«Үш тілділік заман талабы»

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» — деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік — экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор. Әлемдегі көптеген елдер ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл тіл қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан, оның Қазақстандағы рөлі және болашақтағы маңызы зор. ХХІ ғасырда қазақ елі биік белестерге көтерілуде. Бір жарым ғасырлық тарихы бар дүниежүзілік ЭКСПО-ны өткізу мәртебесіне посткеңестік кеңістікте бірінші болып Қазақстан қол жеткізді. Яғни, бұл Қазақстанның әлемдік денгейдегі абыройлы мегажобасы. ЭКСПО 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросы аясындағы халықаралық көрме. Ол ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық денгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. Көрмеге 5 млн-дай адам қатысады деп жоспарлануда. Оның 15 пайызы шетелдіктер. Қазақстан тарихында ерекше орын алатын ежелгі Отырар өңірі ең тартымды туристік бағыттардың бірі болғандықтан, шетелдік туристердің көптеп келуі ықтимал. Соңғы жылдары Арыстанбаб және Отырартөбе сияқты тарихи орындарға Европа, Ресей, Қытай, Жапония, Араб және Таяу Шығыс елдерінен келетін туристердің саны жылдан-жылға артуда. Биылдың өзінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің экскурсиялық объектілеріне келген шетелдік қонақтардың саны шамамен 5 мыңға жуықтайды. Ал, олардың қатынас тілі — ағылшын тілі. Оларға жоғары деңгейде қызмет ету — біздің міндетіміз. Сол арқылы біз еліміздің мәдениетін әлемге танытуға өз үлесімізді қосамыз деген ойдамыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *