Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

Тунғатова Анар Жолдыбаевна

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев:  «XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы бағаланатын болады»,- деп айтып кетуі заман талабына сай келуінде. Осы даму деңгейіне сай келу үшін өз мектебімде өзгеріс енгізуім қажет.

Мектеп  — қашан да ақыл мен ойдың, парасат пен пайымның ордасы. Инновациялық тәсілдерді практикаға енгізуде – адамның қалыптасуы, оның өздігінен дамуы, жеке тұлғаға айналуында  ұстазға  үлкен міндет жүктелген. Міне , сондықтан да барлық үміт – ұстаз бойындағы міндетте. Ұстаз – ұлағатты ат. Алтын ұя мектептің жаны да , ары да  — мұғалім. Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талантты болмақ.

Сол себептен де төмендегі Бичтің сөзінен үзінді келтіруді жөн көрдім:

Неліктен өзгеру қажет?                                                   «Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және  танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз әлемді өзгерту үдерісін жалпы өзгеріс ету үшін мұғалім болдыңыз….Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет».

Жаңа технологиялар қарқынының тез  дамуында болашақты болжап оқушының сол үдеріске еркін араласуын қамтамасыз ететін тек білім ғана емес, оны керегіне пайдалана алатын дағды қалыптастыру қажеттігінде мұғалімнің қызметі ерекшеленеді.

Заман талабына сай, жахандану әлемінде, әрине бірінші жаңалықты енгізетін мұғалім.

«Көп адамдар өз ісіне берілген, ойшыл адамдардың шағын тобы бұл әлемді өзгерте алатындығына күмәнді. Шындығында, тарихтың өзі куә болып отырғандай, бұл үнемі осылай болады да» -деп Маргарет Мид айтқандай өзгеріске күмән келтіретін кедергілер болса да , менің мектебімнің өзгеруін, алдыға жылжуын қазіргі қоғам талап етіп отыр. Мұғалімдердің өз ісіне жеткілікті уақыт бөліп,оқушыны терең  зерттеп «қалай оқу керектігін» үйрету үшін жұмыс жасауы керек. Мектепте  оқушының дұрыс білім алу маңыздылығын білсек те , мұғалімдердің қағаз бастылығына, ауылдық әкімдіктің тапсыратын  қосымша жұмыстарына көп көңіл бөлінетіні белгілі.Менің мектебіме өзгеріс енгізуге алынған сауалнамалар мен сұхбаттар  өз көмегін тигізді.Мектеп мұғалімдерімен алғашқы кездесуде Кембридж  бағдарламасының мақсатымен, 7 модуль жайында слайд көрсету арқылы таныстырылым болды. Мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілерімен сұхбаттасып, мектептің даму жоспарымен танысуда көп мәселелер анықталды. Ең толғандыратын мәселелерді тағы да анықтап алу үшін мұғалімдер арасында  «Мұғалім не үшін өзгеру керек?» тақырыбында семинар өткіздім. Мұғалімдердің топта, өзара проблемаларды шешудегі  дәйектерімен, кері байланыстары арқылы мектебіме не үшін өзгеру керектігін өздері ашып, айқындап берді.  Мұғалімнің уақытымен ешкім санаспайды. Мұғалімдерде   педагогикалық  стратегиялар, оқушыларды қызықтыратын жақсы әдіс – тәсілдер де  жеткілікті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің бізге берген  сыйы  — 7 модульдың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану, оқушыларды  логикалық ойлауға итермелеу болып табылады.Әйтседе топтық жұмысты жүргізу де ұйымдастыра білу,уақытты үнемдеу, оқушылар деңгейін дәл анықтап, тапсырма бере білу, ынтымақтастық та бірлесе жұмыс істеуде мұғалімге білімділік пен шеберлік таныту өте қажет. Заман талабына сай интернет желісін қолдана білуі, оқушылардың қызығушылықтарын біліп қана қоймай, жеке пікірімен санасуы,әр оқушыға  жеке тұлға ретінде қарай білуі  және жылы атмосферада бірге шеше білуді уақыт талап етеді. Мектебімде он бір әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды.Әр бірлестіктің өз алдына қойған мақсаттары мен міндеттері бар. Мұғалімдер кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында арнайы білімді жетілдіру курсынан өтіп тұрады.Жаңашылдыққа ұмтылып,тиімді әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізіп жүрген ұстаздар да бар.Алайда,әлі де болса дәстүрлі сабақ аясында жүріп, қазіргі әдіс-тәсілдерге қарсы болып отырған тәжірбиелі ұстаздар да кездесті. Осы орайда Кембридж бағдарламасы бойынша жеті модульдің тиімділігіне көз жеткізу мақсатында жүргізілетін жұмыстарды жоспарладым.Мұғалімнің өз жұмысындағы тәжірибелері мен ұтымды тұстарын әркез әріптестерімен бірлесе талқылауы, көп қиындықтарды бірлесе шешуі әлі де болса көрінбеді.

Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары жалпы алғанда,бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне,сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына,топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және  жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ.Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармауы тиіс.

[Нұсқаулық 1-сілтеме]

Бұл сілтеме мұғалімнің сабақты беріп қана қоймай ,оқушының пікірімен санасуы,білім алушы тұлғаға қаншалықты әсер еткенін және келесі сабақты жоспарлауда оның ұсынысын ескеру-табысты оқытудың бір тармағы ретінде ұсынады. Табысты оқыту үшін мұғалімде осы әдіс-тәсілдер туралы терең білім болуы керек.

XXI ғасыр талаптарына сай оқыту мұғалімдер жұмысына сараптама жасап, ата-ана пікірімен санасып, оқушы  мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасты анықтауды қажет етті. Оқушылардан, мұғалімдерден, ата-аналардан алынған  сауалнамалар  мектепте өзгеріс енгізуге тиісті нақты  проблемаларды шынайы ашпаса да, алынған сауалнамаларға талдау жасалғанда өзгеріс енгізу қажеттілігі,  біршама  ойландыратын ортақ проблемалар өз көрінісін тапты.

Менің мектебімнің мұғалімдерінің ең толғандыратын мәселелері: мұғалімдердің  арасындағы жақсы ынтымақтастықтың жоқтығы,  басшылар жағынан қолдаудың жетіспеушілігі,  дәстүрлі сабақтардың әлі де болса ауқымды қолданылуы, топтық жұмыстың тиімді пайдаланылмауы, кәсіби өсудегі кедергілер т.б. қамтылды.

Бұдан тұжырымдап сыншыл досымның көмегімен, шығармашылық топпен, қызығушылық танытқан мұғалімдермен, 3 деңгей мұғалімімен  коуч – сессиялардың жұмыстарын реттеп, болатын күндерін алдын – ала белгіледік.Топтық жұмыстың қызығушылығын арттыру үшін  «Оқушы белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстың тиімділігі»,  « Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер»,  «Мұғалімге не үшін өзгеру керек?»,   «АКТ – ны қолданудың ұтымды жақтары»  тақырыптарында өтетін коуч – сессия   анықталды.

Сонымен бірге оқушы білімі әлі де болса зерттелмейді.  Оқушының білім алуға деген ынтасын оларды мүмкіндігінше түрлендіріп жаңа бір түрлерін қолданып, нәтижесін салыстырулар кемде-кем. Сауалнама нәтижесі бойынша оқу үдерісінеәдіс-тәсілдердің кеңінен енген  бірнеше түрін  барлық мұғалімдер қолданады.  Білім алудың ,бағалаудағы жаңа тәсілдері , әрбір сабақта  жүйелі қолданылмайды. Оқушының шығармашылық қабілетін ашуға көмектесетін стратегиялардан тек деңгейлік тапсырмалармен шектеліп жатады.Оқушылардың сауалнамаларынан олардың топтық жұмысты  ұнататыны білінеді.Сонымен бірге оқушылардан алынған құпия сауалнамада мұғалімдердің оқушыларды бөлуі, қатты зекіп айқайлауы, мұғалімнің жылы қабақ танытпауы, сабақтардың қызықты өтпеуі, ҰБТ – ға дайындықтың нашар жүруі т.б. жайлы ашық айта білгені өз сабақтарының өтуіне көңілдері толмай жүргендерін білдіртеді. Осы келеңсіз жайттар анықталған соң ата – аналармен желілік  қоғамдастық жандандыру үшін  жұмыстар белгіленді. Сынып жетекшілерімен оқушы қарым – қатынастарын жақсарту үшін де әр түрлі бағыттағы жұмыстар қолға алынды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *