Қазақ ғұмырнамалық роман жанры
Жанатаев Данат Жанатайұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент
Сейітбек Әйгерім Болатбекқызы ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты
Әдеби – көркемдік бастауы тым тереңде болған ұлттық ғұмырнамалық шығармалар уақытпен, дәуірмен бірге алға жылжып, дамып келеді. Жалпы атауы ғұмырнамалық деп алынған туындылар іштей көркемділік – мазмұндық үйлесімі
мен формалық баяндауына, жүйелеуіне қарай бірнеше түрге бөліп қауға да болар еді. Мәселен, Ұлы адамдар, ғалымдар, қайраткерлер, жазушылар ғұмырын негіз еткен шығармаларды тек мемуар жанрына жатқыза салу әсте ұтымды емес.
Қазақтың ұлттық тарихы мен әдебиетінен өз орнын алған әл-Фараби,А.Құнанбаев, М.Өтемісұлы, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, т.б. даңқты жандардың өмір тарихынан жазылған дүниелердің негізгі концепциясы жарқын ғұмырдың жаратылысын ашу болғанмен авторлық танымға да мол мүмкіндік беріледі.
Бейнелеу ерекшелігіне қарай бұл шығармаларға негізгі фабула өмірлік жол болса да, барлығын ғұмырнамалық жанрға жатқызуға әсте келе бермейді. Бұларды
тарихи тұлға өмірінен жазылған көркем туындылар деп қараған жөн. Қазақ ғұмырнамалық шығармаларының кемеліне келгеніне қарамастан, жанрлық
жағынан әлі де ара жігін ажырататын мәселелер аз емес.
Ғұмырнамалық – көркем проза кейіпкердің өмірнамасын бейнелеумен ерекшеленеді. Бұрынғы кеңестік және қазіргі ұлттық әдебиеттегі эстетикалық
талдау осыны дәлелдейді.
Бүгінгі қазақ мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып,
күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш
бойынан биография мен естелік элементтерінің ұшқындарын табамыз. Бұл бүгінгі мемуаристикамыздың, оның ішінде ғұмырнамалық форманың ұлттық саласы сонау көнеден екенін еске алғызады. Алғашқы мемуар ұшқындарының
туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан
емес сияқты. Тоныкөктің «Түрік білгіш қағанының еліне осы ескерткішті бағыштаған, Мен» – деуінде халыққа тәрбиесін мирас етпегі де, үлгі етіп ұрандауы да жоқ еместей. Мүмкін мұндай ескерткіш қалдыру сол кездің дәстүрі үшін аса маңызды болған тәрізді. Орхон-Енисей жазбалары сияқты ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді.
Мемуарға енер материалдардан тек естелік қасиет қана байқалуы тиіс деп ойлау бір жақтылық болар еді. Олай болатыны – адам өмірінің ескерткішінен
табылар жазбалардың көбінің мемуар – ескерткіштенуі жиі ұшырайды.