Әдептілік-әдемілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Кешірім – ізгіліктің белгісі

Халық даналығы

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.

Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады. 

Суреттерде берілген жағдаяттарды сахналап көрсетіңдер және талдаңдар.

¯ Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті…

¯ Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті…

¯ Дәулет сабаққа кешігіп қалды…

¯ Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті…

Автобуста.Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.

Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.

– Мұнда отырыңыз, – деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

– Рақмет, балалар, – деді анам отырып жатып.

– Апа, рақметті не үшін айттыңыз?

– Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады

Кешірім жасау:

1)    татуласуға бірінші қадам жасау;

2)    кішіпейіл болу;

3)    қателікті мойындау;

4)    өзара түсінісу;

5)      ренішті ұмыта білу.

 

Күн күледі

 

Сөзі Қ. Толыбаевтікі

Әні И. Нүсіпбаевтікі

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

 

Қайырмасы:

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

 

Жалбыр шашы – гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

 

Қайырмасы.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *