Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер

Түркістан облысы

Арыс қаласы

№376 бастауыш мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

УтебаеваКамилаАкыновна

Пәні. Көркем еңбек Мектеп:№376 бастауыш мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: УтебаеваКамила
СЫНЫП: 1 Қатысқандар:                                                       Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.3.4. Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану.

1.2.4.1. Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану.

Ойлаудағдылары Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі Қазақтың ұлттық мәдениетін түсінеді, элементерін қолдана алады. Қауіпсіздік техникасын сақтайды.
Тілдік дағдылар ОЮ-ӨРНЕК   УЗОР  PATTERN, аяққап,  текемет, сырмақ, торсық, камзол
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Жағымды көңіл күй туғызу

3 минут

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Балалар, сендер қандай жерлерге, қандай қалаларға, қандай елдерге саяхаттағанды жақсы көресіңдер?

Біздің Отанымыз қай ел? Біздер қай елде тұрамыз? Біздің елде қандай ұлттар тұрады? Біз қандай ұлтпыз?

Бүгін біздер өз Отанымыз Қазақстан еліне саяхаттаймыз.

—          Қазақ ұлтына тән не білесіңдер?

Ендеше, балалар біз видеожазбаны тамашалайық.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

 

 20 мин

    Жаңа тақырыпты ашу.

Бүгінгі сабақта не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауабы.

Сабақтың мақсатымен танысу. Бағалау критериін анықтау.

—          Ұлттық ою-өрнектеріміз жайында не білесіңдер?

(Көрменің жанында балалармен әңгімелесу)

Ұлттық  ою — өрнектерді    төрт  топқа  жатқызады:

 

  1. Жан жануарлар  тектес  ою — өрнектер.

 

 

Қошқар  мүйіз – қазақ  оюының  ең  көне  түрі.  Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік  бұйымдарының  бәрінде  кездеседі.

 

 

 

 

 

 

Түйе  табан – түйенің  басқан  ізіндегі  қос  табаны  сияқты  дөңгеленіп  келетін, S әріпі  тәрізді  күрделі  өрнек. «Табақша  өрнек» деп  те  аталады.

 

 

2. Гүл – жапырақ  өсімдік  тектес ою — өрнектер.

 

Гүл (жауқазын) – барлық  гүлдің  бірбеткей  бейнесін  бейнелейтін  өрнек.

 

 

 

 

 

Көбелек – қанатын  еркін  жайып, көсіле  ұшқан

гүлді   көбелектің  үлгісіндегі  өрнек.  Шай

дорбаға, аяққаптарға  істетіледі.

 

3. Космогониялық  ою — өрнектер.

 

 

Жұлдыз – аспандағы  жыпырлаған  жұлдыздардың  натуралы  қалпын  бейнелейтін  және  бес  жұлдыздың  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

 

 

 

4. Геометриялық  ою — өрнектер.

Ботакөз – сыртқы  пішіні  ботаның  көзіне  ұқсап  келетін  ромбы  тәріздес  өрнек.

 

Қарға  тұяқ – қарғаның  басқан  ізінің  үлгісіне  ұқсатылып  жасалған  өрнек.  Алаша, кілем  тоқуда пайдаланылады.

 

Әр ою — өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

видеоролик

 

 

 

 

Көрме

 

Слайд, түрлі ою-өрнектердің суреттері

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорыту.

Рефлексия

 

 

 

 

17 мин.

(Т)Тәжірибе жасау

Жеке, жұптық жұмыс. Қауіпсіздік техникасы жөнінде айтып өту.

Әр оқушыға тапсырма беру.

1-оқушы: Камзолдың үлгісін ою-өрнектермен безендіреді.

2-оқушы: Сырмақтың үлгісін ою-өрнекпен сәндейді.

3-оқушы: Киіз үйдің үлгісін оюмен сәндейді.

4-оқушы: Торсықтың үлгісін ою-өрнекпен безендіреді.

5-оқушы: Сәукеленің үлгісін ою-өрнекпен сәндейді.

Дескриптор :

-Үлгілерді дайындау арқылы ою-өрнектерді қолданады.

-Үлгіні дұрыс бастырып, қия алады.

— Жұмыстың ұқыптылығы.

— Қауіпсіздік техникасын сақтайды.

 

Әр оқушылардың кері байланысы.

Жұмыс орнын тазалау.

Музыкалық фон

Қайшы, желім, қарындаш, ою-өрнек шаблондары, плакат

Дифференциация —  сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

 

 

 

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? Пәнаралық байланыстар

 

Музыка, Математика

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *