Өмірімнің мәні жаным — анам!

Өмірімнің мәні жаным — анам!   

   Ана!  Осы есімді атаудың өзі үлкен бақыт,  ерекше сезім.  

       Үш-ақ әріп,  бар жылуына бөлеп,  мейірін төгіп, өмірдің мәні,тұтасындай болған асыл жан-Ана.  Мейлі қай ел болмасын, қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі. Ана өмірдің мәні мен сәні, ең мөлдір махаббат ананың балаға деген махаббаты,ананың жүрегі- жібектей нәзік,зам-зам суындай мөлдір,шынайы. Құшағы- ең жылы және ыстық. Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Сен қандай барсын, сол болмысынмен жақсы көретін жалғыз жан. Сен мейлің 50-де бол,жүзде бол бәрібір анаң үшін сен перзентсің.Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. «Бала – ананың жүрек еті,әкесінің білек еті»-деп ата-бабамыз айтқандай,ана үшін баланың орны ерекше.

       Ана – өмірдің өлең жыры,жарық күні,жайқалған гүлі,шуақ-нұры.Иә,ана деген сөзге бәрі де сыяр еді-ау,әрине оған дәл теңеу таба білсең…Жер бетінде анаға тең құдірет жоқ шығар.Ана әрқашан балаларына өз ауырғанын білдірмейді,жетістігімізбен мақтанып жүреді.Бала да анасын қуантуды өзіне бақыт санайды.Ананың жадыраған жүзін көру біз үшін де бақыт.Анамен бала жүрегі әрдайым бірге.Өмірде баласы бір жағдайға ұшырап қалса,ана жүрек шырылдайды ғой,шіркін!Баласы үшін жанын беруге даяр.          Ана – өмір!Ана – төзімді ,қайсар,құдіретті.Ана жүрегінен мейірімді,төзімді нәрсе жоқ.Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап анасының ыстық мейрімін,махаббатын сезіп өседі.Ана әйел, адам ретінде де қараңғыны нұрландырған жұлдыздай жарқырап,күндей күлімдеп жүретін ғажайып жан.

         «Анаңды Меккеге з рет арқалап апарсаңда,қарызыңнан құтылмайсың»-деген сөз бар.Ананың алдындағы парызыңды орындай алмасаң,бұл дүниеде бақытты өмір сүре алмайсың.Жәннат ананың табанынң астында деп жай айтылмаған. Сен,сол жәнатты қалай бағалауын өз қолыңда.  Иә,ана жайлы жырламаған ақын да, жазушы да ,сазгер де жоқ шығар.

        Ана!Осы сөзді естігенде-ақ бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді.Ана – ұлылардың ұлысы,махаббаттың бастауы.Кең дүниені шарлап,жер бетін араласам да анадан қасиетті,ұлы жанды таба алмас ем?! Неге екенін білмеймін «ең ыстық жан кім?» десе көзіме ана елестейді.»Ең мейірімді,  ең асыл жан кім? «- десе ана деп айтар едім. Отбасының шамшырағы,ерінің асыл жары,баланың өмірінің мәні – Ана.Расымен де, ана бір қолымен бесікті тербесе, бір қолымен әлемді тербейді. Өмірдің ірге тасы да солардың қолымен қаланады.Шіркін-ай ,ана деген сөзді айтып жеткізудің өзі мүмкін емес шығар, сірә?!

        Әрбір адам анасын сыйлап өтуі тиіс. «Әке – асқар тау,ана – мөлдір бұлақ»- деп ұлы халқымыз қалай айтқан десеңші?!Биік тауға жақындаған сайын ауа тазара түседі,жұпар ауаны жұтып,жанымыз да рахаттанады.Дәл сол секілді ардақты әкеміздің арқасында еркін өмір сүреміз.Ал, «ана – мөлдір бұлақ» дегенге келсек, бұлаққа жуынып,серігіп қалатынымыз секілді,аяулы анамыздың махаббатынан да нәр алып өсеміз.Анамыз біздің тамағымыз дәмді болу үшін,киімдеріміз таза болуы үшін күнде тыным таппайды.Әке-анамыздың күн сайын айналып сүйгені,мейірімді құшағы,жылы сөздері – бәрі-бәрі біз үшін рухани азық.

        Ана деген сөзді естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?!Ана баласының бақытын,қуанышын аңсайтын жан.Сәбиді өмірге әкелгеннен бастап,түн ұйқысын төрт бөліп,дамылсыз қамын жасап жүреді.Баласының тезірек аяққа тұрып,адам болып кеткенін тілейді.Ал,біз осыншама бақытқа баулып жүрген ананы сыйлап жүрміз бе?

       Кей кездер кейбір тас жүрек балалар ер жетіп өз қолдары өз ауыздарына жеткенде, анасын бағаламай тастап кетіп жатқаны, кейбір жасөспірім балалар анасыз шетел жағалап жүргені өтірік емес.Ананың жылы алақанына зәру.Бұл не сұмдық.Кезінде , ана,шамасы келмеседе,өсіріп,баққан еді ғой.Ал,біз кімбіз сонда? Анасыз өмірдің мәні не де? 

     Міне,ананың шексіз махаббатына осыншама мысал қарастырдық.Ана өмірдегі шексіз бақыт иесі.Ана – бәріне лайық.Ал,біз ананы құрметтеуіміз керек. Ана – мен үшін ең керемет,асыл жан.Қолымнан келгенше анашыма тосын сый жасап қуантуға тырысам. Мен үшін анамның күлімдегіні бүкіл әлемнің күлімдегеніне тең. Ендігі алдағы мақсатым әкешім мен анашымды Меккеге апару, қуанту, ешқашан жылатпау. 

         Осы өлең жолдарын, жаным, өмірімнің мәні анашыма арнаймын:

Ана сізсіз маған өмір сыйлаған,

Сізге деген махаббатым,

Бұл әлемге сыймаған! 

 

Ана деген — өмірдің мәні емес пе?!

Ана деген — өмірдің сәні емес пе?! 

Аналар күлімдесе бұл өмірде,

Бар әлемнің күлкісіне тең емес пе?!

 

Ана барда шаттанып қуантайық,

Күлкісімен өмірін ұзартайық, 

Ана деген жәннатын кілті емес пе?! 

Сондықтан да жәннатты аялайық!

 

Ана жан, саған мәңгі қарыздармын,

Сен қуансан өтелер парыздарым,

Анашым күлімдесін бұл өмірде, 

Сәбиің жыр арнайды бір өзіңе.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *