«Үй құстары» «Балапандай мәпелеп»

Жакслихова Сауле Наухановна

 Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың шығармашылдық қаблетін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: Әтеш, тауық, қаз, үйрек, балапан суреттері. мультемедия.
Технология : Дамыта оқу технологиясы.Тәй тәй технологиясы.

 

Шаттық шеңбері.
Саламатсыз ба, апайлар.
Саламатсыз ба, достарым.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілі
— Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
— Қыста күн суық болады. Адамдар қалың киімдерін киеді. Далада қар жауады.Балалар қардан аққала жасайды. Мұзда балалар сырғанақ теуіп, шанамен сырғанап ойнайды.
— Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
— Ұнайды?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Балалар, бүгін бізде ашық оқу қызметі.
Миға шабул. Жұмбақ жасыру
Ақ отау, аузы мұрыны жоқ отау. (жұмыртқа)
— Жұмыртқаны қайдан аламыз.
— Тауықтан аламыз.
— Ал, тауық үй құсы ма, дала құсы ма?
— Үй құсы.
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, тауық үй құсы.
Бүгін білім саласы: «Таным» білім бөлімі:  Жаратылыс тану пәнінен «үй құстары» тақырыбында оқу қызметін өтеміз.
  Балалар жалпы құстар 2-ге  бөлінеді. Үй құстары және дала құстары. Құстардың бізге пайдасы өте көп.Олар табиғатты, өсімдіктерді құрт құмырсқа жәндіктерден құтқарады.

— Дала құстары торғай, қара торғай, көгершін, қарға, қарлығаш т.б.
— Үй құстары әтеш,тауық,балапан , қаз, үйрек т.б
— Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығы неде?
— Дала құстары өздері мекендейді,өз бетімен қоректінеді.
— Ал, үй құстары үйдің қасында мекендейді,адамдар көмегімен тіршілік етеді.
Үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Мынау әтеш. Әтеш- басында айдары, екі көзі, екі қанаты, екі аяғы және құйрығы болады. Түсі кызғылт сары.
Тауық- денесі жағынан кішілеу,үсті толы мамықты қауырсын болады. Бас  бөлігінде екі көзі,екі аяғы, тұмсығы,айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар.Бірақ тым биікке ұша алмайды.
Мынау-қаз. Қаздың  мойны,тұмсығы ұзындау болады.Өте маңғаз, жай жүреді.
Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.(салыстырту).
Ал мынау-үйрек. Үйрек – түсі ақ. Бұл құс суда жүзгенді ұнатады. Үйрек қазға ұқсас құс. Жұмыртқасы тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады.
Сергіту сәті:
Қолымызды жаямыз, қанат қылып.

Адымдап жүреміз тауық болып
Дән шоқимыз,тереміз.
Ұшып — ұшып,
Орнымызға қонамыз.
Тіл жаттығуы «Үй құстары қалай дыбыстайды »
Әтеш  —  ку-ка-ре-ку.
Тауық — қыт-қыт-қыт.
Қаз      — ғақ- ғақ- ғақ
Үйрек — ғұқ – ғұқ- ғұқ
Дидактикалық ойын: «Құстарды айыр»
Мақсаты:
Үй құстарын, дала құстарынан айыру
Ойын шарты:
Балалардың есте  сақтау қабілеттерін дамыту.
— Балалар, бұл ненің суреті.
— Балапанның суреті.
— Балапан қалай дыбыстайды ?
— Балапан —  шиқ- шиқ- шиқ
— Балапанның түсі қандай ?
Ендеше,балалар алдарыңыздағы  қағаз бетіне осы сары балапанның суретін бейнелеп ,бояуды  үйренейік.
Қорытынды: Балалар, ненің суретін салдық?
— Балапанның суретін салдық.
— Құстар нешеге бөлінеді?
— Құстар 2- ге  бөлінеді. Үй құстары және дала құстары.Мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *