Ахмет Байтұрсынов атамызға арнау

Сөз маржаны бола білген Байтұрсынов атамыз,
Осы әлемнен өшпес орын алатын.
Жырларын естіп рухты билеп, дәріптеп,
Жан айқайын ақ параққа жазатын.

Азаттық пен әділдіктің жолында,
Тәуелсіздікке ұмтылған өмір жолында
Жас ұрпаққа салып кеткен сара жол,
Бүгінде, өшпейтіндей мәңгі тұрған дара жол.

Ахмет дара, аудармашы ұлы тұлға,
Жадымда сақталады әрбір мұра.
Сөзге шешен атамыз бар мақтанатын,
Әр сөзінде терең ой бар ақтаратын.

Шыншылдықты ту етіп, мақсатындай ұстанып,
Бақсынасып, билікке қарсы тұратын.
Әрқашанда қиындыққа тайсалмай,
Жүрегі тек елім, халқым деп соғатын.

Жан серігі қағазы мен қаламы,
Бар шындықты түбін түсіріп жазатын.
Алаш Орда партиясын құрғанша,
Ешқашан қанаты оның талмапты.

Бес арыстың бірі де ол болыпты,
Халық зарын жырларына қосыпты.
Тәуекелшіл батыл адам болған соң,
Өкіметке қарсы шыға біліпті.

Жырларыңды оқып бүгін танысып,
Сауатты ұрпақ, өзіңді үлгі тұтыпты.
Арман етіп сол бір ұлы азаттықты,
Қазір міне таңымыздан атыпты.

Азатпыз тәуелсіздік таңы атқан,
Қаны бар қазағымның тулап жатқан
Рухым бар бойымда, жігерім бар,
Еркіндіктің, бақыттың дәмін татқан!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *