1 Наурыз- алғыс айту күні

П.Т. Абдирова
Тақырыбы: 1 Наурыз — алғыс айту күні.
Мақсаты:
Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыу; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Міндеттері:
-ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін ,сыпайылық
қарым-қатынасын дамыту;
-әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу

Көктем,көктем,көктемде
Құстаркеліпжеткенде
Бізқуаныпқаламыз
Құстаркеліпжеткенде
Әнменқарсыаламыз
Көктем, көктем, көктемде
Күнкүркірепөткенде
Нұр-жаңбырдытосамыз,
Оны да әнгеқосамыз,
— Қайырлыкүнқымбатты балалар!«1 наурыз – Алғыс айту күні» атты ризашылықкүнінеарналған оқу қызметімізді шаттық шеңберінен бастайық!

Шаттық шеңбері:
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Балалар тізбектеліп, бір — бірлеріне жүрекшені беріп тілек білдіріп шығады.

Адамдар бір-біріне ризашылықтарын, алғыстарын білдіріп тұру керек. Балалар, осы сөздерге назар аударыңдаршы. Алғыс айту – бір адамның екінші адамға деген ықыласы, оны мойындау сезімі, жақсылығы үшін білдіретін ниеті.
Әңгімелесу
— Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер?
— Оларды неліктен жақсы көресіңдер?
— Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді? Қалай жақсы көреді?
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
— Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
— Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
— Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық
-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін…
Ризашылық — адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Балалар, осы айтылған жақсы сөздерді әрқашанда жадымызда сақтап жүрейік.Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Видео ролик. «Мың алғыс!».

Ананың әңгімесі.
Бірде анам екеуіміз сырласып отырғанда «Сендей өнегелі, ақылды, тәрбиелі қызым өсіп келе жатқаны мен үшін зор бақыт», – деп айтқан еді. Сол сөзді естігенімде қанаттанып, алға қарай ұмтылдым. Анамның айтқан әр сөзі санамда сайрап, рухтандырып, қанат бітіріп, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырып, алдағы болашағымды айқындауға көмектеседі. Ол кісіге деген ризалығымды айтып жеткізу мүмкін емес. Әрине жүректен шыққан сезімді сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек емес пе?! Сондықтан мен аянбай еңбектенемін. Рахмет сізге, анашым! Маған берген тәлім-тәрбиеңіз бен аналық махаббатыңызға шексіз ризамын! Сөз соңында айтарым, «АНА» сөзінен аспайық, оны әрқашан қадір тұтып, сыйлайық!

 

Сергіту сәті

Дәйексөз
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»
Балаларға «Алғыспен ел көгерер» деген халық мақалын бүгінгі оқу іс — әрекеттің дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Үлкендердің айтқан тілін алу, сыйластыққа әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады, ризашылығын білдіреді.»Алғыспенен ел көгерер»деген сөз осыдан шыққан.

Қорытындылау
Келсе ата-анамыз
Кездесті ылғи сізбенен
Деп білеміз панамыз
Қажетті бізге іздеген
Балабақша сәнді, кең
Болды ыңғайлы жай нағыз
Бәрі үшін алдымен
Балабақша қызметкерлеріне
Мың алғыс айтамыз.

— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.Осымен 1 наурыз- Алғыс күніне арналған оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар, көріскенше күн жақсы болсын!.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.