазынасын кітап арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Ал сол рухани байлықты шашау шығармай сақтайтын қазына қоймасы – кітапхананың ұлттық рухани өміріндегі мәнмаңызы өлшеусіз. Кітапхана каталогында адам танымына жақсы әсер ететін және оған нақты бір идеялық бағыт беретін баспа туындылары мен кітаптар көрініс алады. Сондықтан да, кітапханалардағы каталог қызметі тек бір баспа туындыларын іздестіру мен олар жөнінде хабарлама берумен шектелмейді. Кітапхана каталогтарының сонымен қатар, тәрбиелік, ағатушылық функцияларды орындау, кітаптарды насхаттап, оны тиімді пайдалану, оқырмандарға ғылыми және көркемдік жағынан бағалы туындыларды таңдауға көмектесу сияқты талаптарды жүзеге асыруда да айтарлықтай маңызды болып табылады. Кітапхана каталогтары – кітапхана саласында серпінді түрде дамып келе жатқан саланың бірі. Кітапхана ісінде жаңа технологияның дамуына байланысты каталогтау ісінде де елеулі даму жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы салаға байланысты 90 жылдардың өзінде оңға жуық мемлекеттік стандарттар бекітілді. Каталогтануда каталогтар сапасының мәселесі мен оларды тиімді пайдалану оқытыла бастады, басқа елдермен іс-тәжірибе алмасуға үлкен қадам жасалды
Каталогтар кітапхана қорын мейлінше әр алуан тұрғыдан ашып көрсетеді және анықтамалық, информациялық библиографиялық жұмыста кеңінен пайдаланылады. Каталогтар өзінің мақсатына сай (оқушыларға немесе қызметшілер үшін), қорды қамтуына байланысты (басты, орталық, жиынтық, қордың жекелеген бөлімдеріне), қордағы материалдардың топталуына сәйкес (алфавиттік, жүйелі, пәндік, нөмірлік), бейнеленген басылымдардың түрлеріне қарай (кітаптар, мерзімді басылымдар, карталар, ноталар, стандарттар және т. б.) түр – түрге бөлінеді. Әмбебап ғылыми кітапханалардың негізгі каталогтарының қатарына мыналар жатады: басты жүйелі каталогтар; қызмет бабына арналған алфавиттік басты каталогтар; оқырмандарға арналған алфавиттік каталогтар. Оның үстіне функционалдық және салалық бөлімдерде осы бөлімдер қорларының сипаты, мазмұны және құрылысы жағынан алуан түрлі каталогтар жасалады
Кітапханалық каталогтар кітап пен оқырман арасын жалғастырушы десек те болады. Бұл оқырманда кітапхананың бай қорымен таныстыратын жол сілтеуші. Кітапхана каталогтары бұл – кітапхана қорында бар құжаттардың тізімі, белгілі бір жүйеге негізделіп құрастырылған және әдебиеттерді тез таңдап алуға көмектеседі. Кітапхана каталогтары кітапханалар сияқты өте ерте кезден бастау алады. Ежелгі заман кітапханаларында кітаптардың, жинақтардың көптігіне байланысты өздерінде бекітілген ережеге байланысты каталогтарды пайдаланып отырған. Каталогтардың болғаны туралы бізге жеткен деректерге қарасақ ежелгі кітапханалардың қабырғаларында саздан жасалған жәшіктердегі каталогтік жазбаларды көруге болады. Ежелгі каталогтардың ішіндегі бізге жеткендері «Жәшіктер тізімі, теріден жасалған кітаптар » (Эдфу, Египет, б.з.д 18 ғ.) діни кітапханалардағы кітаптардың тізімін сақтаған, 34 атаулы жәшік болған және қабырғаға ойып жазылған. Ашшурбанипал кітапханасы (Ниневия, Иран жеріндегі орналасқан, б.э.д. 75ғ саздан жасалған көлемді каталогтар болған, қазіргі каталогтағы карточкалардың қызметін атқарған (олардың элементтерінің ішінде – құжаттың атауы туралы мәлімет, мәтіннің тілі, саны туралы мәлімет , «сақтау шифры» т.б Кең танылған кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасының каталогтары болды атақты ақын, ғалым сол кітапхананың кітапханашысы Каллимахтың 260-240 ж.ж. б.э.д «Каллимах кестесі» Александрия кітапханасының тұңғыш жинақ каталогының қызметін атқарды, жүз мыңға жуық әдебиеттердің тізімі жасалған яғни ежелгі библиографиялық жұмысты атқара отырып, қордағы кітаптарды сипаттап, олардың сақталу орнын, жинақтап көрсетті. Орта ғасырдағы каталогтар тіркеу түрінде қолданылды (кітап түрінде, кітапхана сөрелерінде шынжырлармен байлап қойылды). Жазбалар ашылған жаңалықтарға байланысты, немесе авторлардың белгісі бойынша орналастырылды. Қазіргі кезде кітапханалардың көпшілігінде карточкалы каталогтар қолданылып келеді Өте ыңғайлы, қарапайым және көптеген сұранысты қолдана беруге болады. Карточкалы каталогтардағы ақпаратты тасымалдаушы болып – библиографиялық жазбалардан тұратын каталогтық карточкалар болып табылады. (кітап туралы ақпарат). Каталогтық карточка ақпаратты қабылдауға жеңіл болғандықтан электронды түрге ауыстырылып жатыр. Кітапханашы сөредегі кітаптардан оқырманға керегін тауып бере алады., ал ол жерде жоқ болса ше? Демек бұл сұрақты басқаша шешу керек. Радио, теледидар, сияқты хабарлардың басқа да түрлері бар. Бірақ, бұл аталған ақпарат көздерінің көмегімен қорды кең түрде ашып көрсете алмаймыз. Бұл міндетті кітапхана каталогының көмегімен, әсіресе анықтама библиографиялық аппараттың негізгі бөлігінің арқасында ғана шешуге болады. Кітапхана каталогы ғылыми пән ретінде каталогтарды ұйымдастырудың тарихын, теориясын, әдістемесі мен практикасын зерттейтін кітапханатанудың құрамды бір бөлігі. Кітапхана каталогінің рөлін зерттеп, оны теориялық тұрғыдан негіздеу ісі алғаш рет ХҮІ ғасырда қолға алына бастады. Кітапхана ісі туралы ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жасалған толып жатқан басшылық материалдарында каталогке байланысты теориялық мәселелер ерекше орын алады. ХІХ ғасырда каталогтау бірнеше дербес бағыты бар ғылыми пәнге айналды. Отандық кітапханатану ісінде каталогтау саласындағы алғашқы ірі еңбек – көрнекті орыс кітапханатанушысы В.И.Соболыцковтың «Қоғамдық кітапханалардың құрылысы мен олардың каталогтерін құрастыру туралы» (1858 ж) деген еңбегі болды. Каталогтердің теориясы мен тарихын, оларды ұйымдастыру ісіндегі әдістемелік зерттеуге шетел кітапханатанушылары Ч.Э Кеттер, Д.Д. Браун, Ш.Р.Ранганатан үлкен үлес қосты. Кітапханатану ісінде каталогтің саясилығы туралы, оның әдебиеттерді насихаттаудағы және оқуға жетекшілік жасаудағы, оқырмандардың білімін көтерудегі маңызы туралы мәселелер тұңғыш рет көтеріліп, негізгі қағидалары жасалды, орталықтанған каталогтағы каталог пен картотека жүйесінің негізгі мәселелері жан-жақты зерттелді. Сөздіктер мен энциклопедияларда «каталог» ұғымына – бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың жинақталған кітап қорында бар баспа шығармаларының белгілі бір жоспар бойынша құрастырылған қор құрамы мен мазмұнын ашып көрсетуге, оқуға мақсатты басшылық жасауға, оқырмандардың кітапты іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі деген анықтама беріледі. Ұзақ уақыт бойы, қазір де кітапханашылар каталогты баспа шығармалары жөнінде оқырмандарға анықтама беретін құрал ретінде біледі. Мұндай түсінік жеткіліксіз әрі толық емес. Кітапхана каталогында адам танымына жақсы әсер ететін және оған нақты бір идеялық бағыт беретін баспа туындылары мен кітаптар көрініс алады. Сондықтан да, кітапханалардағы каталог қызметі тек бір баспа туындыларын іздестіру мен олар жөнінде хабарлама берумен шектелмейді. Кітапхана каталогтарының сонымен қатар, тәрбиелік, ағартушылық функцияларды орындау, кітаптарды насихаттап, оны тиімді пайдалану, оқырмандарға ғылыми және көркемдік жағынан бағалы туындыларды таңдауға көмектесу сияқты талаптарды жүзеге асыруда да айтарлықтай маңызды болып табылады. Сонымен кітапхана каталогтары дегеніміз – кітап қорын жария ететін, оны насихаттайтын, кітап таңдауда оқырмандарға көмектесетін кітапхананың ғылыми – ақпараттық, мәдениағарту, тәрбиелік міндеттеріне сай оқу салаларына басшылық беретін белгілі бір тәртіппен жүйеленген кітаптардың, баспа туындыларының, тізбегі болып табылады. Баспа туындылары каталогта осы туындыға библиографиялық сипаттама, оның мазмұнына сілтеме, кітапхананың қорындағы кітап ретіне нұсқау сияқты арнаулы ережеге сай қысқаша жазбалармен көрсетіледі. Кітапхана каталогтарын ұйымдастырудың тарихын, теориясы, әдістемесі және тәжірибесі туралы мәселелерді – кітапханатанудың құрамдас бөлімі болып табылатын ғылыми пән баспа туындыларын каталогтандыру зерттейді. Кітапханада каталогты ұйымдастыру оңай шаруа емес. Ол өз кезегінде, кітапханашыдан жоғары мәдениеттілікті, кітапты білуді, каталогтар жөнінде нақты білімді қажет етеді. Кітапхана ісінің барлық буыны каталогпен тікелей байланысты. Каталогтың көмегінсіз, оқырмандарға жақсы қызмет көрсету мүмкін емес. Оқырманның талабы бойынша қажетті кітапты және де өзге баспа туындыларын кітапханашы каталог бойынша тауып береді. Бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың жинақталған кітап қорында бар баспа шығармаларының белгілі бір жоспар бойынша құрастырылған қор құрамы мен мазмұнын ашып көрсетуге, оқуға мақсатты басшылық жасауға, оқырмандардың кітап іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі. Каталог кітапханашыға кітаптар бойынша кеңес беруге, оқуға басшылық жасауға көмектеседі. Белгілі бір кітапты талдау бойынша, библиографиялық шолулар бойынша конференциялар өткізгенде, кітапханаларда ұйымдастырылған көпшілік шараларда, кітап көрмесін ұйымдастырғанда, жаңа әдебиет үлгілерін құрастыруда, библиографиялық көрсеткіш әзірлеуде, сондай-ақ анықтама – библиографиялық және ақпараттық жұмыстарда каталогтардың мәні зор. Белгілі бір тақырып, мәселе бойынша қажетті әдебиеттер жөніндегі мәліметтерді өткізілмек шараларға қажетті кітаптарды да тек каталог бойынша табуға болады. Кітапханашы кітап қорын жинақтауда каталогқа сүйенеді. Каталогтар кітап қорын толық және жан-жақты ашып көрсететін болғандықтан, кітапханашы белгілі бір автордың туындыларының қаншалықты мөлшерде бар екендігін немесе белгілі бір тақырып бойынша қанша әдебиет бар екенін анықтайды. Жаңа әдебиеттер түскенде де, кітапханашы каталогтың өзге баспалар арқылы шыққан аталмыш туындының бар – жоғын анықтайды. Оқырмандар өз сұранымдарын қанағаттандыру үшін, кітапханашының көмегінсіз өзіне қажетті әдебиет туралы мәліметті де каталог өзіне қажетті әдебиет туралы мәліметті де каталог бойынша анықтай алады. Кітап қорын барынша терең және жан-жақты түрде тек каталог қана айқындап береді. Кітап сөрелерінде әдетте қордағы бүкіл кітап қойылмайды, сондай-ақ оқырманға қажетті әдебиеттің де үнемі орнында тұрмауы мүмкін және кітап сөрелерінде де кітаптар мазмұны әрқилы түрде жинақталуы мүмкін. Міне, осындай жағдайларда каталог мәні тағы айқындала түспек. Кітапхана каталогтары мен картотекалары ортақ мақсаттарына және көптеген жалпы сипаттарына орай, өзара тығыз байланысты. Ірі кітапханалардың каталогтары библиографиялық ақпараттардың аса бағалы қайнар көздері болып табылады. Кітапхана каталогтары ақпаратты іздеу жүйелерімен сәйкес. Кітапхана каталогтар ақпаратты іздеу жүйелері сияқты қор мазмұны туралы мәлімет береді, айырмашылығы олардың құрылым әдістерінде болып табылады. Қазіргі кітапханалардағы баспа туындылары тақырыбы жағынан да түрі жағынан да сан алуан болып келеді. Сондай-ақ оқырмандардың талап-тілегі де арта түсуде. Оқырмандардың сан алуан талап-тілектерді орындау үшін каталогтардың мазмұны да сан алуан болуы қажет. Каталог – кітапхананың негізгі анықтама және ақпараттық – іздестіру аппараты. Каталог – кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітаптарды тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әр қилылығы каталогтаудың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Кітапхананың әрбір типі үшін каталогтың қажетті минимумы белгіленген. Каталогтар өзінің мақсатына сай (оқушыларға немесе қызметшілер үшін), қорды қамтуына байланысты (басты, орталық, жиынтық, қордың жекелеген бөлімдеріне), қордағы материалдардың топталуына сәйкес (алфавиттік, жүйелі, пәндік, нөмірлік), бейнеленген басылымдардың түрлеріне қарай (кітаптар, мерзімді басылымдар, карталар, ноталар, стандарттар және т.б.) түр – түрге бөлінеді Кітапхана қорының толықтығына қарай, бас каталог, орталық каталог, жинақ каталог және жеке қорлар каталогы жасалады. Кімге арналғанына қарай олар: оқырмандар каталогы және қызмет бабы каталогы болып бөлінеді. Материалдардың топтастырылу әдістеріне қарай алфавиттік, жүйелік, пәндік болып бөлінеді. Кітапханаларда каталогтың ең көп тараған формалары – карточкалы каталог, блок – карточкалы каталог, суретті каталог, альбомды каталог, баспа каталог, электронды каталог. Каталог – жүйесі кітапхананың алдында тұрған мақсаттарға сәйкес оның кітап қорын толық және жан-жақты ашып көрсететін, жоспарлы түрде ұйымдастырылған, бір-бірімен өзара байланысты, үйлесіп жататын жүйе. Сонымен қатар каталогтар жүйесі кітапханалардың анықтама – библиографиялық аппаратының негізгі бөлігі болып табылады. Кітапхана каталогтары қорда сақталған барлық құжаттарды ашып көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Раймбекова М Т Кітапхана каталогтары. Оқу құралы.-Алматы, Қазақ университеті, 2018-210б
- Усенбаева Ш.М. Кітапхана каталогтары: Оқу құралы. – Алматы: «Қыздар университеті» , 2014.-164 б.
- Асанова Б С., Раймбекова М Т Кітапхана ісі мамандығының терминдері. Оқу әдістемелік құралы.-Алматы.: Қазақ университеті, 2018