“Наурыз мейрамы”

Мақсаты:Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.

Мерекелік көңіл күй,естесақтау қабілетін дамыту.Ұлттық салт-

Дәстүрлерді білуге,оларды мақтан тұтып қадірлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар мен қонақтар қош келдіңіздер!Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді.Той құтты болсын!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбенен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!-дей келе «Ақбота»тобының дайындаған

«Нүр себеле,Ұлыстың ұлы куні» атты ертеңгілігін тамашалауға қош

келдіңіздер!Наурыз тойына жиналған халайық!Ойын-тойымызды

жалғастырайық,той-тойға ұлассын.Бүгінгі күн салт-дәстүрімізді жаң-

ғыртып,көсегеміз көгерген күн.

Бүгін Құрмаш атай мен Шырын әжейдің үйінде қуаныш, бесікке салу

Тойы болып жатыр.Үй сыртынан абыр-дүбір естіледі,қонақтар келе жатыр-

-ау деймін.Ендеше барлығымыз бірге қонақтарымызды қарсы алайық.

Шырын әжей біздің балалар әжелеріне еріп,сіздерге қонаққа келіп қалды,

біздің балалардың тойға ән шашулары ,өнерлері өте көп,бірге тамашалаңыздар.

Тақпақ айтып жыл басы,

Құлағыңды сал,тыңдашы.

Бар бөбекке өзіңдей,

Бейбіт өмір сыйлашы.-дей келе балаларымыздың

Ұлыстың ұлы куніне арналған тақпақтарын тыңдайық.Ортаға Айдын,Ахмет,

Раяна,Нурикамал.

 

    Айдын                                                                                Ахмет                   

Наурыз бұл мереке                                                      Уа ағайын халайық

Құтты болсын береке                                                    Мұнда назар салайық

Қыдыр ата келсін                                                           Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық.

Жақсы тілек әкелсін.

 

Раяна                                                                                            Нурикамал

Құтты болсын Наурыз                                                        Наурыз келді еліме

Құтты болсын жыл басы.                                                  Наурыз келді жеріме

 

 

Жургізуші:              Наурыз тойын тойлайық

Құтты болсын халайық.

Ұлыстың ұлы куні,

Шырқап әнге салайық!

 

Ән «Наурыз-Наурыз»-әнін тамашалайық.

Ендігі кезекті балаларымыздың Наурыз мерекесіне арналған тақпақ-

тарына берейік.

Ортаға Марлен ,Адай,Арайлым,Жасмин.

Жылдың басы Наурыз,                                          Құрт бауырсак шашылсын

Жырдың басы Наурыз                                           Наурыз тойы ашылсын.

Мерекегеарналсын

Бүгінгі жыр әніміз.

 

 

Наурыз тойым,Наурыз тойым,                             Наурыз,Наурыз

Құтты болсын халайық.                                            Тәтті көже бересің.

Қане достар,қане достар,

Шырқап әнге салайық.

 

Жүргізуші:                         Қазақтың өнерлі ұрпағымыз,

Мың бұралып билейді қыздарымыз.

Қошеметпен қол соғып бишілерді,

Ортамызға қарсы аламыз ,-деп ендігі кезекте

Қыздарымыздың «Домбыра»биін тамашалайық.

 

Жүргізуші Жақсы ,өте керемет,жарайсыңдар.

Ендігі кезекті балаларымыздың «Наурыз»мерекесіне арналған тақпақтарына берейік.

Ортаға   Бексултан.Нұрсезім.Нұртөре.Расул.

 

Кү мен түн теңелді,                                          Наурыз той елдің тойы,

Жер шуаққа бөленді,                                       Ән айтатын күн бугін

Соны тойлар ел енді.                                          Жақсы көрем Наурыз тойын.

 

Құтты болсын Наурыз,                                       Ән айтайық бәримиз,

Малға толсын тауымыз.                                     Қол соғайық бәріміз.

Жүргізуші: Наурыз тойында ұлттық ойындарда ойналады.Олай болса «Арқан тарту» ойынын ойнап, бой сергітіп алайық.

 

Жүргізуші:

Халқымың әдет-салтына,

Ойлана қарап түйін түй.

Шаттыға сыйлап жалпыға,

Жалғаса берсін ән-күй, би-дей

Келе ер балдарымыздың «Шабаноздар» биін тамашалайық.

 

Жүргізуші:Көктем мезгілінде жер қарайып,күн жылынады,мал төлдейді.

Жайлаудағы ата-әжелеріңе барғанда алдарыңнан шығатын қошақандарды

сағынған боларсыңдар.Ендеше,Нұрила қызымыздың орындауында

«Қошақаным»әнін тамашалайық.

Жүргізуші  Жақсы,ендігі кезекті тағыда балаларымыздың тақпақтарына

берейік.  Ортаға Дарын.Фарида.Рамазан.

 

Наурыз деген жаңа жыл,                                   Наурыз келді алақай,

Наурыз деген жаңа нұр.                                     Кел билейік балақай.

Наурыз көже піседі,                                             Бізде қарап тұрмайық,

Барлық бала ішеді.                                               Тойға шашу шашайық.

 

Құстар ұшып келеді,

Наурыз келді, алақай.

 

Әже: Әй,замандастар-ау,балалардың өнеріне таң тамаша болып отырып,

немеремді бесікке салуды ұмытып кетіппінғой.

Бесікке салу рәсімі.

Жүргізуші;

Кең даламның ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздіңде,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ендеше,кезекті салт дәстүріміздің бірі «бесікке салу» рәсімін жалғастырайық.

Жүргізуші:

 

Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата салттан ешкім алыс кетпеген.

Мың пәледен құтқарады бір пәле,

Адам болмас бата естіп өспеген.-дегендей

Атамыздан бата сұрайық.Ата бата береді.

 

Жүргізуші:

Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Азамат болып еліне бүлдіршіндер,

Тұғырына биіктен қона берсін.

Міне,балалар күлімдеген көктеммен бірге қазақ даласына тағы бір жаңа жыл келді.Біз осылайша халқымыздың салт-дәстүрін ұлттық ойындармен бірге Наурыз тойын тойладық. Әрқашан ата – бабамыздың жолын әрі қарай жалғастыра берейік.Осымен «Ақбота» тобының дайындаған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» – атты ертеңгілігін аяқтаймыз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *