Өнеге отбасынан басталады

Амандыкова Ботагоз Абильмажиновна

Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру. Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:сынып сағаты

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, А3 форматы, маркерлер.

 

Барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

 

 Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымызды шеңберге тұрумен бастадық. Неліктен?Шеңбер  қандай әріпке ұқсайды?

Ендеше «О» — әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

 Мұғалім: Отбасы деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Мұғалім:Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

Сөз кезегін жүргізушілерге беру
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Бақытты жанұя – бақытты ел» атты сынып сағатымызға  қош келдіңіздер.

2- жүргізуші:

Бұрынғының қарттары дана болған.

Қартты сыйлар жастарда сана болған.

Ата – анадан үлгі алып, жастар да,

Болашағын қорғайтын адам болған.

 

1-жүргізуші:Расында да, атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

 

2- жүргізуші: Сынып сағатымыздың бірінші кезеңі  «Мақал – мәтелді жалғастыр»

 

1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,…

( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

 

2.Ана сүтін ақтамағанды ,…

( ешкім мақтамайды)

 

3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…

(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

 

4.Қарағайға қарап тал өсер,…

(қатарына қарап бала өсер)

 

5.Үйінде ұл – қыз бардың,…

(көгінде сөнбес жұлдыз бар)

 

6.Атаңа не қылсаң ,…

(алдыңа сол келер)

 

7.Ұяда не көрсең ,…

(ұшқанда соны іленсің)

 

8.Әдепті бала — арлы бала,…

(әдепсіз бала – сорлы бала)

 

1-жүргізуші:Сынып сағатымыздың екінші кезеңі «Сан сұраққа – бір жауап»

 

  1. «Өнеге отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесің?

2.Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне не әсер етеді?

3.Отбасының қоғам мен мемлекет алдында атқаратын қызметі қандай?

4.Сенің ойыңша өнегелі отбасы қандай болады?

5.Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған?

6.Баланың отбасындағы міндеттері қандай?

7.Отбасының басты қызметі?

  1. «Мерейлі отбасы»конкурсы жайлы не білесіңдер?

 

2-жүргізуші: 3 кезеңОтбасы туралы тақпақтар

(Ильяешева Аяна, Құрманғалиева Аружан, Абдурасул Санжар, Тлепалдиева Сайя)

 

 

 

 

 

  1. Шығармашылық жұмыс

 

Жұптық тапсырма (берілген тапсырманың біреуін орындайды)

  1. Отбасы туралы синквейн құрастыру
  2. Эссе жазу
  3. Сурет салу
  4. «Ана», «Әке», «Отбасы» сөздерімен кластер құрастыру

 

1 — жүргізуші:

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

 

Ән: «Ана туралы жыр»

 

  • жүргізуші: Отбасы дегеніміз тек қана өз жанұямыз емес. «Мектеп – екінші ұямыз» демекші біздің сыныбымыз екінші отбасымыз. Осы жылы үш сынып бірігіп, үлкен тату бір отбасын құрап отырмыз. (плакаттағы суретке назар аудару)
  • жүргізуші: Біріккен сыныбымыз татулық пен бірлікке толы болсын!

 

1-жүргізуші: Тәрбие — отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.

2-жүргізуші: Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар!

1-жүргізуші: Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *