Ұлттық тәрбиенің бала өміріндегі маңызы

Сейілбекова Гульназ Дәуренбекқызы

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу — тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Бұл саладағы күш-жігер алдымен бүлдіршіндерді отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең-байтақгүлжазира даласы, тау-тасы, өзен-көлі, сылдырлап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабыданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде қабылдануы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаға «Отан», «Туған жер» дегеніміздің тарихиқалыптаскан әлеуметтік, саяси және мәдени орта екенін, ол халықтың тұрмысы еңбегі, өнері, тілі, ұлттық дәстүрмен байланысты екенін таныту арқылықарапайым адамгершілік сезімін дамыту басты мақсаты болып табылады.  Тарихққа көз жүгіртсек халқымыз ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпакты тәрбиелеуде пайдаланған бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек қараған.

Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген, «болашақ ел қамқоры», «Отан қорғаушысы», «шаңырақ иес», «өмір гүлі» — деп жақсысын баласына арнаған. Халық ауыз-әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, халықтын тәрбие дәстүрлері, әдет-гұрыптары, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары (әндер мен күйлер, билер) бейнелеу өнері,қолөнер туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.

Жас ұрпақты намысшылдыққа «Жаным арымның садағасы», ерлікке отаншылдыққа «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», жақсылыққа «Жақсы келеді дегенше, жарық келді десеңші», кішіпейілдікке «Кішіпейілдіктен кішіреймейсің», бауырмашылыққа, білімпаздылыққа, «Ақыл азбайды, білім тозбайды», өткір тілді шешенділікке «Шешеннің тілі ортақ, шебердің колы ортақ»,әдептілікке «Алты күн аш болсаң да, атаңнын әдебін сақта», тазалыққа «Тазалық— саулық кепілі», еңбекке «Еңбек түбі — береке». Өнерлі шебер болуға«Шебердің байлыгы қолында», өнерліні құрмет тұтуға, туған жер табиғатын, ерлік дәстүрін сүюге тәрбиелеген.

Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман әдет, жат мінез-құлыктарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жиренуге болады. Балаларға тіл мәдениетін үйретіп, шығармашылыққа тәрбиелеуде қанатты асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай, атап айтсақ:

  • Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер;
  • Тұрмыстықсалт-дәстүрлер;
  • Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер;

Бөбектін алғашқы тыңдайтын өлеңі «Бесік жыры» балаға деген махаббаттан, ел азаматы болсын деген тілектен туған ойлар.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый- құрмет көрсете білген, өнегелі адам баулысаа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Халкымыздың ежелден берік ұстаған әдеп-салтынын бірі — адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар екі жақты сыйластық. Сол себепті жасы үлкенді сыйлап, атын атамай оларды ата, әже, ana, ага, тәте, көке, әпке. жеңге десе жасы кішілерді үлкендер өз тарапынан інішек, қарындас, шырағым, бауырым т.б. деп,құрметтеп атайды. Ұрпақтан-ұрпаққа ауыскан бұл өнегелі әдепті біз қазақтын макал-мәтелдері мен нақыл сөздерінен, бүгінгі тандағы шығармалардан көптеп кездестіреміз.

Мысалы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», т.б осы сиякты сөздер әрқашанда әдептілікті сақтағанын, сыпайы, кішіпейіл адамды үлгі, жас ұрпаұтың тәлімді, тәрбиелі болып өсуіне назар аударып, көңіл бөліп отырған. Сондай-ақ сырттан жасы үлкен адам кіргенде, тұрып сәлем беру, орнынан тұруға көмектесу, шығарып салу — жас балаға тән әдеп-салттар. Қонаққа сай құрмет көрсету — үлкен парыз, бұлжымас міндет.

Міне, жас ұрпакты бала жастан осы дәстүрлер рухына баулу, құлағына сіңіріп әдет-дағдысына айналдыру — парыз іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз — жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер». Сондыктан балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету. Оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міңдеті.

Халкымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандаса білу дағдысына тәрбиелейді. «Көкеңе колыңды беріп амандас», «Ағаңның колын ал», «Атаңа екі колыңды бер» деп үйретеді ата-анасы. Ондай кездердс үлкендер: «Ой азамат болыпты гой!», «Таудай бол!» деп баланын қолын алып, сәлем беруге ынтасын арттырады. Бұл сәлемдескенде кішілер жасы үлкендерге орнынан тұрып ізеттілік, сыпайылық көрсетсін, қысылмасын, өзін-өзі еркін ұстап, еркін сөйлеуге үйренсін дегендік.

Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып калыптасуына негіз болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *