Ұстаз болу – ұлы іс

Нургалиева Жазира Ергазиновна

« Ізгілікті  өн  бойына  жинаған

Шекірттерге  жан жылуын  сыйлаған

Қалап  берген  ірге   тасын  білімнің

Хош  келіпсіздер  –  дүниеге  сыйлы

адам »,

 

деген  өлең  жолдары  мені  қатты  ойландырады.  Ізгілік  бар  ма,  менің

бойымда? Шәкірттерге  жан  жылуымды  сыйлай  алып  жүрмін  бе,  осы

мен?  Оқушыларымда білімнің  ірге  тасын  қалай  алдым  ба?

Ұстаздық  еңбек   жолы  мен  үшін  оттай  ыстық,  көңіліме  әбден   жақын.

Бала  күнімнен  санама   сіңген  қоңырау  бір  кездері  сылдыры  мен  сыңғыры

жарыса  45 минуттық  білім  сағатына  шақырып  тұратын.  Қазір  де  солай.  Бірақ

бір  айырмасы  ол  кезде  ұстаз  алдында балғын  жанары  мөлдіреген  алаңсыз

шәкірт  едім.  Қазір  болса,  бір  кездері  өзім  көрген  ойлы  да  салиқалы

ұстаздарымның  кейпін  кигендей  сезінемін.  Бір  аңдағаным – ұстаз болу  түсінген

жанға  асқан  жауапкершілік  пен  орасан  еңбекті  қажет  етер күрделі  іс  екен.  Бала

көңілі  кіршіксіз  таза,  жібектей  нәзік.  Байқамай  жаралап  алсаң,  оны  қалпына

келтіру әлдеқайда  қиынға  соғары  даусыз  екенін  тәжірибеден  көріп  келемін.

Жетекшілік  еткен  класымда  Е. деген  8 класс оқушысы болатын.  Анау

айтқан  бұзақылық,  тәртіпсіздік  көрсете  қоймағанымен,  сабақтан  көп  қалатын,

жиі  кешігетін.  Кешігіп  келген  сондай  күндердің  бірінде ,  әлгі  Е. сабаққа 25

минут   кешігіп  келді.   Келе  кешіккеннің  себебін  сұрай,  ұрыса  жөнелдім.  Бірақ

ол  менмен  кейіптен  бір  айныған  жоқ,  қойған  сұрауларым  жауапсыз  қалды.

«Сабағыңа  кір,  сенімен  басқаша  сөйлесермін » деп  қала  бердім.  Оны  ата –

аналар  жиналысында  айтып,  құрбылары  алдында  қызарттым. Алайда

тәжірибесіздігімнен  болар,  бұл  әрекет  мен  күткендей  нәтиже  бере  қоймады.

Е.- нің  мінезін  ушықтырып  алдым  білем,  ол  сабаққа  кешігіп  келгенімен

қоймай  қашып  кететінді,  біле  тұра  әдейі  істеуді,  балаларды  соған

ұйымдастыруды  шығарды.   Сонда  мен  ол  баланың  мінезіне   кері  әсер

бергенімді  сездім.  Ал – тәрбие Белинскише  айтар  болсам, «Ұлы  күш». Онымен

адам тағдыры  шешіледі» екен.   Олай  болса , бұл  жай  ғана  кездесе  беретін

қарапайым  құбылыс  емес,  оның  тасасында  адам  тағдыры  жатқанын  жан

тәніммен  түсіндім.  Е.  – нің жайы  мені  бей – жай  қалдыра  алмады.  Е. –ні

тәртіпті  оқушылар  қатарынан  көруді  мақсат  тұттым.  Бір  түсінгенім,  бұл

баланы  қаталдықпен  қайыра  алмайтыным  еді,  ендеше   мейіріммен   меңгергенім

дұрыс  болар   деген   шешімге   келдім.  Бұрын  байыппен  қарамағандықтан

шығар,  ол  оқушының  бойында  мен  білмейтін  қасиеттер  жатқанға  ұқсайды.

Сөйтіп  ол  баламен  қарым  қатынасымыз  түзелді.  Оның  жүрегіне  жол  табатын

кілт – мадақтау екені  өз — өзінен  айқындала  берді. Ол  өзі  ән  айтқанды  ұнатушы

еді.  Бір  күні  мектепте    өткен  өнеге  сағаттарының  бірінде  оны  ән   айтуға

көндірдім. Ән  көпшілік  көкейінен  шықты.  Соңынан  өзім  ескертіп  қойған  екі –

үш  мұғалім,  бала   салған  әнді  мақтап  өтті.  Енді  тек  оқуға  көңіл  бөлсе, Е. – ден

нағыз  бір  көксеген  шәкірт  шығатыны  да  айтылды.  «Апталық  айнасы» газетіне

-1-

 

 

мақтап  жазып,  жиындарда  мақтап  та  өттім. Әрекетім  оң  нәтиже  бере  бастады.

Баланың  оқуға  қызығуы  артып, сабаққа  ынтасы  оянды.  Кешікпеуді  де  әдетке

айналдырды.  Бұл,  әрине  ешкімге  жаңалық  та  емес  шығар,  дегенмен   бала

жанын  түсініп,  өзімше  ойлаған  мақсатыма  жетуім, мені  қуанышқа  бөледі,

педагогтық  қабілетімді  ұштады,  сенімімді  нықтады.  Тәжірибелі  бір  ұстаздаң:

«абыройлы  еңбек  озаты  бойында  ғана  емес,  қылмыскер,  бұзақы  атанып  жүрген

жастар  бойында  да  көзге   көрінбес,  ешқандай  аспаппен  өлшенбес  өз

бейнеміздің,  өз  үлесіміздің  барын  ұмытпайық,  педагог  әріптестер» — дегені

есімнен  кетер   емес. Шындығында,  қай   ұстаз  алдындағы  шәкірттің  үлгілі,

өнерлі,  еңбексүйгіш,  абзал  азамат  болуын  қаламайды. Бірақ  ол    осы  талап

деңгейіне  үнемі   жетіп  жүр  ме? Бұл – жетекшіден көп  ізденісті,  тәжірибе  мен

шеберлікті,  ақыл  мен  тәсілді  ұштастыра  білуді  қажет  етеді.  Әсте

«мұғалім — өмір  бойы  шәкірт» деген  сөз  бекер  айтылмаған. «Ізденбеген,

үйренбеген  мұғалім – жаман  мұғалім»  деген  сөз  көбімізге  сабақ  болса,  оқу

мен  тәрбие  істері  бір  адым  болсын  ілгері  жылжыр  еді.

Мен  өзім  18  жыл  ұстаз  болдым.  Бірталай  іс  тындырдым.

Ол,  әлі  аз!

Себебі  адам өмір  бойы  оқу  керек,  өмір  бойы  тәрбиелену  керек.  « Көп

білемін», — деу, ойымды  әспеттеу  болып  табылады.  Бірталай  іс  тындырдым

дейтінім,  алдымнан  жүздеген  шәкірт  түлеп  ұшты.  Кейбіреуі  менің  ізімді

қуып,  ұстаздық  қызмет  атқарып  жүр.

Ұстазға   керекті   асыл   қасиеттерді:   ізгілік,   инабаттылық,   адамгершілік,

көрегенділік,  төзімділік,   ақылдылық,   шыншылдық,   мейірімділік,

қайырымдылықты  өз  бойымнан көре  білгім  келеді.  Осы  қасиеттердің

« дәнін »  шәкірттерімнің  де  өн  бойына  себе бергім  келеді. Сонда  ғана

менде, « ізгіліктің  ізі  бар  болғаны », — деп  ойлаймын.

Ал,  ары  қарай  мұғалімнің  шығармашылық  «іс — әрекетіне  үңілсек ,

онда  бүкіл  болмысы,  осы  қасиеттерден  ғана  тұра  ма ?  Жоқ  олай  емес !

Іздену  қайда,  шәкірт  жүрегіне  жол  табатын ? Оның  білімінің  берік  ірге

тасын  кім  қалайды ?   Қазіргі,  мына  еліміздің  алдыңғы  50  елдің  қатарына

қосылу  саясатын  ұстану   үшін, президентіміз  Н. Ә. Назарбаевтың  білім

сапасын  арттыру  туралы  саясатын,  оның  Еуропа елдеріндегі  дамыған

басқа  да  мемлекеттердің  білім  деңгейімен   теңгерілу  керектігі  жөніндегі

ұсынысын  қолдауымыз  керек .  Президентіміздің  «Инновациялар  мен

оқу – білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына»  атты студенттер

алдында  оқыған  лекциясын  басшылыққа  алу  керек – ақ.  Жаратылыстану  —

математикалық  бағытты  таңдаған  оқушыға  география  пәні  өмір  сүру

барысында  оның  өмірлік  құралына  айналатындығын  шәкіртке  жете

түсіндіру  керек.

Ал,  оны  мұғалім  қалай  жүзеге  асырады ?  Көп   ізденіп,  жалықпай,

сабаққа  күнделікті  тиянақты  дайындалу  керек. Өз   білімін  үнемі  толықтыра

отырып,     неғұрлым     жаңа    технологияларды    меңгеріп,    инновацияларды

пайдаланып  еңбек    ету  керек.

Баланың  жеке  тұлға  ретінде  дамуы,  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,

ой — өрісінің  кеңеюі  мектеп  қабырғасынан  басталады.

 

  • 2 –

 

Ұстаздың  әдістемелік  жұмысы   — бұл   кешенді   практикалық  шара,

мұғалімнің өз  шеберлігін  жан – жақты  дамытуы.  Ол  оқушының  білім  сапасы

білім  деңгейінің  өсуіне  бағытталған.

… Кең  де  жарық  класс бөлмесі. Алдымда  жәудіреген  көздер  отыр.  Ол

көздер: « Сен,  маған  бүгін  не  бересің ?», — деп  тұрған  сияқты.

География және биология   — өте  қызғылықты,  ерекше  жан – жақты  пәндер.

Олар  жалпы   құрлық,  жер  бетін,  планетамызды  ондағы  тіршілік  ететін

өсімдік,жануарлар дүниесін, жер  бедерін,  байлығын  және  өмір  сүріп  отырған

бірнеше мыңдаған   ұлттар  мен  ұлыстардың  тіршілігін, қоршаған орта, тірі және

өлі  табиғатты  зерттеп  үйрететін  ғылым.  Атаулы пәндердің  және  бір  ерекшелігі

оқушылар  өздігінен  ізденіп,  білім  дағдысын  қалыптастыруға  әртүрлі  суреттер,

сызбанұсқалар,  карталармен, кеппешөптермен және дайын микорпрепараттармен

көп  жұмыстар    жүргізуге  ерекше  назар  аударылады.  Сабақта  жалықпай  тыңдап,

көңілді   отыруына  жағдай  жасап,  білім  алуға  ынталандыра  түсу  үшін  сабақты

түрлендіре  отырып  өткізу  қажет. Қазіргі  заманда  мұғалімдерге  өзінің

қалауынша,  мүмкіндігі  бойынша,  өзінде  бар  әдістемелік  құралды,  өзінің

қолынан  келетін  тәжірибесін,  әдіс  тәсілін  пайдалана  отырып  сабақты  өткізуге

мүмкіндік  бар. Сондай – ақ  жаңа  талаптарға  сай  компьютер ,  интерактивті

тақта – сабақ  құралы  болып  табылады. География және биология  сабақтарында

компьютер  қандай  көмек  бере  алады ?

Ең  алдымен,  оның  өте  қарапайым,  үлкен  дайындықты  қажет   етпейтін

көмегі:  әр  сабақ   тақырыптарына  сай  электронды  оқулықтарды,  интернет

материалдарын  сабаққа  тиімді  пайдалана   алатын   мүмкіндіктер  туғызады.

«Әлемдегі  ең  сауатты  кім?» деген  сұраққа  ойланбай – ақ  «компьютер» деп

жауап  беруге  болады.

Мысалы;  пайдалы  қазбаларды  орналастыру,   географиялық және

биологиялық   диктанттар, сәйкестендіру  тестерін  жазу, «Әлемдік   кереметтердің»

ерекшелігін  айту, жан- жануарлардың тіршілігін,  дене мүшелерін көрсету

барысында  тиімділігі  зор. Осыдан – ақ оның  пайдалы  жақтарын

байқауға  болғандай.  Компьютердің  оқушылардың  сабаққа  ынтасын   арттыруда

және  мұғалім   еңбегін  жеңілдетуде  пайдасы  ұшан  теңіз. Ендеше, компьютерді

сабақтарға  кеңінен  қолдану  тиімді  болмақ.

Сонымен  қатар  жаңа  педогогикалық  технологияны    қолдануға  ерекше

мән  беріледі.

Осы  орайда  өзім  сабаққа  тиімді  деп   пайдаланатын    әдіске    тоқталайын.

Ол, В. Ф  Шаталовтың  тірек – сызбанұсқа және  өзара  байланысты  үш

деңгей  әдісі.

  1. Класта тақтаға  салынған  сызбанұсқа  арқылы  сабақты  түсіндіру.
  2. Әдемі салынған  сурет  немесе  плакатты  көрсету  арқылы  түсіндіру.
  3. Үйде оқушыға  оқулық,  дәптер  және  ата – ананың  көмегімен сызбанұсқа

сыздыру.

Тақырыпқа  арналған  тірек – сызбасы  жоспарға  байланысты  және

оқулықтарға  сәйкес  құрылады.    Тірек  — сызбалармен жұмыс  жасағанда,

балалар  әр  жеке  жазбаға   баға  алады,  және  оқушы  кез  келген  уақытта

 

 

  • 3 —

 

 

 

бағасын  жөндей  алады.  Бұл  тәсілде  нашар  бағалар  болмайды.  Жаңа

тақырыпты  түсіндіру  барысында  оқушыға  ештеңе  жазу  керек  емес,  себебі

жаңа  тақырып  бірнеше  рет   қайталанады,  яғни  оқытудың

өнімділігі  артады.  Сабақ  соңында  балалар  дәптеріне  тірек  белгілерін   түсіреді.

Сонымен  қатар  сабағыма  ойын  элементтерін  пайдалануды   тиімді  деп

табамын.  Жаңа  технология  жүйесіндегі  мәнді  ойындардың  маңызы  зор.

Мұндай  сабақтарда  оқушылардың  әртүрлі  проблемаларды,  оларды  шешу

жолдарын  іздестіруге  мүмкіншілік  тудырып,  олардың  логикалық  ойлау

қабілетін  дамытады.

Ересектердің  қатынас  құралы – тіл  болса,  балалардың  қатынас  құралы

– ойын.  Ойын  сабағында  әрбір  оқушы  жауапкершілікке  ие .

болады.  Алдағы   мақсатқа  жету  үшін  ойланып,  шешім  қабылдауға

дағдыланады.

Сабақ  үстінде  оқушының   өзін  еркін  ұстауы,  ойын  еркін  жеткізуі, өз

бетімен  ізденуі, қосымша  материалдарды  кеңірек  пайдалануы  көзделеді.

Мұның  барлығын  жай  ғана  сабақта  ашып,  толық  мазмұнда  әсерлеп

өткізуге  болады,  бірақ  мұғалім  мұнда   оқушыларды  толық  қамти

алмайды.  Егер  тақырыпқа  орай  мәнді  ойын  элементтері  жиі  қолданылса,

оқушылардың  пәнге  қызығуы  артады.

Көбінесе   біз  ойын  элементтері  дегенде  атүсті,  жеңіл   қарай  саламыз .

Бірақ  ойын  элементтері — өте  күрделі  педагогикалық  әдіс – тәсілдердің  бірі.

Мысалы, «Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы», т. б  тақырыптарда  төменгі  6 – 7

кластарда  суретті  ойындар, шартты  белгілермен  жұмыс,  қима  карталар,

т. б ойындарды  қолданамын.

Қандай  тақырып,  сынып  болса  да  мұғалімнің  шеберлікпен  жүргізген

әрбір  сабағы   оқушы  үшін  мол  білімнің  көзі  болуы   керек.  Үнемі  ізденіп,

жаңашылдықпен  жұмыс  істесе,  жас  ұрпақ  озық  ойлы,  алдыңғы  қатарлы,  жан

– жақты  сауатты  азамат  болады.

Әрине  тиянақты  білім:  жаңа  тақырып,  жаңа  тақырыпты  меңгеру

деңгейіне  байланысты  еңбегіне – баға.

Оларды  әлем  елдерінің, қоршаған ортаның, барлық жаратылыстың

сырына  толық  қанықтырмайынша, география мен биология  пәндерін  меңгерту

мүмкін  емес.  Осы  жұмысты  лайықты  атқару  үшін,  мұғалім  электр  шамының

жарығымен  түнгі  тыныштықта  кітап  сөресін  тінтумен, ізденумен, жаңалықтың

жаршысы  болумен  ертеңгі  сабағына  «мол  қоржынмен» жарақталады.  Ертеңінде

және  күнде,  оның  көңіл  күйін  түсініп, мейірімін  төгеді.  Сонда  ғана  ұстаз –

қазіргі  заман мұғалімі  болуға  лайық. «Ұстаз  болу – ұлы іс» — деп бекер

айтылмағаған.

 

Менің  жүрегім  тек  шәкірттерге  ғана  берілген !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *