Үздік университеттегі үздік түлек болу— арманым

«Үздік университеттегі үздік түлек болу —арманым»

Бала кезімнен әкеме жақын болып өстім. Көп адам «Қолыма қалам ұстауды үйреткен ұстазға алғысым шексіз»-, десе мен әкеме алғыс айтар едім.Себебі:маған жазуды да үйреткен, әріп танып,оқуды да үйреткен -менің әкем.Осы «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне»түсуіме де себепкер болған-әкем.Үйдің жалғыз қызы,еркесі болғандықтан ,ата-анам менің таңдауыма ешқашан қарсы келген емес.Дәл солай мамандық таңдағанда да тек қолдау білдіріп ,ақ батасын берді.Ал мен кішкентай кезімде, осы ҚазҰУ-да оқысам ғой деген арманыма жеттім. Ендігі мақсат ,осы жоғарғы оқу орнын үздік тәмәмдап, білікті маман атану.Менің таңдауым неге осы ҚазҰУ-ға түсті?-,дейтін болсаңыз,мен тек осы қара шаңырақтан сапалы білім ала алатыныма сенімді болдым .Өйткені, қазіргі таңдағы білікті мамандардың көбі -осы ҚазҰУ-дың түлегі.Сол себепті мен университет таңдаудан қателестім деп ойламаймын. ҚазҰУ-да Қазақстандағы ең,ең,ең деген профессорлар мен докторлар білім береді.Сондай білікті мамандардан білім алу-үлкен бақыт.Университетке арман қуып түскеніме бір жыл ғана болғанымен,осы бір жылда,мен құнды білім ала білдім.Оқудың бірінші күнінен бастап,түрлі қиындықтар болды.Дегенмен,сол қиындықтары мен қатар,қызығы да ауыз толтырып айтарлықтай. Әзірге әлемді жайлаған пандемияның кесірінен,қашықтықта отырып білім алудамыз.Студенттік шақтың қызығы мен шыжығын,әлі сезінбесемде,бір жылдың ішінде көп дүниеге ойым өзгерді.Мамандыққа сай пәндер болғандықтан, сабақтар қызық өтеді.Оқуға деген құштарлығың артып,одан сайын қызығып оқисың.Меніңше,шәкірттің білім сапасы тікелей білім берушіге байланысты.Себебі,ұстаз шәкірттің қызығушылығын арттырып,дарының байқаса,шәкірт ұстазынан асып түсері сөзсіз.Ендігі арман,ҚазҰУ-дың қабырғаларының иісін иіскеп,табалдырығын тоздырып,білім берушілермен көзбе-көз жүздесіп білім алу!Ал бұл арман орындалатынына мен толықтай сенемін!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *