Әл-Фараби атындағы ҚазҰУде алғашқы І-Жарықбаев оқулары өтті.

Бүгін,  яғни 2022 жылдың 17 қарашасында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» (I Жарықбаев оқулары) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев (1927-2021) – қазақтың көрнекті психологы және педагогы, психология мен педагогика ғылымдарының докторы. Барлық саналы ғұмырын ғылымға арнап, 1000-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, қазақ ғалымдарының, психология және педагогика саласындағы бірнеше буын мамандарын тәрбиелеген ғалым. Көрнекті ғалымның білім және ғылым саласына жасаған еңбектері түрлі деңгейдегі мемлекеттік марапаттарға: Әбу Насыр Әл-Фараби күміс медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері т.б. ие болды.
Тарихи тұлғаның 95 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шетелдік және отандық әріптестері, шәкірттері, көз көргендері мен Психология мамандығының студенттері белсене қатысты.

Болтаева Алия Масакбаевна

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *