Қазақстан мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжымдық.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Бар ынтасын сабаққа аудару.
4. Оқушыларды топқа бөлу.

II. Жаңа сабақты меңгеру: 20 минут
1. Ой, толғау.
— Ия, балалар сендер мәдениет жайлы не білесіңдер?
2. Мәтінмен жұмыс.
3. “Кім? Қайда? Қашан?” ойыны.

Шартты: Топтарға сұрақтар қойылады. Топ бірлесе отырып, тез арада жауап беру керек.

1. Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі нендей өзгерістер әкеледі?
2. “Азияға жол іздеу” талабын кім құрды?
3. Рычковтың “ Қырғыз — қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары” қашан шықты?
4. И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
5. Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
6. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі не?
7. Н. П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
8. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кім?
9. Ақтамберді жырау қашан, қайда жерленген?
10. Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау еткен?
11. “Жоңғария картасын” жасаған кім?
12. Ақтамберді қай өңірде тұрды?
13. Неміс саяхатшысы, натуралист П. С. Палластың “Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат” атты еңбегінде не айтылған?
14. Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі П. С. Рычковты кім қолдады?
15. Қашан, қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі болды?

4. “Тұлғаны таны” ойыны.
Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, 6 бөлікті ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың — 10 ұпайы оқушылар қоржынына түседі, қалған ұпай топқа есептеледі.
10 ұпай:
1. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?
20 ұпай:
2. Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “ Орынбор тарихы” (1730 — 1750 ) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым?
30 ұпай:
3. XIX ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В. В. Вегеловский Жоңғария картасын алғаш рет қай қоғам жазбаларында жариялады?
40 ұпай:
4. Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің жазбаларында кездеседі?
50 ұпай:
5. Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата?
60 ұпай:
6. Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір — Түмен, Тобыл, Барнаул туралы мағлұматтарды зерттеп, 1750 ж. “Сібір тарихы” еңбегін жазған, Сібір тарихының атасы атанған кім?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *