Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — толық адам қалыптастырушы орта

Менің жоғары білімімнің негізі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих  факультетінде қаланды. Бұл таңдауым менің өмір жолымның қай арнаға бұрыларын анық сипаттап берді. Жаңа орта, жаңа адамдармен таныстым. Өз-өзімді қалыптастыру жолына аяқ бастым. Меніңше, осы кезден бастап тұлға болуға, толық адам болуға тырыса бастадым.

Қазақстың бас ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің қара сөздерінде «толық» адамның нақыт сипаттамасын берген. Бұл ойлау деңгейімен бағаланып, түсіну ерекшеліктерімен өзгешеленген. Осы тұрғыда «тұлға болу» ұғымын да естен шығармаған абзал. Яғни, тұлға болу үшін толық адамның қасиеттерін меңгеру керек. Халқымыздың «бос кеуде» ұғымы да осы тақырыппен тікелей байланысты.  Ел болашғы жастардың қолында деген сөзді естіп жүргенімізге көп болғаны сонша, жаттанды тіркеске айналып кетті. Мен де осы сөзді өзіндік бағдарыма айналдырдым. Салғырт қарауға болмайтын болашақтың иесі екенімді түсіндім.

Толық адам болудың жолын Абай былай сипайттайды:

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.


Ақыл, қайрат, жүрек бұл үштік біздің тірегіміз десе де болады. Ал оның мықты болуы үшін не істеу керек? Тарих беттерінде есімі қалған ойшылдар мен даналар жетерлік. Оларды асқалардан өзгеше еткен – ақылы. Ал ақыл дегеніміз не? Ақыл – адамның зейінділігімен өлшенетін интелектінің деңгейі десем келісесіз бе? Қазақ халқы ақыл-ой туралы біршама деректер мен дәйектер келтірген. Сондықтан бұл тіркестің мағынасын ашып айтпасақ та, түсінікті екені анық.

«Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» демекші, адам баласы ес білгеннен оқуға, ілімге аяқ басады. Ал оны әрі қарай жалғастырып, өзіндік орныңды табу әркімнің өз шешімі. Мен ұлт болашағы «білімді» жастардың қолында деген тіркесті жөн көремін. Иә, білім біздің жарық күніміз, сенімді болашағымыз, жарқын келешегіміз. Ал білім сапасын көтеру мемлекет үшін ең маңызды мәселелердің бірі.

Қасіретті қаңтар оқиғасына байланысты мәжіліс отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевта бұл мәселенің маңызын атап өтті. 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу жүктелді. Бұл еліміздегі білім сапасын көтеріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті мамандар тәрбиелеу үшін жасалған нық қадамдардың бірі болмақ.

Жоғарғы оқу орнының өмірімізде алар орны мен тигізер әсері біршама ауқымды. Өйткені алтын ұясынан түлеп ұшқан түлектердің үлкен өмірге аяқ басарда жасаған алғашқы қадамдары осы. Бұл таңдау алдағы өміріне тікелей әсер етеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тәмсіл де тегін емес.

Сапалы білім бүгінгі күннің ең қажетті шикізаты. Ал одан игерілетін өнім «кәсіби маман» — нарықта үлкен сұранысқа ие. Бастысы білімді адамның деңгейі тек мөр басылған қағазбен өлшенбейтінін ұмытпау керек. Білімді адам мәдениетіліктің тұтқасына ие. Ол ел үшін аянбай еңбек етіп, өмір сүру сапасын арттырға үлес қосуы керек.

«Қазір той бойлайтын заман емес» деп үндеу жасаған президентіміздің де негізігі мақсаты білімге сенген заманда көш соңында қалмауымыз ғана. Абайдай алыптың дамуына үлес қосқан ұлт аналары – Зере мен Ұлжанның еңбегін ескеретін болсақ, білімде жыныс пен гендік ерекшелік жоқ екенін анық ұғамыз. Сондықтан барша отандастарымызды, жас ұрпақты білімді көкжиегін кеңейтуге шақырамын. «Мен жастарға сенемін» деп ұрандаған ата-бабаларымыздың армандаған күні  біздің бүгініміз екенін естен шығармай, ел болашағы үшін еңбек етейік! Ал бұл ретте білім ордасының сапасын лауазымын, деңгейін толық сүзгіден өткізіп таңдаған жөн. Бұл орайда мен өз таңдауыма еш өкінбеймін. Себебі, ҚазҰУ — саналы таңдау, толық адам қалыптастырушы орта.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.