Абайға арнау

Абайдың жырларында бар ғой тылсым сиқыр да,
Көңілге қош сыйлап еді…
Өзі еді нар тұлға.
Дана тұлға, дара тұлға болып еді халқының
Сөз жетпейді жеткізуге даналығын, пәктігін

Қара сөзі, жырлары да ем еді ғой еліне,
Ел- жұртына сыйлап еді дүниесін беріле.
Бұл мұрасы қалар бәлкім, аманат боп мәңгілік,
Ұлан-байтақ көсіліп жатқан қазағымның жерінде.

Абай ата, үндеу салып едіңіз бар қазаққа,
Өлең өру, ақын болу бақыт па әлде азап па?!
Қолда барда қадірлемей , өкінетін кейіннен
Көңіл шіркін аңғал келер, аңғал келер қазақта.

Жан азығы ар-ұждан деп жырладыңыз, білемін
Жырыңызды тамсана оқып, ой-санама түйемін.
Елдің даңқын асқақтатқан тұлғасың сен әлемге,
Абай ата, саған теңдес ақын болмас әлемде!

Абай ата, жырларыңыз болар бізге бір бақыт.
Ұлықтаймыз ұлылардың үндестігін әр уақыт.
Салған ізің, сара жолың, дара жолың бір төбе
Ішіп келем өлеңіңді бал қымыздай бір сарқып.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *