Қызықты география 5-6 сыныптар арасында

5-6 сыныптар арасында

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту;

 

Мұғалімнің сөзі

Құрметті «Қызықты география» интеллектуалдық сайысының көрермендері мен қатысушылары. Бүгінгі сайысымызға 5-6 сынып оқушылары қатысады

 

Ақыл –адамды аздырмайтын ем,

Шолғыншысы-ой

Білім—таусылмайтын кен.

Жолдасы—кәсіп,

Адамның басшысы—ақыл

Қорғаны—сабыр,

Жетекшісі –талап

Қорғаушысы—мінез

 

Ойын 5кезеңнен тұрады:

1 . «Таныстыру»

  1. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
  2. «Менің елім»
  3. «Көрермендер сайысы»
  4. «Капитандар сайысы»

1 — кезең. «Таныстыру»

 

2 — кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Жұмбақ шешу

Аяғы жоқ жүреді,

Жоғарыдан төмендеп. (Су)

Зу — зу етеді,

Түртіп кетеді. (Жел)

Тас тәрізді түрі бар,

Жақсаң – үйің жылынар. (Көмір)

Аппақ қудай басы бар,

Сан ғасырлық жасы бар. (Тау)

Мен ылғи таң қаламын көремін де,

Төрт емес, бір маусым бар ол өңірде? (Экватор)

Еркелеп жатамын,

Қаңтарда қатамын. (Көл)

Үйге кірдің қара жер,

Назарыңды сала көр.

Шыр үйіріп, үңіліп,

Іздегеніңді таба бер. (Глобус)

Суды шашып бұрқақша,

Мұхиттарда жүреді. (Кит)

Бір ғажап әлемде жоқ

аймақ көрдім

Алты ай түн, алты ай

күндіз жайлап келдім. (Арктика)

Сылдыраған суы бар,

Бұрқыраған буы бар. (Бұлт)

 

3 — кезең. «Менің елім»

Қалалар ойыны. Ойынның шарты алғашқы оқушы қаланың атын айтады келесі оқушы айтылған қаланың соңғы әріпінен басталатын қаланың атын айтады

 

4 — кезең «Көрермендер сайысы»

  1. Қазір республикада . . . . облыс бар, олар . . . . экономикалық ауданға топтастырылған.
  2. Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің . . . . . бөлігінде орналасқан мемлекет.
  3. 2 724,9 мың км2 Бұл Қазақстан Республикасының . . . . .
  4. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша . . . . . орныда.
  5. Қазақстан оңтүстік-шығысында . . . . . . . . . шектеседі.
  6. Дүние жүзінде көлемі жағынан Оңтүстік Америка . . . . орында.
  7. Жердің жасы . . . . . . . . . жылға жуық.

 

5 — кезең «Капитандар сайысы»

Ұпай саны: 5 ұпай. Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд – тау.

1-топ

Сахара – шөл

Мадагаскар –арал

Африка –материк

Ертіс –өзен

Алматы –қала

Анаконда –жылан

Каспий –көл

Шолпан – ғаламшар

Тұсбағар – құрал

Темір кені – пайдалы қазба

 

2-топ

Алтай – тау

Наурызым –қорық

Аустралия –материк

Сібе –өзен

Қызылорда –қала

Калибри –құс

Анхель –сарқырама

Күн – жұлдыз

Термометр – құрал

Гранит – минерал

 

Осымен «Қызықты география» атты кешіміз аяқталды. Енді Әділ қазы мүшелері ойын қорытындысын айтып, жеңімпаздарды марапаттайды.«Қызықты география» атты кешіміз аяқталды. Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *