Құқықтық тәрбие. Саналы тәртіп пен тәртіптілікті тәрбиелеу әдістері

Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.

Дамытушылық:  Білім алушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Тәрбиелік: Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Аралассабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,түсіндіру, миға шабуыл әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:  Тақырыптық презентация

Пән аралық байланыс: Этнопедагогика, құқық, әлеуметтану.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі(5мин):

а) Студенттермен амандасу, түгендеу, себебін анықтау.

ә) Сабақтың мақсатын түсіндіру.

2.Үй тапсырмасын тексеру(15мин).

Эстетикалық дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы сұлулық, дене тәрбиесі бойынша сұрақтар:

  • Мәні мен міндеттері;
  • Ұлттық тәрбие беру ерекшеліктері;
  • Музыка, бейнелеу сабақтарында ұлттық тәрбие беру.

 3.Жаңа сабақ (10 мин).

Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату про -цесімен байланысының маңызы ерекше.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

        Кинолекториялар. Әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі кино филмьдерді көрсетуге болады. Кинолекториялар оқушылардың құқықтық білімін, адамгершілік тәжірибесін байытады.

Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекториялардың мақсаты – жеткіншектер мен жасөспірімдердің еліміздің заңдарына және халқына құрметсезімін білдіруге тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.

Жасөспірімдердің заң тану мектептері.  Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсаты – жас түлектерді құқықтық және еңбек, азаматтық және қылмыс заңдары жайлы біліммен қаруландыру.

Мектептерде құқықтық тәрбиенің басқа да формалары кезеседі. Мысалы: “Құқықтық білім факультативтері”, құқықтық тәрбиенің бір рет жүргізілетін формалары: лекция, баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер, сайыстар т.б. Осы формаларға сәйкес тақырыптарды құқықтық және адамгершілік тәрбиесі негізінде іріктеп алу және пайдалану керек.

 

 

Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін , сайыстың шарты түсіндіріледі.

Сайысқа берілетін жалпы уақыт: 30 минут

Сайыс бөлімдері:

I бөлім(8мин)

«Кім көп біледі?»

II бөлім(7мин)

«Менің құқығым және міндетім»

III бөлім(5мин)

«Сөздік турнир»

ІV бөлім(5мин)

«Блиц турнир»

 

Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар жас жеткіншектер. Бүгінгі сайыс сабағымыз – құқықтық тәрбие бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншектерін азамат ретінде көрсете білу. Сайысқа екі топ қатысады.

Жүргізуші:

Ақыл білім жастарда,

Сөз берейік жастарға.

Әділдікке бас иеміз,

Әділ сөзді сүйеміз.

Жасөспірім жастардың,

Тыңдайық білім өнерін.

 

Әділқазылар алқасы сайланады.

 

I бөлім

«Кім көп біледі?»

  1. Қоғам деген не?

(Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)

  1. Құқық деген не?

(Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

  1. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?

(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

  1. құқықтық мәдениет деген не?

(Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)

  1. Декларация деген не?

(Декларация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

  1. Құқықтық норма дегеніміз не?

(Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

  1. Адам құқықтарының жалпыға ортақ «Декларациясы» қашан қабылданды және қабылдану себебі?

(Адам құқықтарын заң күшімен қорғау қажеттілігінен туған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» 1948 жылы 10 желтоқсанда

БҰҰ — ның Бас Ассамблеясы қабылдады. Ол 30 баптан тұрады. Бұл Декларация барлық халықтар үшін орындалуға тиісті міндет ретінде жарияланды)

  1. 8. Тәртіп деген не?

(Әртүрлі әлеуметтік әдет — ғұрып, дәстүр және әдептік нормаларының әсерінен орнатылады)

 

II бөлім

«Менің құқығым және міндетім»

Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.

  1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай — ақ міндет екенін қалай түсінесің?

(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

  1. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата — ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?

(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата — аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата — ананың міндеті)

  1. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата — анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің?

(Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке — шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата — анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата — анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

  1. Білім алушыретінде қандай міндеттері білуге тиіссің?

( Өзім оқитын білім мекемесінің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп,тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

 

III бөлім    

«Сөздік турнир»

Берілген мәліметке нақты атауын беру.

  1. Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.(Азамат)
  2. Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.(Декларация)
  3. Жалпы тәртіптік шара. (Заң)
  4. Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.(Конвенция)
  5. Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.(Пакт)
  6. Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.

(Конститутция)

  1. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)
  2. Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?

(Бостандық)

 

ІV бөлім

«Блиц турнир»

  1. Қазақстан Республикасын кім басқарады?

(Президент)

  1. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)
  2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады? (Парламент)
  3. Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады? (Сенат, мәжіліс)
  4. Адамның, азаматтық қоғамның өзара жауапкершілігін бекітетін не? (Конституция)
  5. ҚР конституциясын, заңдарды нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не? (Үкімет)
  6. Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не? (Заң бұзушылық)
  7. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата! (Ту, елтаңба, әнұран)

 

Сайыстың қорытындысын тыңдау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

 

Білім алушыларды бағалау (2мин).

Үй тапсырмасын беру (1мин).

  1. Ұлттық тәрбие, қадір-қасиеттер – біздің асыл мұрамыз (эссе жазу).
  2. Құқықтық тәрбиеге байланысты білім алушылардың өзіндік жұмысы.

Сабақтың қорытындылау кезеңі:

Кері байланыс (2мин)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *