Ұлы Жеңіске 75 жыл!

Алматы қаласы
Алатау ауданы
«№ 177 Бөбекжай балабақша» тәрбиешісі: Әміржан Баян

Биыл елімізде Ұлы Отан соғысына 75 жыл толды. Ұлы Жеңіс бізге ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні — бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке — бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер — солдаттар, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпақтары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бүгінгі ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өркендеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні- абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Ел басына қауіп төнген кезде өрімдей жас болған аталарымыз қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаны бүгінгі ұрпақтарына үлкен мақтаныш.Шындап келгенде , бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің ұланы болып жүргенімізге аталарымыздың үлесі зор. Аспанымыздың ашық болуына бабаларымыз жастық ғұмырын сарп еткені белгілі.
Ең бастысы ,енді ондай зұлмат соғыс болмаса екен. Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтсе де, бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде қайсарлықпен шайқасқан ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер бірінші болып еске алады. Ұлы жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен , туған- тустарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Сол кезде Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандатып, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Қиындық кезең сындарлы,
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары,
Тағдырды талай боздақтың.
Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зары заманы
Жетімнің қайғы наласы, — дей отырып батыр ержүрек ұлдарымыз бен қыздарымыз ел басына күн туғанда жандарын қу шүберекке түйіп ерліктерін көрсете білді.Жауынгер азаматтарымыз ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастап, қан майданда шайқасты. Тіпті әріге бармай- ақ, кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, ардагерлеріміз қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.

Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай аталарымыз ажал құшты.Найзағайдай жарқылдаған отты елі бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын, әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш, Ұлы Жеңіске шексіз үлес қосқан сан бабаларымызды қайсар келбетін көз алдымызға елестетіп, болашағымызға күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі- ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар мәңгі жадымызда сақталып,ешқашан ұмыта алмаймыз! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігімізге күн нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы Жеңісіміз баянды болсын!Тәуелсіз еліміздің көк туы көк аспанымызда желбірей берсін!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *