Қарлығаш

Тоғызбаева Сауле

Сабақтың мақсаты:   Білімділік: өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, әңгіме құрай білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істеуге, өз бетінше іздену дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:ойлау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту;

Тәрбиелік:жаман қасиеттерден аулақ болу, жауыздықтан жирендіру, әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, эссе жазу, көрініс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, Ө. Тұрманжановтың суреті, өлең мазмұнына байланысты суреттер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі   1. Психологиялық кезең

Оқушылар бір-бірлеріне өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын тілектер айтады

  1. Топқа бөлу (геометрииялық фигуралар арқылы)
  2. Бағалау парағымен таныстыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

І топ. Ө. Тұрманжановтың өмір баяны туралы

ІІ топ. Ө. Тұрманжановтың шығармаларына байланысты

ІІІ топ. М. Хәкімжанованың «Жаралы торғай » өлеңі мен Ө. Тұрманжановтың «Көктем жыры» өлеңінің айырмашылығы         Әр топтан 1-2 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту

ІІІ. Жаңа сабақ                         «Адасқан  әріптер» ойын

Сол әріптерді ретімен орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

  1. Мақсат қою Сабаққа мақсат қою үшін оқушыларды сұрақпен жетелеу
  • Қарлығаш туралы не білесіңдер?
  • Қарлығаш туралы тағы не білгілерің келеді?
  • Қарлығаш туралы мәлімет беру

Оқулықпен жұмыс    1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2.Өлеңді әр топтан бір оқушыға тізбектей оқыту

  1. Өлеңді 3 топқа бөліп беру
  2. Жұппен талқылау
  3. Топтық жұмыс

Әр топтан бір-екі оқушыға түсінгендерін айтқызу. Басқа топтың оқушылары сұрақ қою. Ол сұраққа келесі топ мүшесі жауап берулеріне болады.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс     Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын жазу

Топтық жұмыс                 І топ. Қарлығаш туралы қандай ертегілер білесіңдер?

ІІ топ. Жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерді жазу

ІІІ топ. Қарлығаштың аналық махаббаты, ерекше нәзік сезімі өлеңнің қай жерінде көрініп тұр. Оқулықтан тауып оқу.

ІҮ. Сабақты қорыту                     І топ. Қарлығаш туралы эссе жазу

ІІ топ 5 жолды   Зат есім-1  Сын есім-2   Етістік-3   Сөйлем   Синоним

ІІІ топ. Өлең желісінде қарлығаштың балаларын жыланнан құтқару үшін көмек іздеген жерін көрініс ретінде көрсету

Ү. Бағалау Топтық бағалау (Әр топтың топбасшысы бағалау парағына қойған бағалары бойынша бағалайды)

ҮІ. Үйге тапсырма  Өлеңді мәнерлеп оқу. Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Қарлығаш, жылан, дәуіт туралы материалдар жинау.   Бағалау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *