ТЕАТР – ӨМІРДІҢ БОЯМАСЫЗ КЕЛБЕТІ

             ТЕАТР – ӨМІРДІҢ БОЯМАСЫЗ КЕЛБЕТІ

 

Театр қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын бірден бір жол екені сөзсіз. Әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни, өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым-қатынастарды тірілтеді. Әрбір іс-қимыл, ашу-ыза, сезім дірілі, шаттық-күлкі, қуаныш пен қайғы тікелей көрерменге әсер етіп, түрлі күйге түсіреді. Театр өнері көрерменнің өмірге, коғам тыныс-тіршілігіне деген өзгеше көзқарасын қалыптастырады.

Театр – дем алатын орын емес екендігін ескеру керек. Алдымен ол -мәдени орта қалыптастыратын орын.  Өнерсүйер қауым театрға рухани баю үшін келеді.   Жан-дүниесін күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын арашалап, құлан таза рухани түрде тазару үшін келеді.  Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Ол, яғни, театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта – ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық – тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір – тұрмысыәдет – ғұрпы, әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасайды. Театр – қазіргі күні дүниежүзілік кеңістікте  кеңінен қанат жайып, өркендеп – өсіп келе жатқан синтездік өнер. Театр әлемі ұғымының бойында халықтың мұңы, қоғамның әлсіз тұстарының мәселелері ешқашанда ұмыт қалып көрмеген. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір – тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және  мәдениетімен тығыз байланысты. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын – сауықтарына, халық мерекелері мен салт – жыраларына келеді. Театрдың өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын – сауықтың  мазмұн – желісі  мен идеялық – эстетика  негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу – өрнекпен  жаңа күйге түсіреді де драмадағы  кейіптерді, олардың өзара қарым – қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас – тартыс пен іс – қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы – қаһармандардың  ой – арманына, шат күлкісі мен сезіміне, жалпы тіршілік – тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта – зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық – тәрбиелік қызметі мен идеялық – эмоциялық және көркемдік – эстетикалық әсер күші де осыған келеді. Театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық образдың характерін жасайтын – актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс түсінігімен, өмірде көріп байқағандарымен, түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы – режиссердің шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады. Менің жеке көз қарасым  бойынша Режиссер актерді рамкаға кіргізбеуі керек, бұндай қателікке жол берілсе, актер тек орындаушы ғана болмақ. Актер өнер тудырушы болу керек. Неліктен актердің шеберлігі деп айтамыз, себебі актер өзін әр рөлінде дәлелдеу керек. Роль – актерға сынақ. Меніңше қазақ театрлары үлкен дағдарысқа түскен. Себебі, бізде қазақ классикасынан кейін саусақпен санарлық қана драматургтарымыз бар. Олар қашан жаңа туынды шығарады екен деп күтіп театырымыздың репертуары жаңара алмай жүргелі біраз жыл болды. Жаңа заман драматургиясы жоқтың қасы. Театр өмірдің айнасы демекші қазіргі өмір тынысын, проблемамызды да көрсетуіміз керек. Театр ол өткен күнгі тарих пен бүгінгіні де ұштастыра алады. Драматург деген кім екнін шатастыратын кез келді қазір. Драматург ол журналист емес баяндап айтатын. Ол өлең, қара – сөз жазатын ақын емес. Драмаург – театрдың заңдылықтарын түсінетін, режиссерлік, суреткерлік, актерлік көз қарасы  бар адам. Қазақтың бір туар сыңшысы Әшірбек Сығай “Драматургия – қым қиғаш интрига.” – деп дәл айтқан. Драматург барлық драматургияның заңдылықтарын сақтап, сахна кеңістігіне ықшамдап, құнды пьеса жазса, оны ұйымдастырып, пьесаның ішкі құбылысын ашып, ондағы әрбір сөздің астарына үңіліп, көмкерілген сөйлемдерге рең беріп,  көрермендерге ой салушы, шикізатты өнімге айналдырушы, яғни спекталь етіп қоюшы – режиссер. Қазіргі кезде театрға жаңа леп керек, жас буын режиссерлерді театрға көбірек қабылдау керек. Мүмкін, шыныменде бізде де голивуттың, бүкіл әлемді өз шеберліктерімен тәнті етіп жүрген  талантты актерлар сияқты өнерпаздар бізде де бар шығар. Заман өзгереді сондықтан театр режиссерлер қатарын заман талабына сай қиялы мен фантазиясы тұнып тұрған жастарды  шақыруымыз керек. Театр тіршілігімен тыныстап, саналы ғұмырын осы салаға арнап келе жатқан біздің қаншама үлкен буын аға режиссерларымыз талай таланты актерлардың бағын жандырды, олардың ешкім көрмеген, білмеген тұстарын ашып қазақтың сүйікті актерларына айналдырды. Себебі режиссер – ол ұстаз. Әр спектакль сайын актер  төменгі сатыдан бір саты жоғары көтеріледі. Яғни актерлік қоржыны толыға түсіп, шеберлігі де жоғарлайды. Сондықтан жас буын актерларына үлкен буын режиссерлар мен қатар жас режиссерлармен  жұмыс жасап отыру керек деп ойлаймын. Сонымен қатар сценографиялық өнер, грим, костюм, музыка, жарық эффектілері т.б.  спектакльдің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да сахна реформаторы К.С. Станиславскийдің: «Театр –  ұжымдық өнер» деп айтқанын М.Байсеркенов өз кітабында жазған еді. Жұмыла көтерген жүк сахна заңдылығының қасиетті қағидасы. Аталғандардың әрқайсысы жеке – жеке ілім. Олар бірлесе отырып өмірдегі кездесетін түрлі саладағы барлық тақырыптарға әр қырынан тоқталып, шешімін тауып, сахнаға шығарып отырады. Уақыт тоқтаусыз жылжып, күн санап жаңарып, жаңғырып келеді. Сол сияқты драматургия, режиссура, актерлік шеберлікте те күннен күнге жанданып, қиялды тербеп  жаңаруы тиіс. Қай кезде болсын актер театрдың айнасы десек қателеспейміз, театрдың деңгейін актерлардың шеберлігіне қарап айтсақ та болады.

Әуелі актер қабылдаған кезде кастингтің әділ болуына қарау керек. Театрға тек талантты  ғана емес, сонымен қатар фактуралы актерлердің жетіспейтіндігін көресің. Бұл біздің қазақ актерларының деңгейі нашар деген сөз емес. Кәсіби актерлік өнердің даму ерекшеліктерін ашуда негізгі нысана ретінде мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының шығармашылық ұжымы туралы айтсақ.  Бұл еліміздегі театрлардың  қара шаңырағы,  оның негізін қалаған тума талант актерлеріміздің жасап кеткен деңгейі бар, яғни сол деңгейден құламай оны керісінше дамыта түсуіміз керек.  Сонымен қатар, оның актерлік құрамы сахнадағы жаңа ізденістердің жаршысы болуы заңдылық емес пе?  Театрдың түп тамырын қалаған актерлардың ізімен жүре бермей, жаңашылдық пен кәсібейлік шыңдалу керек.  Кейде жиі естіп жатамыз қойылымда ән айтатын кейіпкер болса, болмысы келмесе де әйтеуір ән айтатын актерге рөльді бере салады. Оның актерлік қабілеті жете ме?, деген сұраққа мән берілмейтіне де анық екені мәлім. Дәл осы мәселе бүгінгі қазақ театырында бар екенін ескере кеткеніміз де жөн болар. Бұл мәселенің шешімі тағыда театр труппасына қабылданған актерлердің талапқа сай қабылданбағандығында. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында жыл сайын ең аз дегенде 60–70 студент актер мамандығын бітіріп шығады, соның ішінен шекесін шертіп жүріп мықты актерлерді қабылдап, оларға рольді беріп сынап ең жақсыларын ғана штаттық жұмысқа алу керек.  Тағы бір өзекті мәселелрдің бірі, актер үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Соның бірі тіл мәселесі де өте қатты ақсайды. Расымен қазіргі жастардың көбісінің тілі қазақша сөйлесе де орыс тілінің акценті бар. Актерлардың құлағына алтын сырға, болдым, толдым демей үнемі сахна тіл, пластика, би, ән жағын  дамыта беру керек. Сонымен қатар актерлардың көбісі рөлге действенный анализ жасағаннан гөрі,  эмоцианальді тұрғы да сезініп сомдай саламын деп, көп қателікке ұрынып жатады. Застольный периудттың жетіспейтіндігі білінеді.  Әсіресе тарихи қойылымдарда ұзақ уақыт дайындалу керек. Тарихи қойылымдарды көргенде қарныңды аштыратын кездер де жетерлік, құр сөз бен айқай ішкі және сыртқы қимылдың үйлеспейтіндігін дәлелдейді. Қашан айтылған сыңды қабылдап, оны түзетуге тырыспасақ  «баяғы жартас — сол жартас» — болып қала беретініміз анық. Театр тіршілігімен тыныстап, өткентарихынан мол хабары бар, бүгінгі қол жеткізген деңгейін бағдарлай алатын, жетістігіне қуанып, кемшілігіне күйінетін, әлемдік театр өнерінің биік деңгейі тұрғысынан тұжырым жасайтын, интелектуалды театр сыңшыларының айтқан сыңдары кейде далада қалып жататыны да бар. Сыншыларды спектакль қойған кезде репетицияға қатыстырып, пікір – ойларымен санассақ, театр үшін бәрі бірігіп ету керек сияқты. Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығайдыңі сөзімен айтар болсақ, өнер – басқаруға да, басынуғада болмайтын, кісінің кәсіби парасатымен тікелей байланысты нәзік те сезімтал әлем.

 

Ербол Тлеукенов,

Қазақ ұлттық өнер унверситеті

ПЦК  «Сахна қозғалысы» пәнінің оқытушысы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *