Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – армандар жүзеге асады!

      Қазақ елінің білімі мен ғылымының негізгі қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биыл сексен  жылдық мерейтойын атап өтсе, осы білім ордасының жас қанаты – шығыстану факультетінің ашылғанына отыз үш жыл толып отыр.

    Шығыстану факультеті Қазақстан Республикасы көлемінде  «шығыстанушы» мамандығы бойынша кадрлар дайындайтын бірден-бір базалық факультет болғандықтан, мұнда оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстары қазіргі заман талабына сай жүргізілуде. Бұл ретте шығыстану факультетінің орны ерекше. Ал шығыспен қарым-қатынаста менің ойымша, әсіресе, Қазақстан мен Қытай арасындағы, екі ел мәдениеті, тарихты біріктіруші алтын көпірдің рөлін берген сияқты. Қытай кафедрасын  қазіргі уақытта Қазақстанның басқа шығыс елдерімен қарым-қатынасының, олардың тарихы мен экономикасын және мәдениеттің, сонымен қатар қазақ халқының өз тарихын зерттеу үшін шығыстанушы мамандарға деген қажеттілігін, жоғары сапалы кадрлармен қаматамасыз етіп отырған негізгі оқу ордасы.

    Оқу-тәрбие  үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысы үздік саналатын, жоғары деңгейде білім көрсете білетін кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Қазақстан шығыстануының басты орталығы. Егер де қытайтанушы кім деген сұрақ туындаса,онда біздің қытайтану мамандығы бойынша білім алып жатқан әр студент былай жауап берер еді: «Қытайтанушы – бұл маман. Кем дегенде шығыстың бір тілін, бірнеше батыс тілдерін, ауызша және жазбаша аударманың дағдыларын игерген. Оқитын аймақтың дінін, құқығын, әдебиетін, дәстүрлі мәдениетін толық және жан-жақты меңгерген бәсекеге қабілетті маман иесі» – деп.

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, қытайтану кафедрасы Қытайдағы шетелдік әріптестерімен кең көлемде байланыс жасайды. Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігімен, Алматы қаласындағы ҚХР бас консулымен және  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан құрылған Конфуций институтымен, ҚР-дағы ҚХР-ның банкімен өте тығыз байланыста. Кафедраның барлық оқытушылары Қытайдың Пекин, Ланчжоу, Хиань, Ухань, Хайнань, Тяньцзин, Аньхоу және тағы басқа ірі қалаларында тілдік тәжірибеден және академиялық дайындықтардан өткен. Өзім осы мамандық бойынша білім алып жатқан  студенттердің бірі болғаныма мақтанамын. Бұл бағыт жоғары оқу орнының білім сапасын арттырып, білікті мамандар даяарлауға, ғылыми зерттеулер, университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелесуге қабілетті болу тұрғысынан университеттің стратегиялық даму деңгейінің аталмыш оқу орнының атауымен дәлме-дәл сәйкес келуі деп айта аламын.  Қытайтану кафедрасын бітірушілер қазіргі таңда еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сыртқы істер министрлігінде, түрлі мемлекеттік қызметтерде, шетелдік компанияларда табысты қызметтер атқаруда.

     Міне, дәл осындай себептермен талай түлектің арманына айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі Шығыстану факультеті көптеген жас қытайтанушы мамандарды даярлап, болашақта ұлттық университеттен түлек ұшырып, осындағы ұстаздары мен шет елде  алған білімдерін тәуелсіз еліміздің дамып, өркендеуіне  жұмсап, Қазақстанымның болашағына өз үлестерін  қосатынына кәміл сенемін.

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

1 курс магистранты Кұсманова Аяулым

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *