Әдебиет-сөз өнері

Утегенова Венера Жаумитовна

Әдебиет-сөз өнері адам санасының үш    

негізіне  тіреледі:ақылға,қиялға,көңілге.

                                                                          А. Байтұрсынұлы.

Бүгінгі таңда қазақ халқы тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени-білім жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда.Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер осы жердегі халықтың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен, әдебиетімен айқындалады. Сондықтан өткен өмір із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақталады. Міне, ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқына тән ұлттық білім мен озық өнегені ұрпақ бойына сіңіріп,оның әдебиетін  оқытуда қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, барлық күш жігерімізді мектептердің білім сапасын арттыру үшін жұмылдыруымыз керек. Ол үшін оқу- тәрбие үрдісінің сапасын арттыратын жаңа технологиялар, әдіс-тәсілдер қажет.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына әсер ету үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену білім беруді одан әрі демократияландыру оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйене жаңа талаптар қоюда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық әдістерін  игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан – жақты дамыту болып табылады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының рухани қайнар күші-әдебиет десек,сол әдебиет халықтың ерте замандардан бергі тарихының, эсттикалық болмысының, философиялық ойлауының, мәдениетінің жалпы рухани байлығының бастауы. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту бағдарламасының қазіргі таңда білімді меңгеру, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан  тиімдісін таңдай білу, мәселені шешу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Осы бағытта әр сабақ барысында қолданылатын «Ой қозғау», топтастыру, венндиаграмма, бес жол өлең, еркін жазу, семантикалық карта, концептуалдық кесте, әңгіме кестесі, INSERT кестесі, БҮҮ әдістерімен жұмыс жүргізудің оқушыға үйретерінің көп екендігіне анық көз жеткіздім.

ХХІ  ғасыр – білім  ғасыры десек, тек білімді ел, білімі мен  ғылымын  ұштастырған  ел ғана озық   нәтижеге  қол  жеткізіп, дүниежүзілік  үрдістен  қалмай, алдыңғы  қатардан  көрінеді. Ендеше жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған келелі  мәселесі – оқытудың жаңа  технологияларын қолдана отырып, сапалы  білімді,  саналы тәрбиелі, инабатты, ізденімпаз,жан дүниесі рухани бай,жан- жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты  парызы. Оқушының сапалы білімін жолға қоюда заман талабына сай әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңа технологияны меңгеруі мұғалім шеберлігін танытады.Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтидесіне жетудің шартты тәсілші ретінде қарастырылатын жаңа әдітердің жиынтығынан тұрады. Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Міне осы орайда 2008 жылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы, 2010 жылы Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша курстан өтіп, жаңа технология әдістерін өзім дәріс беретін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қолданып келемін.Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген біліктілікті арттыру курсының маңызы зор  екендігіне көз жеткізіп,мен  оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Бүгінгі таңда өткізіліп жатқан сан алуан әдістер арқылы оқушы санасына жеткізіліп, әркім өзінше нәтиже алуда.Келешектегі халқымның игілігі үшін қызмет ететін білікті саясаткер де, ел билеуші де, сондай ақ әр алуан мамандық иелері де ауыл топырағынан өрбіген қарапайым ізгілік иесі екендігі сөзсіз. Олай болса, өз елімді әлем елдерімен терезесі теңескен, мәдениеті мен әдебиеті қатар өрістеген, ішкі сыртқы саясаты берік орныққан, елдік пен теңдікті қатар иеленген, мемлекеттік тіл мәртебесі биіктеген елдер қатарына жеткізу  үшін алыстағы ауылда тұрсамда өз үлесімді қоссам деймін.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *