Жұмыссыздың күні қараң…

Елде екі қолға бір күрек таппай жүрген жастардың саны артуда. Бұл мемлекеттің жұмыссыздықпен күрес бағытындағы амалдарының нәтижесіз болғаны ма? Әлде жастардың жігерсіздігі ме? Ал кейін бұның  салдары неге әкеліп соқпақ? Осы сипаттағы сұрақ көп. Проблеманың себеп-салдары да жетерлік.

Жұмыссыздықтың бірден бір себебі – мамандықтың дұрыс тандалмауынан. Бүгінгі таңда ата-анасының ықпалымен, арман қуып емес, грант қуған жастардың саны көп. Біреулері, тіпті жалқаулықты сенімді серігіне айналдырса, енді біреулерінің өз мамандығы бойынша жұмыс жасауға құлқы жоқ. Ал жастардың тағы бір легі сәнге айналған мамандықтарды таңдауда.

Бұл тек жастардың кінәсі емес. Оқу орнын енді бітірген түлектерді есіктерін айқара ашып, қабылдағылары келмейтін мекемелердің де қателігі болар. Жұмыс іздеп барсаң, барлығының сұрауы бір.  Сондағы басты талап – бірнеше жылдық тәжірибенің болуы. Ал енді ғана оқуын тәмамдап, дипломын қолға алған  жас маманда қайдан тәжірибе болуы мүмкін?! Осының салдары жұмыссыз қалған жастардың жігерін жаншитынын да мойындау керек. Психолог, Айдана Бидахметова: «қазіргі таңда жастар қалаған жерінде жұмыс істей алмайды. Сол себепті  жұмыссыздар қатары көбейді.  Мектеп кезінде мамандық таңдауға жіті мән бермеген. Кей ата-ана баланы өз қалаулары бойынша оқуға түсіргісі келеді, яғни ойымен санасып, ақылдаспайды. Салдарынан бала өзінің емес, ата-анасының таңдауын жасауға мәжбүрлі. Бастысы – грант, қалғанына бас қатырып жатқандары шамалы. Қазіргі таңда мұғалім, инженер, архитектор, дәрігер, IT сала мамандары сұранысқа ие. Сондай пайдалы жаққа баланың бейімделуі үшін мектеп кезінен мұғалім де, ата-ана да, оқушы да талмай жұмыс істеуі керек. Адам өмірде мамандық таңдаудан қателеспегені жөн»,- дейді.

Иә, жоғарыда айтқандай, жұмыссыздықтың себебі көп. Салдарының да жақсы болмасы анық. Енді олқылықтың орнын толтыру үшін бала тәрбиесіне мән берген маңызды. Яғни, бала бойындағы потенциалды ашып, болашақта өз аяғынан тік тұратын азамат қалыптастыру ата-ана мен мектептің еншісінде. Ал бұл жағдайды дер кезінде қолға алмаса, жұмыссыз жастардың саны жыл санап емес, күн санап өсуі мүмкін. Ал жұмыссыздық деңгейінің күрт артуы, ғаламдық мәселеге айналмасына кім кепіл?!

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *