Қыс қызығы.

«Құсмұрын кенті әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
«Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Мектепалды даярлық «Көбелек»
тобының «Сөйлеуді дамыту»

ашық көрініс конспекті.

Тәрбиешісі: Мухамбетжанова А. Ғ.
2019 — 2020 оқу жыл

«Құсмұрын кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК
Мектепалды даярлық «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: қаңтар 2020 ж
Тәрбиеші: Мухамбетжанова А. Ғ.
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Сөйлеуді дамыту»
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Мақсаты:
1. Тәрбиелік: Балаларды адамгершіліке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін жұмбақтар, суреттерді әңгімелеу арқылы дамыту.
3. Оқыту: Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ТСО, қыс бейнесі туралы суреттер, мнемакесте, тақта, бояу, гупка, сандық
Билингвалдық компонент: Қыс –зима, қар –снег, қар жамылған дала-степь покрытая снегом, ақ мамық — белый пушистый, аққала — снеговик.
Сөздік жұмыс: Қар жамылған, құлағыңды тістеген
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келіпті, қәне олай болса қонақтармен амандасайықшы.
Сәлеметсіздер ме!
Здраствуйте!
Екі тілде амандасады.
Жарайсындар,балалар, кәне енді бүгінгі күнімізді шаттық шеңберімізден бастайықшы.
Шаттық шеңбер:-
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң қонақтар.
Қайылы таң достарым.
2. Негізгі бөлімі:
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы осы өлеңде не туралы айтылған?
/Миға шабуыл/
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыста күн қандай болады?
-Қыс мезгілінде не жауады?
-Түсі қандай?
Тосын сәт: (Есік қағылып хат пен сандықты тастап кетеді)
Тәрбиеші:-Балалар ,қарандаршы бізге хат пен сандықты акеп тастапты.
Хат кімнен келгенін табу үшін жұмбақты шешу керек екен
Балалар жұмбақты тындап шешеді:
Шелек, қалпақ басында
Сәбіз еген танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. /Аққала/
Тәрбиеші: балалар хат бізге кімнен келді?
Аққаладан келді.
Балаларға хатты оқып беру.
Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар беріп жібердім сол тапсырмаларды орындасандар сендерге сыйлығым бар.
Балалар менің 1-ші тапсырмам: «Жұмбақтар»
1. Қыста ғана болады
Ұстасан қолын тоңады. /Қар/
2. Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз/
3. Өзі сондай аппақ,
Жердің бәрін жаппақ
Ол не? /Қар/
4. Шелек, қалпақ басында
Сәбіз еген танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. /Аққала/
Жұмбақтың шешімін тез табады екенсіндер.
Тамаша.
Балалар бұл тапсырманы орындап болды.
Келесі тапсырмаға көшейік. Ол тапсырмаға көшпес бұрын тіл жаттығуларын жасап алайық:

2-ші тапсырма: /миға шабуыл және педагогиканың жетекшісімен ойын/
Сурет бойынша жұмыс.

Балалар:-Қазір қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Ал қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады.
қыс мезгілінде қар жауады.
Қыс мезгілінде мұз қатады.
Балалар жыл киінеді.
Балалар,шаңғы,шана, коньки тебеді.
Балалар құстарға қамқорлық жасаймыз ба?
Мнемокесте арқылы «Қыс» тақпағын жаттаймыз.
Балалардың назарларын теледидарға аудару.

Жапалақтап аппақ қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шана, шаңғы арқалап

Осы тақпақты 1-2 рет қайталау.
Балалар қардың қандай пайдасы бар?
Балалар: сіз қармен аққала жасаймыз, сырғанақ тебеміз, қар атысып ойнаймыз. Осы барлық ойындарды ойнау үшін біз қолымызға не киеміз?
Балалар: қолғап.
Балалар еркін ойын ойнайық.
«Сынарын тап» ойының.
Мақсаты: ойын арқылы ойлау қабілеттерін артыру.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар, өте керемет.
Балалар біз біраз тапсырмаларды орындадық
Енді орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындайық
Теледидарға қараймыз «Аю»
Енді 3-ші тапсырмағада жеттік:
Балалар мен сендерге сыйқырлы ақ қағаздар беріп жібердім. Бұл сиқырлы ақ қағазды бояумен боясақ бір ғажайып бейне шығады. /Мен тақтада көрсетемін/
Қауіпсіздік ережесі: балалар бояуды аузымызға салмаймыз, киімдерімізді бүлдірмейміз.
Ол жұмысымызды бастамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық
Саусақ жаттығу:
Қар жауады,оң жақтан,
Қар жауады,сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
Тәрбиеші:Жарайсындар балалар,
— Балалар өз жұмыстарын орындайды.
Тәрбиеші:-Балалар ненің бейнесі шықты?
Балалар:-Аққаланың бейнесі.
Ақ ұлпа қардың бейнесі
Дұрыс айтасындар.
Балалар 4-ші тапсырмаға да жеттік:
Қорытынды:
Құрылымдалған ойын ойнаймыз: «Ойлан да, ойна»
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Үстелдін үстінен қыс мезгіліне байланысты суреттерді қалташаға салу.
Балалар шеңбер болып тұрайық
-Балалар, бүгін біз қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?
Балалар тақпақты қайталап жіберейікші.
Ақ қағазды бояғанда ненің суреті шықты?
Балалар сендерге Аққаланың беріп жіберген сыйлықтарын көрсетейін бірақ сыйлықты ұйге бара жатқанда беремін. Балалар қонақтарға қазір таратайық. Ал, енді келген қонақтармен қоштасайық.
Қонақтармен қоштасу.
-Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *