«Қолғап» ертегісі

Уразгалиева Гулсим Куанышкалиевна

Мақсаты: Балаларға ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.Әр кейіпкердің қимылын жасай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі болатын іс шарамызға сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр. Балалар енді орынымыздан тұрып, қонақтармен амандасайық.

Балалар шеңбер құрады.

Амансыңба, алтын күн!

Амансыңба, жарқын күн!

Бізге мейірім мен шуақ бер,

Қуаныш пен бақыт бер.

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:

  1. Қысбойынажатады,

Тәттіұйқығабатады. /Аю/

2.Қалқиғанұзынқұлағы,

Елеңдепқорқыптұрады. /Қоян/

3.Өзібірқу,

Жүргенжері  шу./Түлкі/

4.Күшідесең, күші бар,

Тісідесең, тісі бар. /Қасқыр/

5.Таңдайларытақылдап,

Шулайтынкімшалшықта

Бірін-бірімақұлдап./Бақа/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлады. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

Балалар:  бақа-лягушка, қоян-заяц, түлкі-лиса, қабан-кабан, қасқыр-волк, аю-медведь.

Тәрбиеші: балалар, аңдардың атауларын жақсы біледі екенсіңдер

Тәрбиеші: Енді балалар мен сендерге ертегілердің суреттерін көрсетемін, ал сендер қандай ертегі екенін айтасыңдар.

Өте жақсы балалар. Біздің бүгінгі ертегіміз «Қолғап» деп аталады. Бұл сөз екіге бөлінеді «қол» және «қап», яғни қолға киетін қап деп атаймыз. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері өздерің боласыңдар.

Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.  Орманда неше түрлі ғажайыптар болады екен.Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Тәрбиеші:Шыршалардың арасынан  бақа шығады.

Бақа: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады. Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Тәрбиеші:Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Тәрбиеші:Қолғапқа түлкібикеш келеді.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкібикешпін. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Тәрбиеші:Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.Ал сен кімсің?

Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші.

Түлкі: Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Тәрбиеші:Қолғапқа қабан келеді.Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

 Қасқыр: Қасқыр тұрады.Ал сен кімсің?

Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Қабан қолғапқа кіреді.

Тәрбиеші:Шыршалардың арасынан аю шығады.

Аю: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.Ал сен кімсің?

Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

Бақа: мұнда орын жоқ!

Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

Аю: Қолғапқа кіреді.

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған  қолғапты тап деп бұйырады.

Ит:әуп-әуп-әуп.

Ей сендер құстарсыңдарма, әлде аңдарсыңдар ма?Қолғаптан тез шығыңдар.

Тәрбиеші: Шал мылтықпен келеді.Қолғапты алып кетеді.

Тәрбиеші:Қандай ертегімен таныстыңдар? «Қолғап» ертегісі неге үйретеді?  Балалар: «Қолғап» ертегісімен. Достыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке үйретеді.                                                                                                           Тәрбиеші: Балалар ерегіде қандай аңдар болды?                                           Балалар: Аю, қасқыр, қоян, түлкі, бақа, қабан.                                       Тәрбиеші: Олар қайда мекендейді?                                                             Балалар:Орманда мекендейді.                                                                        Тәрбиеші:Балалар барлығымыз қосылып «Дос болайық бәріміз» әнін орындайық.                                                                                                                     Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Рахмет!!! Өздеріңнің іс-әрекеттеріңді бағалаңдар. Егер ұнаса бір қолдарыңды көтеріңдер, егер де «өте» ұнаса екі қолдарыңды көтеріңдер, ал егер де іс—әрекеттерімізге «үздік» баға қойсаңдар- шапалақтаңдар!                                            Балалар сендерге көп рахмет. Сау болыңдар, балалар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *