ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДАҒЫ ҚАЗҰУ-НІҢ ЖОСПАРЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев мырза Сәуір айының жиырма тоғызы күні Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында -профессорлар құрамы және қызметкерлермен кездесу ұйымдастырды, кездесу барысында Ректор ҚазҰУ қалашығын қайта жаңғырту жоспарымен таныстырып, алдағы жылдарда жаңа үлгідегі заманауи жатақханалар мен жаңа ғимараттардың бой көтеруіне белсене кірісетінін айтты. Сонымен қатар Жансейіт Түймебаев университеттің физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген оқу ғимараттары да дизайны мен мазмұны бойынша заманауи талаптарға сай емес екенін алға тартты. Инженерлік желілер мен коммуникацияның тозығы жеткен. Сол себептен оқу ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажет екенін, Сондай-ақ университет аумағында қолданылмай бос тұрған учаскілерді тиымды пайдалану керектігін алға тартты. Сонымен қатар ұжымның, студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап берді. https://www.kaznu.kz/kz

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.