Ұстаз болу-жүректің батырлығы. Эссе

Абуова Назым Шегебаевна

                                    Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу-адамның асылдығы.

Өмірде көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,икемділікті,шеберлікті ерекше шәкірт жандылықты,мейірімділікті қажет ететін мамандық та—ұстаздық мамандық.Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден,адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,екіншіден үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,білсем,үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,эканомика  кеңістігіне шағуға,яғни қатаң бәсеке жақдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.Ол-өз кәсібін,өз пәнін,барлық шәкіртін,мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді,іске батыл кірісуге септігін тигізеді.Нәтижесінде бір емес ,бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.Ұстаздың осыншама қадыр-қасиет,құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен,жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі,мәдениетті сөзі,әдепті жүріс-тұрысы,жинақы іс-әрекеті,білімі шәкіртке де,ата-анаға да,жұртшылыққа да өнеге.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді.керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады,-дейді.Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұштарлықты,сан қырлы шығармашылықты қызмет пен өзін-өзі басқару,өзін-өзі  ұйымдастыру жақдайындағы біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын –еліміздің келер күнгі келбеті.Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Ғасырлар мақсаты –саяси-эканомикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын ,ізгіленген ХХІ-ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген,жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,-деген тұжырым жасады.Ол үшін оқу үдерісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтық шеберлік-дарынды талант емес,үйрену,ізденудің нәтижесі.Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған қағида жоқ,болуы да мүмкін емес.»Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен.Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі –Мұғалім деген кім?Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән қасиет-баланы құрметтеу.Оның адамшылық ар-ожданын ,намысын,тұлғасын жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту .Бұл мұғалімнің терең дүние танымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.Ал ХХІ-ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек?Әрине ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін ,парасат-қуатын салу керектігі айтпасада түсінікті.Бұл –әркімнің қолынан келе бермейтін ,ерекше талантты қажет ететін ,бай қиялды адамға тән қасиет. «Ұстаз» сөзінің 2-түрлі сипаты бар.Бірі –белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да,екіншісі-жоғарғы беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.Мектептегі ұстаз –баланың екінші ата-анасы,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі.Оның бойындағы білім мен ақыл,ойының қуаты талай тентекті жуасытып,небір еркені сабасына түсіреді,тәртіпке баулып,есейтіп ержеткізеді.Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп айтады.

Біздің ұстазымыз Абуова Назым Шегебаевна еңбек жолын ұстаз болудан бастады. Назым мұғалім озық ойлы,шығармашылықпен жүмыс істейтін тәжірибелі ұстаз.Ол еңбек жолын 1983 жылы 15-наурыздан Еңбекші совхозында мектепке дейінге бөлімінде тәрбиеші болудан бастады.Қазіргі уақтытта 1985 жылдың 1-ші қаңтар айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып,бастауыш сыныптарды оқытып келеді.Ұстаздық мамандықты таңдауы кездейсоқтық емес,жүрегінің қалауы еді.Бала күнгі қиялына қанат бітіп,1980 жылы Қызылорда қаласындағы  «Қыздар педагогикалық»педучилищесіне түсіп,1983 жылы бітіріп шықты.Назым  Шегебаевна оқушыларды салауаттылыққа үйретумен қатар олардың тұлға ретінде қалаптасуына көп көңіл бөледі.Оқушылары білімді,өнерлі.Сабақтарында қазіргі заман талабына сай дамыта оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып,әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып,өз бетінше білім алуға құштарлықтарын оятып, шағармашылықпен ізденуге ұмтылдырады.2006 жылы аудандық мұғалімдер семинарында 6-шы қаңтарда панорамалық сабақ берді тақырыбы: «Болашаққа төнген қара бұлт» және шығармашылық есебі тыңдалып,мұғалім еңбегіне әріптестері жоғары баға берді.

«Баланы жеке оқыту –дарынды тұлға дамуының негізі»панорамалық сабағы тыңданып жоғары баға берілді.08.01.2009ж.  «Құрмет грамота»

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы нәтижеге бағытталған білім беру»тақырыбындағы секция 06.01.2010ж «Құрмет грамота»

Жаратылыстану –ғылыми білім беру процессінде оқушылардың жоба және зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.(баяндама)    «Алғыс хат»                               Қазіргі білімі жоғары ,І-санат мұғалімі  «Білім беру саласының үздігі»төс белгі иегері 13.03.2018ж.   «Еңбек үздігі»төс белгі иегері 27.08.2018ж. «Мұрагер»республикалық  «Алғыс хат»2018ж. «Жасөркен»респубкалық  «Мадақтама»2018ж. «Өнеге»республикалық «Алғыс хат»2018ж. «Зерделі»республикалық  «Алғыс хат»2018ж.

                      Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

                 Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.

                 Шаршаса да осы жолдың бойында,

                 Қандай жақсы шын бақытын тапса адам,-деп ақын жырлағандай Назым Шегебаевна өз бақытын бала тәрбиесінен тапқан ұстаз.Отбасылы 3-қыз,1-ұл тәрбиелеп отырған ұстаз Ана!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *