Әулет педагогикасының қағидалары

                                           Әулет педагогикасының қағидалары
(
екінші әңгіме)

 Қазақ халқы өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын,шаңырағымда шырақ жансын,ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген,баланың азамат болу жолында күш-қайратын аямаған. «Ұлдың ұяты-әкеге,қыздың ұяты –шешеге» деп ұл-қыздарының өнегелі де,ұятты,тәрбиелі де текті болуына ерекше назар аударып,әрбір ата-ана бұл жауапкершілікті өздерінің міндеті деп санаған.Сондықтан да олар, тәрбиелеудің ұлттық қағидаларын тамаша меңгерген-ді.Ол үшін үнемі ғибрат алған,ізденіп үйренген Осының нәтижесінде әке мен шеше,әже мен ата отбасының жүрегі,бас ұстаздар саналған. Олардың түсінігі негізінде мынандай қағидалар да қалыптасқан.Бұлардың кейбірі бүгінгі педагогикаға сәйкес келмеуі мүмкін.Бірақ қазақ әулет мектебінде,оқыту тәрбиелеу ісінде бұларды ұстанғаны рас,басшылық еткені шын,кәзірде, қолданыста екені анық болғандықтан,арнайы атап көрсетілді.Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз  қырлы,бір сырлы» қазақ азаматын дайындау; адамгер-шілігі,кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске шебер шаңырақ иесін,құт береке дарытқан салиқалы отанасын дайындау екені анық. Сондығы болар,құт ұғымы қазақта тәрбиелік қағида ретінде қалыптасқан. Халықтық әдет–ғұрыптарда: а) Құтты үлкеннен бата алу, ата қонысын әулиедей көріп қастерлеу адамның басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр деген рәсіммен бекіді; ә)отбасының, мал–жанның өсіп–өнуі,абырой–беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен байланыстырылды. Содан әулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (аналар, әйелдер) бүкіл тайпаның, халықтың Құтына айналған тұлғалар болады деген ырым орнықты.Тіпті ата–бабаларға қонған Құт оның ұрпақтарынатарына көшетініне, содан аруақты сыйлау,ата–баба өсиетін қатаң ұстану дәстүрі күш алатынына кәміл сенушілік туды.Құт ұғымына қарама–қарсы түсініктер,ырым–нанымдар-апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет жағымды нәрсенің құлдырауын,кері кетуін білдірді.Құтқа деген дәмеден қалың жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа заманды аңсау  сарыны да жан–жақты көрініс тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу құлшынысы білінеді.Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы,ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы. Діни ұғым бойынша жетесіз баланы  «бисмил-ласыз» жаралған деп түсіндіреді.Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.Бала әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі,туған-тұрған жерінің қадір- қасиетін,табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше. Имандылық негізінде кезігетін «Төрт ана» туралы ұғым, соның бір нұсқасы болмақ.Ол,Пайғампарымыз(с.ғ.с)-дың атында айтылатын тәмсіл еді.«Тәңірі Тағала жаратқан табиғатта төрт түрлі нәрсенің-төрт түрлі анасы бар. Бірінші- ауруға қарсы жасалатын ем-домның анасы. Екінші-кішіпейіл адамның ажарын аша түсетін әдемі әдептің анасы.  Үшінші-жаныңа жарық беріп, ақылыңды арттыратын құлшылықтың анасы. Төртінші – адамды алаңдатып, кісінің көңілін Құдайдан үнемі бұрып тұратын түпсіз арман-тілектің анасы болады Олар: біріншісі- денеңе жабысса, жүйкеңді жұқартып,көңіліңді су сепкендей басып тұратын аурудың- Анасы.Ол-денеге дарыған кез келген дертті ауыздықтап айла табудың тәсілі -тамақты тартынып жеп, асты өлшемге түсіру. Сонда ғана дымыңды құртып бітетін дертіңе дауа болатын амал табасың.Екіншісі-қоғамдағы қарым-қатынасты түзеп, кісіні көрікті етіп көрсететін әдемі әдептің –Анасы. Адам абыройын арттырып, кісі қадірін келтіретін қасиет-аз сөйлеп, көп тыңдау.Үшіншісі- жан сарайыңды жаңалап,кез келген ортада яғни, тұрмысында Құранды қолданып өлшеулі өміріне дінді демеу қылмайтын пенденің бәрі үнемі ана дүниенің бар қызығынан құр қалғандай, одан басқа жұрттың бәрі шалқып жүргендей көңілі алаңдап,уайымдап  жүреді.Бұл желік адамның салиқалы ой ойлап, парасатты пікір түюіне мұрша бермейді Бұл желікті жоюдың жеңіл жолы-жоққа сабыр, барға қанағат етіп, Тәңірге тәуекел етіп, рухани өмір сүру ғана. Оларға іш тартпау, ыңғайына иілмеу. Төртіншісі адамды алдап, көңілін арбап тұратын дүниенің,  қызық қиялдың-  Анасы.Ол  – жоққа сабыр, өмірі таусылып бітпейтін арман-тілек пен тойымсыз нәпсіден туатын жағымсыз құбылыс. Көңіліңді кірлетпейтін ғибадаттың Анасы-күнәлі істер жасамау. Яғни, арсыз істер мен ұятсыз әрекеттерді жасқанбай жасай беретін жамағаттан бойыңды аулақ ұстау.Бүгінгі дәуірде осы төрт ананың жастардың бойынан табылуы қанағатсыз болып тұр.Оның үстіне,М.Шахановтың айтқанындай мына «Төрт ана да» уайым бола бастады. Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде  М.Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ықшамдап,ұсынамыз.              «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,Әр адамнан өз анасынан басқа да.                 жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,Болу керек құдыретті төрт ана.
 Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт-санасы-тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да,Төрт анаға жағдай жасай алмаған.Пенделердің басы қайда қалмаған.Төрт анасын қорғамаған халықтың,Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған    Қасиет-ті бұл төрт ана — тағдырыңның тынысы,  Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.  Тәрбиелеу қазақ ілімінде:қандай тәрбие жүргізсең де,қімге нені үйретсең де,ана тіл,туған жер,туған ана,төл тарихы, ұлттық діл,дәстүрлі дін,әсем әдеп,жібек мінез арқылығана кісі болдыра аласың деген басты негізгі қағида  ұсынады.Сондықтан да,еске алар ескі шақтан келе жатқанСондықтан да,еске алар ескі шақтан келе жатқан«бек ұл,пәк қыз», «иманды ұл,ибалы қыз», «батыр ұл,батыл қыз»,«айдарлы ұл,тұлымды қыз» т.б.тәрбие-леген- Ата жолы-бүгінгі біз үшін де,келешек үшін де бағдар үлгі бола аладыОсы негізде тәрбиелеу қазақ ілімінде: «үйретуден жалықпа,үйренуден тартымба»деген талап бар. Айталық, «балаң қолқанатқа жараса,аяқ-қолың дамылдағанымен, ауызың тиылмасын, баланың ісі шала болады,ақыл-кеңесіңді аяма» дейдіАл,үйретуші ұстаздарды тәрбие леуші-тәлімгерлердің білім-дағды игеру шанағын былай тұжырымдайды: «Ол кісі, әжептәуір білімді,білімін пайдалана да біледі.тағы-тағы білгісі келіп талпынып жүреді»- деп,      халық,ұстаздарды,шеберлерді, шипагерлерді, ақындарды, өнер иелерін «үш білім» шеңберінде бағалап келген.Абай атамыз,қазақ қолөнершілеріне осы құралыпты баға бергені оқырманға аян.Мен.ұстаздарға бағыштап айтып көрейін. «Біледі-біледі-біледі»-бұл данышпан ұстаз Ондай адам,өзі де өте жақсы біледі,білгенін басқаға ұқтыра алады,білімі мен дағдысы арқылы басқаны тәрбиелей алады,ғұмыр бойы ,тағы да біле берсем деп талпынып- талаптанып, ізденумен болады. «Біледі-біледі»-бұл шебер ұстаз. Жақсы біледі,білгенін ұқтырып,басқаны соңынан ерте алады.Жасының ба,денсаулығының ба,тұрмыс жағдайының ба ықпалынан болып,ізденуге ,талпынуға шамасы аздау. «Біледі»-жас ұстаз.Білетіні көп,естіген-көргені бар. Өзіне тәлімгер керек Әріптестерінің аялы алақаны,көргенді көмегі керек.Жатпай-тұрмай ізденіп, жанталасып тәжірибе жинақтау үстінде.Келешегі алда. «Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.» (
Ғ.Мүсірепов)Енді ерекше қағидаларға тоқталайық. Ерекше қағидаларға балалардың жас ерекшелігіне байланысты  тәрбиелеуге қатысты туындаған ережелер жиынтығы кіреді.Мысалы:«Өз тіліңмен сөйлеме,бала тілімен сөйле!»деген қағиданы алып қарастырайық.Әр ата-ана баласының тәрбиелі де әдепті болуын қалайды. Алайда барлығымыз сол тілекке жете бермейміз.Себебі біз өз тілімізбен балаларға бірдеме айтқан боламыз.Бірақ,олар түсінбейді.Басқаша айтқанда біздің кеңесіміз балалардың жүрегіне жетіп,жан сезімін толқытып,ойын баулап алатындай болмайды немесе бала тілімен сөйлей алмаймыз.
«Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген қағиданы алайық.Бала жасының ерекшелігін есепке алып, ақыл-кеңес беретін кезінде айтып,дағды игерілетін жерінде көрсетіп,жаман оғаш қылығын «көрмей,елемей, байқамай» қалып,үлкен жүрек,кең пейіл көрсетудің орнына үнемі жол сілтеп,жоба көрсеткеннің жөні осы екен деп уағыз айтып бас-көзге шұқылап,баланы мүлдем жалықтырып жіберетін ата-аналар аз емес.Бұл қағиданы қай-қайсысымыз ескере бермейтініміз өкінішті-ақ.Баланың ойы ұшқыр,қайрат –жігері жеткілікті, талап-тілегі жоғары болғанымен тәжірибесі аздау.Ал,өмір тәжірибесі әрекетпен, еңбекпен, тура бетпе-бет келгенде,оның қиындығын жеңіп,асуын асқанда ғана жиналмақ. Үнемі біреудің жетегінде жүрген,өз басында еркіндік,билік,шешім жоқ болса ондай жан ешуақытта тәжірибе жинақтамас еді.Сондықтан баланың кей нәрсені,кей сұрақты,кей мәселені өз бетімен шешуін,тәжірибе жинақтауына мұрсат берген абзал. «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,он бес(он үш)жасқа дейін қосшыңдай сана,он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген қағиданың маңызы зор.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім.Бала бес жасқа толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластыруға дайындайды. Бала қызығының негізгі рәсімдері осы шақта атқарылады.Жалпы алғашқы мүшел балаға адамдық негіз,мінез-құлықтық әдет-дағды қалыптасар кезеңі болғандықтан оның даму әр сатысын қазақтар жіті бақылап,терең талдап,мұқият бақылап отырған.Әр басқышын аттаған нәрестелердің жеткен жетістігін,асқан асуын «тойлап» атап өтіп отырған.Беске толған соң, «боқ-сідіктен арылып,қол-аяғын тауып, адам болған деген осы»-,деп,шүкірлік ететін.Енді өздігінен киі-ніп,тамағын алып ішіп жеп,төсек орнын салып,жинап,дұрыс жатып,дем алып,уақытылы тұрып,ел қатарлы тірлікке араласатын қабылет игерткен.Егер,бала бұл дәрежеге жетпесе,жеткізбеген әке-шешені кінәлап, «бет алды өбектедің»- деп жазғыратын.Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне,денінің сау,денесінің ширақ болуына,ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы, ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап, мұқият қарайды. Солай етуге ата анасы ғана емес,тайпалы ел,ауыл-аймағы міндетті болған.Бұл бұлжымас ғұрып. Сондықтан, қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім,тастанды аталмаған. «Жетім» деп атаудың өзі қорлаумен тең болған-ды.Бес жастан кейін ұл ұяты әкеге,қыз ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы,шеше көрген тон пішуі шарт.Қыз бен ұл әке-шешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5-10 жасқа дейінгі бала әке-шеше назарынан тыс қалуға бірде-бір жағдаят болмауға тиіс.Оларды әке-шещшесі қосшысындай бағалауы тиіс.Ал,он бестен асқан соң олардың «дос» болуы абзал.Солай болған да еді. «Алтыға дейін атаңды таны,жетіге дейін жеріңді таны» деген қағида ұлттық тәрбиенің шынбайлы ережесінің бірі еді.Осы жаста бала,өзінің,кіндік  қаны тамған жерін біліп,(барып аунауға міндетті) әке-шеше,ата-баба туып өскен жер,өлкесін тануға тиісті болған.Ата-бабасының жайлауы мен қыстағын, зиратын,мекендеген жерлерін аралауға мүмкіндік туғызған. Ағайын туыстарының кімдер екенін, олардың қайда тұрып,нендей кәсіппен шұғылданатынын,ру-тайпасының арғы тегін,олардың таңба ұранын білу,малға салатын ен,басатын таңбасын ажырату осы жастағы балаларға міндеттелген.Нағашы жұртын да білуге тиісті болған. Қазақтар отбасының рулық құрамын байқасақ, нағашысына рулас қызға үйлену,тұрмысқа шығу өткен дәуірде көп болған.Оның себебі жастар ең әуелі нағашысымен танысатын,оның жегжатқа қатынасуы содан басталатын-дығында. Қазақта «әкесі мен баласы бажа болу» осыны дәлелдейді. Өмірмен, айнала-сымен танысып білуге,мына таудың аржағында,,анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын,не барын танып білу 6-7 жас сәбилеріне тән болғандықтан ата-әжелер оларды ертіп қысқа сапарға шығатын, ел аралайтын болған.Той-думанда,мереке салтанатқа қатыстырып,өнер білімге құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын. Балалар қуанышында ойналатын күллі-ойын сауықтар тек балаларға арналатын.
Жас өспірімнің тума талантының не екенін білу үшін, бейімділігін пайымдау үшін,ата-әжесі,әке-шешесі, білгір-тәуіп, сыншы-әулиелерге ертіп апарып,келешегіне болжам жаса-татын болған.Қазақтың адамтанушылары бала келешегін жан-жақты(алақан сызығы, маңдай әжім бедері, табан сызық сұлбасы,құлақ күнқағар тамыры,саусақ тұяқтары,мең мен түйме,үн мен дыбыс, саусақ, аяқ, мойын,шаш бітімі,түр түсін т.б.) бақылап өте дәл айтатын болды.Қытайлардың бала алдында зат қою ғұрпына ұқсас іс-әрекет қазақта да болған.Ал,ұлды  тану нағашысын білуден басталғанҚызды білу шешесін танудан бастау алған. «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан», «Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының айғағыБалаларды бұл жасында атақты адамдарға апарып аузына түкіртетін. Ұста,зергер,құсбегі,атбегі қатарлы өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын. Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп,алғашқы қадамын бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын.Ұлттық тәрбиеде:«Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз»-деген қағида бар.Онда:«бек ұл,пәк қыз», «айдарлы ұл,тұлымды қыз»,«иманды ұл,ибалы қыз», «айбарлы   ұл,ақылды қыз», «батыр ұл,батыл қыз»,«ісмер ұл,істі қыз», «ер жігіт,есті қыз»,«шешен жігіт,ақын қыз» «өрелі жігіт, өнерлі қыз», «Қазақ жігіт,Қазақ қыз» «ұлықты ұл, қылықты  қыз», «аяулы азамат,асыл жар», «Намысты ұл,өрелі қыз», «Ақылды жігіт,арлы қыз», т.б.  қатарлы ұл,қыздарды өздері тәрбиелеп келгендігін, орысты,қытайды және де арабты әкеліп немесе оларға апарып тәрбиелетпегені көрсетілген. Бұл қағиданың екінші мағынасы: бала тәрбиесі,жеке дара отбасының міндеті емес әулет, ауыл, ру, тайпаның барлық мүшесіне ортақ міндет,парыз екенін көрсетеді.Сондай-ақ, бір әулеттің өзінде бала неғұрлым көп болса, тәрбие татымды болатындығын анғартады. «Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз»-дегені,ағасы-інісін,әпекесі-сіңлісін,үлкені кішісін тәрбиелей алады деген сенім еді.Осы негізде,көп балалы отбасын,ананы ардақтау салты өмірге келген.
(«Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,екі баласы бардың арты бар да,алды бар,үш баласы бардың-Орынборда жұрты бар,төрт баласы бардың -Қарғалыда құты бар,бес баласы бардың-Қазанда қазынасы бар,алты баласы бардың -Мекержада малы бар!» «Алты ұл тапқан ананы,ханым десе болады,жеті құрсақ көтерген ананы жаным десе болады», «Мал таппайтын еркек болмайды,құрарын айт,бала таппайтын әйел болмайды,тұрарын айт»дейді халық. «Жақсы ұл тапқан ананы жаным десе болмай ма,алты ұл тапқан ананы ханым десе болмай ма» деп ананың сол ауыр да ардақты үлесін бағалай білгендікті аңғартады. Сондықтан, «атасыз жетім- жарты жетім,анасыз жетім- бүтін жетім»,-деген.)«Бала тәрбиесі-баршаның ісі»- деген қазақ тәрбиелеу қағидасы осы негізде өмірге келіп, тұрақтанған.Осы күнде,бала өзін-өзі тәрбиелейді немесе өмірге келісмен отбасы, балабақша тәрбиелейді,олардың тәрбиелік үрдісін тереңдетіп не олардың жіберген  қателіктерін жойып,мектеп қайта тәрбиелейді деген ұғым қалыптасқан. Қорша-ған орта мен қауым осы шақта көмекке келу керек деген ұстаным   айқын басымдылық алған.Бұл жағдай,қазақ қауымында бүгіндері жүріліп жатқан тәрбиелік амал-тәсілдерінің, іс-әрекеттер мен шаралардың ауқымынан анық аңғарылады.Олардың ортақ уәжі: «Отбасы-шағын мемлекет дейтін болсақ, әрбір отбасы құралып қоғамды, сол арқылы іргесі берік елдің негізін құрайды.Иманды, ұлтжанды отбасыларынан құралған қоғам сыртқы күштердің бүйірден келіп тиген соққысына болсын, іштен құрту пиғылындағы жымысқы әрекеттеріне болсын төтеп бере алатын күшке ие болады.»Иә,сөз жоқ,орынды пікір! Бірақ,жаттанды ой! Бүгінгі,қазақ қоғамы-иманды, ұлтжанды отбасынан құралып тұрған жоқ қой. Бұрындары бір отбасындағы тәрбиесіздік бір рулы елдің сүйегіне түскен таңба болған.Жеке жүріп адам өмір сүре алмасы белгілі. Бақытты, бейбіт елде өмір сүруді қалаған жан өз отбасының тәрбиесіне, әсіресе ұрпағының имани тәрбиесіне көңіл бөлетіні анық.«Иманды бол» деп үлкендер бата беріп жатады. Бірақ сол имандылықтың жолын үлкендер жастарға, ата-ана балаларына көрсете алып отыр ма? Мүлдем жоқ демесең де,күмілжіп қалатынымыз рас.Әулет мектебінде тәрбиенің екі түрі өте басым болған.Ол,әуелі-имандылық,екіншісі-әдептілік.Бүгінгі күнде от басында болсын,мектепте болсын,қоғамдық орындарда болсын жетпей тұрған,тіптен ескерілмей қалған осы екі тәрбие. Оның себебі,тәрбиелеуді «тәрбиелеу туралы білім берумен» ауыстырғандықтан болған. Имандылық пен әдептілік дағды-машық игерту арқылы бойға қонады.Жұрттың бәрі білетін, «қызға қырық үйден,ұлға отыз үйден тиым»-деген тәр-биелеу ұлттық жолы бар.Бүгінгі күндері осы «қырық-отызүйлерің» қайда?,нелер?,кімдер? Олар тыйым қоя алып жүр ме? Ойлану керек- ақ!
Қазақтың тәлім-тәрбие үрдісіндегі ең қызықты қағида-тәрбие біртұтастығы туралы ұғым.Ол бойынша адамда бір ғана тәрбие бар.Адам не тәрбиелі болады,не тәрбиесіз болып өседі.Тәрбиелі адамды жақсы(көргенді) кісі, тәрбиесіз адамды жаман (көргенсіз) дейді. Орташа, нашарлау,тәуір тәрбиелі адам немесе социалистік педагогика-дағы тәрізді адамды саяси тәірбие,дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбие т.б.(осылай жіктегенде бір адамда 18-20 түрлі тәрбие болатын сияқты!)деп шашыратпаған.Алайда сезімдер мен түйсіктерді,ақыл-ой зерделігін,парасаттылық дәрежесін, адамдық асыл қасиеттерді ажырата білген.Баулау мен жаттықтыру жолына,құралына  негіздеп еңбекке баулау, дене шынықтыру,табиғатты аялау, ақыл-ой,зердесін ашу әрекеттерін кең көлемде жүргізіп,жан-жақты қарастырған.Біртұтастық қағида бойынша тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай келген,орынды амал-тәсілдермен жүргізілген қандай да бір,тәлім-тәрбиелік іс-әрекет жас ұрпақ бойына барлық қасиетті бірдей сіңіре алады..Мәселен,ойын ойнатсаң да отаншыл сезімін оята аласың,өнер үйретсең де адамгершілік асыл қасиетке қол жеткізесің,жыр жаттатсаң да ақыл-ойын дамыта аласың дейді.Тек,қазақ тілі арқылы да тұлға қалыптастыруға болады екен.
Сондықтан да қазақ атамыз: «Ей,балам!Балаларыңды ата тегін,ел тарихын,шежіресін білетін,елін қадірлейтін елжанды,ұлтын сүйетін ұлтжанды,туған жерін қадірлейтін жержанды етіп шығар»деген өсиет қалдырған.Осы өсиет орындалса,олар жан басынан табылса,адамгершіліктің басқа қасиеттері,әрқашан,оларда қалыптасқан деп сенуге бол-ады.Қазақ қатты айтсаса да,жақсы айтатын халық. Әкемін деп қайтесің,тіліңді ұлың алмаса, адаммын деп қайтесің, жүректе жылу болмаса. Ақылды ұрпақ өсірсең алып шығар құлдықтан, ақылсыз ұрпақ өсірсең, булыққаның булыққан! Балаң жақсы тәрбиелі болса,жер беті жақсы,тәрбиесіз,өнегесіз болса жер асты жақсы!
Тіәрбиелеу қазақ ілімінде мұндай қағидалар бір шама бар.Кейбірі ұмытта болған. Ескерілмей,ұстанылып,басшылыққа алынбағаны да жетерлік.Шағын мақалада оның бәрін тәптіштеап жазу мүмкін емес.Бұл әңгіме,сондықтан жалғасатын болады

Әдебиеттер 1.Қ.Қабдыразақұлы   Ұлттық тәрбие үрдісі   Қарағанды 2014
2.                           Әулет мектебі                              Астана 2014
3.Қ.Қабдыразақұлы    Тәрбиелеу  қазақ  ілімі     Қарағанды 2016
4.                                  Ана мектебі                   Улаанбаатар     2015.      

 

 

 

                                                           Айнұр Серікқызы
20 қаңтар 2018

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *