Ұбт сәттілік

ҰБТ өмірдің соңы емес!

Жастарымыз мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсу үшін ҰБТ тестін тапсырады. Жастардың жоғарғы оқу орнына түсуі еліміз үшін үлкен стратегиялық маңызы бар мәселе екені мәлім. ҰБТ дамыған шет елдерінің білім салаларының тәжірибесінен іріктеліп, зертттеліп алынған. Білім дүниедегі ең киелі зат. Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі. Білімді адам — ең бай адам. Жас түлек, ҰБТ қамшының сабындай қысқа ғұмырда өмірдің тоқтауына себеп болатын сынақ емес. ҰБТ- үлкен өмірге жасалынатын қадам. Жыл сайын ҰБТ-ны 90000 мыңнан астам оқушы тапсырады, соның ішінен 40-50 мыңы грантқа түседі. Грантқа түспеген оқушылардың өмірі тоқтап қалды деп ойлайсыз ба? Әрине жоқ. Олар ары қарай өмір сүре береді. Кейін оқу барысында грантқа түсуге әрекет жасайды. Егер де, ақылы негізінде оқығың келмесе бір жыл күтіп тағы тапсырып көруге мүмкіндік бар. Немесе шет елдегі оқуларға да тапсырсаң болады. Егер сіз 100-130 балл жинай алмасаңыз, кінәлі емессіз ғой. Мүмкін сізге қайырлысы осы болып тұрған шығар. Өзіңізге керекті баллды жинай алмасаңыз да, сіз басқа адамдардан әлдеқайда бақыттысыз. Өмір ҰБТ-мен бітіп қалмайды. Барлық жағдайға дайын болғаныңыз жөн.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.