Ұстаз болу — ұлы міндет

Бала бойында білім нәріне себетін,адамгершілік дәнін егетін басты тұлға-ұстаз.Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы-ұстаз.Ұстаздық  ұлы қасиет.Ұстаз-білім нәрімен сусындаған жан.Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та,бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп,өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы-ұстаз.Білімді,тәртіпті,тәрбиелі,инабатты,жаны таза рухы биік,Отаншыл адамды,тұлғаны қалыптастырып,баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек,ол кім? Әрине,ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз,мұғалім.Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың  тағдыры үшін жауап беру,ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.Сондықтан біздер ұстаздар,күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес,болашақты құрушыларды,адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.Мамандықтың бәрі жақсы десек те,ұстаз орны ерекше.

Ұстаз –баланың екінші ата-анасы,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі.Оның бойындағы білім мен ақыл,ойының қуаты талай тентекті жуасытып,небір еркені сабасына түсіреді,тәртіпке баулып,есейтіп,ержеткізеді.Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Осы тұста Абайдың:                                                                                                 Ақырын жүріп,анық бас,                                                                                          Еңбегің кетпес далаға.                                                                                           Ұстаздық еткен жалықпас,                                                                                      Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздың шәкірт озып жатса,төккен тер  мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.Ұстаз атана білу,оны қадір тұту,қастерлеу,арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы.Ол-өз кәсібін,барлық шәкіртін,шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді,іске батыл кірісуге септігін тигізеді.Нәтижесінде бір емес,бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,                                                                          Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.                                                                     Шаршаса да осы жолдың бойында,                                                                        Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

«Ұстаз болу-өз уақытыңды аямау,өзгенің уақытын аялау»-дейді француз ойшылы Жан Жак Руссо.Ұстаз болу-жүрек жылуын,мейірім шуағын,адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.Ұстаз болу-шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау.Ұстаз болу-жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қай заманда болсын,ұстаздарға құрмет жоғары болған.Бүгіннен  немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ,ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту-адамгершілігіңнің ілгері басуының  бір қадамы.Өйткені,ұстазға құрмет көрсету –білімге құрмет көрсету.Білімді құрметтемеген ,ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындағы,қол жеткізсе де,тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті кітаптарда да жазылған.Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап,әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім.Айталық,Ескендір Зұлқарнайын-Аристотельді,Абылай хан-Төле биді,Шәкәрім-Абайды, Бердақ-Күнқожаны, Жамбыл –Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей,олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.Мәселен,Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен  кем қарыздар  емеспін.Әкемнен өмірді  алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі әрбір адамның борышы. Ұстазға құрмет – адамзат міндет.

Менің де ұстаздық жолым — Жалпақтал балалар өнер мектебіне келген жылдардан басталды. Ең алғаш балаларға өнердің қыр-сырын үйрете бастағанда ұстаздық жылдарымның жемісті де жеңісті жылдар екенін түсіндім. Шәкірттерім жетістікке жете бастады. Шәкірттерімнің жетістігі менің бойыма қуаныш пен сенім ұялатты. Ұстаз болудың бір бақыты осы екенін түсіндім. Болашақта да ұстаз болып, шәкірттердің  бойына өнердің сан-қырын үйрете  біліп, ұстаздық жолымды тек жеңістермен ұлы жетістіктермен жалғаймын деген үміттемін.

 

 

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Жалпақтал балалар өнер мектебінің оқытушысы

Каманов Ақылбек Рухоллинович.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *