ҚМЖ 9-СЫНЫП

МЕКТЕП: «Атамекен орта мектебі»КММ
ПӘНІҢІЗ: Қазақ тілі мен әдебиеті
ФИО: Абытова Айжан Амандаулетовна
Сабақтың мақсаты: көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді меңгерту. Көркем әдебиет стилінің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсіндіру, әдеби шығармалардың көркемдік сипатын таныту, мәтіндегі көркем образдар мен бейнелі сөздерді, троп түрлерінің мағынасын ажырату. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, оқырмандық қасиеттерін арттыру. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көшбасшылыққа бейімдеу.
Сілтеме: 9- сыныптың қазақ тілі,Р. Әмір, М.Атабаева. «Қазақ тілі». «Қазақ тілі» дидактикалық материалдар. 9- сынып.
Күтілетін нәтиже: көркем әдебиет стилінің ерекшелігін біледі. Онда көркемдегіш әдіс – тәсілдер көп қолданылатынын тапсырмаларды орындау барысында көз жеткізеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта қоданылған әдіс – тәсілдер:жұптық, топтық жұмыс,СТО.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушының іс — әрекеті
Ұйымдас-
тыру Амандасу
Топқа бөлу Оқушылар «Қорқыт ата», «Күлтегін жырлары», «Оғызнама», «даналық кітабы» атты 4 топқа бөлінеді.
Үй тапсырма сын тексеру. Үй жұмысын сұрайды.
38 — жаттығу Оқушылар орындап келген жұмыстарын оқиды.
Өткен сабақты пысықтау «Ротация» әдісі. Сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, тақтаға іліп қою.Әр топқа түс бөліп беру(қызыл, жасыл, көк, қара) Әр топ өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді. Әуелі жеке, сосын топта жауап береді.
Түсіну Сабақтың эпиграфы: «Қазақ тілі жақұт моншақ тәрізді, жіпке тізіп, жарқырата таққандай».
Сабақтың кіріспесі; Сөз – өз бойына биологиялық (сөз тию, көз тию ғылымда дәлеледенген), физикалық (сөздің салмағы, адамға әсер етер сөз жылдамдығы, үдеме күші), химиялық (адам жанын қанаттандыру немесе күйдіріп, күйрету) қасиеттерді жинаған жанды құбылыс.
Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері туралы қысқаша айтып өтеді.
Көркем әдебиет стилінде образды сөздер, экспрессивті сөздер мол қатысатынын біледі.
Дәптермен жұмыс 1 – тапсырма беріледі.
4 топқа кеспе қағаздар үлестіреді. Кеспе қағаздағы тапсырманы топ болып орындайды.
1 – топ: берілген сөздерден синонимдік қатар құру.
2– топ: берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
3– топ: берілген өлең шумағынан теңеу сөздерді табу.
4– топ: өлең жолдарынан кейіптеуді табу.
Оқулықпен жұмыс 56 – жаттығу.
1–топқа: Өлеңді мәнерлеп оқу және Абайға еліктеп бір шумақ өлең жазу.
2–шумақ: Ақын қысты қандай образда бейнелейді?
3–топқа: Өлеңнен теңеу мен эпитетті тауып жазу.
4–топқа:Өлеңнің құрылысына талдау жасау. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап шығады. Өлеңнің құрылысына, көркемдік тіліне талдау жасайды. Шығармашылықпен жұмыс жасап, Абайға еліктеп өлең жазады.
Талдау жұмысы 58–жаттығу.(Таспадан «Кертолғау» күйін тыңдату). 1–топ: күйдің үнін бейнелеген сөздерді атайды.
2–топ: күйшінің күй тарту шеберлігі қандай бейнелі сөз арқылы берілгенін анықтайды.
3–топ: мәтіннен тұрақты тіркестерді табады.
4–топ: мәтінді қысқаша баяндайды.

Бекіту Сұрақтар оқылады.
1. Білетін кім, білмейтін кім?
2. Жібек қалайша жүн болады?
3. Адам баласына неліктен көз бен сөз тиеді?
4. Аурудың жақсысы бар ма?
5. Ауызды қашан тыю керек?
Берілген сұрақтарға мақал – мәтелмен жауап береді.
1. Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі.
2. Жібекті түте алмаған жүн етеді.
3. Елдің алдында болсаң – көз тиер, Елдің соңында болсаң – сөз тиер.
4. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
5. Көзің ауырса – қолыңды тый, Ішің ауырса – аузыңды тый.
Рефлексия Парақша таратып береді. Не қиын болды? / Себебі
Бағалау Жиынтық бағасын қояды. Оқушылар бірін – бірі бағалайды
Үйге тапсырма М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан бейнелі сөздерге мысал жазу.
1 – топ:пейзажды табу
2-топ: портретті табу
3-топ: мақал – мәтелдерді табу
4-топ: теңеуді табу Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *