Өмір мен мансапты жоспарлау

Жолдасбаева Жанар Акбердиевна

Түркістан облысы

Шардара қаласы

№16 колледж

Нарықтық экономика негіздері пәні оқытушысы

Тақырыбы: «Өмір мен мансапты жоспарлау»

 

 

1 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

— Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге бағыт бағдар беру;

— Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге өзін тәрбиелеу.

 

   2 КӨРНЕКІЛІГІ

Интерактивті тақтада слайдтар көрсету.

 

    3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ  .

 

Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Б.Бұлқышев

«Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында»

Халық даналығы

 

Сәлеметсіздер ме! Бізде бүгін ерекше сабақ. Сабақтың тақырыбы «Өмір мен мансапты жоспарлау» деп аталады.  Бұл сабақтың мақсаты сіздерді өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей, бағалай білуге, бағыт бағдар беру және өмірден өз орындарыңызды табуға, өз қабілеттеріңізге сай келетін істі анықтауға көмектесу. Бүгін бізде 4 топ қатысып отыр. (топтардың атымен таныстыру). Енді осы 4 топқа әр түрлі тапсырмалар, сұрақ-жауап беріледі. Сабағымыз сайыс түрінде болады. Топтарға баға беріп, бақылап отыратын сарапшыларымызбен таныс болыңыздар.

Колледж әдіскері – Мырзабеков Ерлан

Математика-жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі – Серікбаева Пернекүл

Жастар ұйымының төрағасы – Ахметов Мәди

Алдымен сіздердің эмоционалды жағдайларыңызды тексерейік. Алдыларыңда әр түрлі көңіл күйдегі смайликтер жатыр. Осылардың ішінен қазіргі сәттегі көңіл-күйлеріңізді көрсетіңіздер.

– көтеріңкі көңіл-күйдемін

– жақсы көңіл-күйдемін

— көңіл-күйім нашар

3.1  «Бағалы тізімдер» ойыны

1) Ойын: Бағалылардың тізімі бар қағаздар жазылады: бақытты отбасы, достар, сенім, махаббат, байлық, еркіндік, машина, білім. Студенттер  өздеріне сәйкес орналастырады.

3.2 Әңгімелесу.

Әңгімелесуге арналған сұрақтар:

— Өмір дегеніміз не?

— Өмір адамға не үшін беріледі?

— Сенің өміріңдегі ең бағалысы не?

— Сен өмірді неліктен жақсы көресің?

3.3 Мұғалім сөзі:

Адам баласының ең басты құндылығы – ӨМІР.

Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында жігер, талап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сенім мол болады.  Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді. Ой-өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады.

ТОПТАРҒА СҰРАҚ: Мансап дегенді қалай түсінесіңдер

Өмірдегі жауапкершіліктердің бірі – МАНСАП.

Мансап — бұл олардың еңбек туралы субъективті саналы өз үкімі, болашақ өзін-өзі білдіру және жұмысқа қанағаттану жолын күтілудегі іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Мансап (карьера) – бұл құндылық қызметкерге біліктілігін арттыруға және ерекшеленуге көмектеседі.

 

ТОПТАРҒА СҰРАҚ: Жеке мансапты қалай жоспарлау керек?

 

«Өз өзіңді танып біл»
Өз өзіңізді танып білу, мансапты дұрыс тандауға мүмкіндік береді.

 

Мансапты жоспарлаудың келесідей кезеңдері бар:
Өз өзін бағалау: Өзін жайлы ақпарат жинауды, яғни күшті және әлсіз жақтарды, құндылықтарды, қызығушылықтарды, кәсіптілікті, қабілеттілікті және қалайтын түрлі қызметтерді анықтау.  Ойланыныз жұмыста сізге не қуаныш акеледі?

Мақсатқа ұмтылыс:
Сіз жоспар құрдыныз, бірақ оны қарап жүруді ұмытпаныз. Жарты жылда бір рет өз өзінізге сұрақ қойыныз: «Мен дұрыс әрекет жасап жүрмін бе?, Мен өсіп жатырмын ба?, Мүмкін жаңа мақсаттар мен міндеттер сенің жетістікке жетуіңді алға жылжытады. Мансапты жоспарлау жас ерекшеліктеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

20жас. Сіз оқисыз немесе оқиын деп жатырсыз. Өз білімдерініз бен дағдыларынызды үздіксіз күшейтіңіздер. Уақытты бағалауды үйреніңіз.

25 жас. Сізде еңбек қызметі басталды. Бірінші қадамдарда түрлі ойда жоқ жақсылықтар кездесті. Сіз өз өзінізді жоғалтып алмаңыз. Нақты нәтижелерге жетуді және стратегиялық шешімдер жайлы ойлануды үйреніңіз, сонымен қатар жеке өмірініз жайлы, өмір жайлы кешенді түрде ойланыңыз.

  • 30 жас. Сіз көп жетістікке жеткен шығарсыз, мүмкін дамудағы дағдарыс үстіндесіз. Мүмкін екеуі де бір уақытта. Өз квалификациянызды жоғарлатуға мүмкіншілікті жіберіп алманыз. Сізге ұнайтын заттарға көңіл бөліңіз. Өз үйінізді қалыптастырыныз. Сіз ер адам немесе әйел адам болсаныз да, қасынызда серігініз болмаса, қызметініздегі жетістікке жету қиын болады. 35жас. Даму дағдарысымен күресті біткеннен кейін, мансап баспалдақтарымен бірге көтеріліңіз. Сіз көп қате жіберіп болдыныз. Уақытынызды тиімді пайдаланыныз, бірақ тынышталманыз.
  • 40 жас. Бұл орташа қалыптасқан жастың бірінші қадамдары. Сіз артқа қарап ойлануды, байқауды бастайсыз, егер дұрыс болмаса қатты жүгіресіз, бірақ дұрыс көре алмайсыз. Кейбіреулер ол уақытта ажырасады, қайтып үйленеді, жұмыстарын ауыстырады. «Мен осыны қаладым ба?» деген сұрақтар туады. Артқа қарамастан бұрын, жоспарлауды ұмытпаныз. Басқаларға қалыптасуға көмектесініз.
    • 45жас. Сіз нағыз жеткіншек жасқа келдініз. Мүмкін сіздің жұмысқа қабілетініз төмендеді, ал сақтау қабілетініз де нашарлады, дегенмен тәжірибиеніз жоғарлады. 60 жасқа дейін сізде өз айтқанынызда тұрып, кім болғыңыз келсе сол болуға мүмкіндігініз бар.
  • 50 жас. Бұл құндылықтар, уақыт, махаббат, денсаулық туралы көзқарастардың өзгеретін өтпелі кезең. Бұл жас шағы адамдардың көбісіне ең күшті болып келеді. Бизнестен
    шыққаннан кейін кіріс көздерін іздеуді ойланыныз. Зейнетақыны күтпеніз, табыстың қайнар көздерін іздеп уақытты қалай өткізетіндерініз жайлы ойланыныз. Немесе кеш қаласыз.
    • 60 жас. Егер сіз қазір 60 жаста болсаныз және осы материалды оқып отырсаныз, сіздің алдынызда толық қанағаттанғанша бірнеше онжылдықтар өмір сүруге мүмкіндік бар. Сіз өз өзінізді толық жетілдіруге мүмкіндігініз болады.

 

ТОПТАРҒА СҰРАҚ: Кәсіпкерлік мансаты қалай түсінесіздер?


Кәсіпкерлік мансап:

Кәсіпкерлік немесе іскерлік мансап кәсіби қызметтің белгілі бір саласында өсу болып табылады . Ол сапалы және мәртебелі кәсіптік өсуді, біліктілікті арттыруды, өз қабілеттерін дамытуды көздейді. Екінші жағынан, осы тұжырымдамаға жұмысты орындау үшін сыйақы мөлшерінің көбеюі жатады.

Іскерлік мансап тек көтермелеуді ғана қамтымайды.  Мансаптың сапалы жағы белгілі бір қызмет түрлерінің немесе кәсіптердің дамуын білдіреді. Яғни адам қызметінің кәсіби ерекшеліктеріне байланысты көптеген мансап түрлерін әкелуге болады . Бұл суретші, менеджер, дәрігер, саясаткер немесе әскери мансап болуы мүмкін.

Енді экранға назар аударып бейне роликті тамашалаймыз. Тақырыбы: Өз қабілетіңе сай келетін істі анықтау, саланы таңдау.

Осы бейне роликтен кейін сіздердің қабілеттеріңіз қандай іске сай келетінін тапсырма арқылы анықтаймыз. Ол үшін алдымен бизнес идея не екенін түсініп алайық.

 

ТОПТАРҒА СҰРАҚ: Бизнес- идеяны дегеніміз не?

 

Бизнес-идея – дегеніміз ашқалы тұрған ісіңіздің толық және нақты қағаз жүзіндегі іс жоспары. Өз ісіңізді ашпай тұрып қандай іспен және қалай өз ісіңізді жүзеге асыратыныңыз жайлы  ойланған абзал.

Бизнес-идея:

  • Сатыпалушының мұқтаждығын қанағаттандыру қажет ;
  • Пайда түсіру қажет;
  • Сатушының көңілінен шығу қажет.

Бизнес идея таңдау ережелері:

  1. Идея көп болуы тиіс
  2. Идея кәсіпкердің біліміне сай болуы тиіс. Мысалы: программист дәрігер бола алмайды.
  3. Идея қызықты болуы тиіс.
  4. Идея бір-екі сөйлемнен тұруы тиіс.
  5. Қоршаған ортадан идея жайлы пікір сұрау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздер бизнес-идеяның не екенін білдіңіздер, бизнес-идеяны таңдау ережелерімен, таңдау кезеңдерімен таныстыңыздар. Енді сіздерге тапсырма беріледі. Қазір осы мысал арқылы өздеріңіздің қабілеттеріңізге сай істі анықтайсыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4 Рефлексия

Алдарыңда түрлі түсті алақандар жатыр. Әр адам – өз өмірінің суретшісі. Сендерде өз өмірлеріңді құрайсыңдар. Алақандарға фломастермен өз өмірлеріңдегі ең басты деп санайтын екі сөзді жазыңдар.

Сосын ватманға жапсырамыз.

Көрдіңдер ме, өмірлеріңнің ашық, түрлі-түсті болуы өз қолдарыңда?! Осыны естеріңде сақтап, осындай өмірге ұмтылыңдар.

 

 

 

 

   

4 ҚОРЫТЫНДЫ:

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

 

5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Сыныптан  тыс жұмыстар

Әлеуметтік желі беттерінде жарияланған мақалалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *