Қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі педагог-психологтың алатын орны қандай?

Қай заманда болсын бала тәрбиесі –қоғамда ерекше орын алады. Бала тәрбиесі- мемлекетіміздің, ұлтымыздың болашағы болып табылады.

ХХІ ғасыр-технология, нанотехнологиялардың дамыған, тіпті шарықтау шегіне жеткен заман. Осы орайда бала тәрбиесіне ата-ананың, отбасының атқаратын ролі ерекше. Осыған қарамастан біз көп нәрселерді назардан тыс қалдырып, баланың өміріне немқұрайлы қараймыз, күнделікті баламен қарым-қатынасымызды ұмытып жатамыз, осының салдарынан балаларымыз суцид жасап, теріс ағымның жетегінде кетеді. Ата-ананың қазіргі кезде көпшілік жағдайда ойлайтыны баланы қатарынан қалдырмай материалдық жағынан қамтамасыз ету, балаға қалағанын алып беру. Әрине олай ойлағаны да дұрыс, бірақ балаға рухани қарым-қатынас көбірек қажет. Баламен күнделікті әңгімелесіп, осы отбасының мүшесі екенін сездіру, отбасына қажет екенін, баланың өмірі мен денсаулығы, өмір жолын дұрыс таңдауы маңызды екенін сезінген бала болашағына нық сеніммен қарап, қоғамның бір мүшесіне айнала алады.

Қазіргі таңда бала тәрбиесіндегі актуалды мәселелердің бірі ол-әлеуметтік желі. Осы әлеуметтік желілердің жағымды және жағымсыз әсері бар, дұрыс көзқараспен қарағанымыз дұрыс.Дұрыс көзқарасымды дәлелдей кетсем-бала өскен сайын оның бойындағы күш қуат көбейіп, қайда жұмсарын білмейді. Баланың жан-жақты дамығанының дәлелі ол түрлі тақырыпта жастарға қызықты видео түсіріп «Блогер» атана алады, әншілік, бишілік қабілетімен ерекшелене алатын бала бір видео түсіріп желіге салу арқылы таныла алады. Рекорд-гиннес кітабының шарттарын орындау арқылы танымал болып жатады.

Ал жаман жағы  баланың түрлі сайттарға кіруі, бұл сайттардың бірең сараңында ғана жас шамасы шектелген, тіркеусіз, тексерусіз кіруіңізге де болады. «Хайп» жасау мақсатында бейәдеп қылық танытып, боғаусыз сөздер айтып түсірілген видеолардағы кейіпкерлер халық арасында тез таралып, ең көп қаралым жинаған видеолар қатарына ілініп жатады.

Бала бойындағы агрессияда осы әлеуметтік желінің арқасында өрши түседі, жасөспірім шақтағы балалар аяушылық танытпайды, әлсіз балаға әлімжеттік көрсетуге дайын тұрады, тіпті заманның азғындағаны соншалық нәзік жанды қыз балаларымыз бір-бірін аяусыз тепкіге шығып, денсаулықтарына зиян келтіріп жатады.

Тағы да айтарым компьтерлік және құмар ойындардың құрбаны қанша бала, оның салдары тіпті адам шошырлық. Осы аталған мекемелерге келген балалардың жас шамасы тексеріліп, қадағаланбайды, олардың тек бір мақсаты коммерциялық жағынан ақша тауып, жеке мүдделерін ғана ойлаулары. Осының барлығы баланың бос уақытының көптігі, айналысар ісінің жоқтығы, ата-ананың күнкөріс мақсатында жұмыс бастылығы себепкер. Осы жоғарыда аталған мәселердің кішкене болсын шешімі ретінде заң шығарушы және оны атқарушы органдардың, шенеуніктердің араласуымен шектеу салынып, ата-ана мен видео кейіпкерлер және оны түсіріп, жарияланған адамдардға ескерту жасалынып, айыппұл салынып, тіпті қатаң жаза қолданылатын заң қабылданса деймін.

Баланың психикасына, тәрбиесіне осылардың барлығы әсер етеді. Уақыт өте келе өкініп жатамыз, қай жерден қателік жібердім деп.

Мен бала бақшада педагог-психолог қызметін атқарамын, көп жағдайда байқағаным көпке топырақ шашпаймын, бірақ  балалардың тәрбиесіне қазақи тәрбие, имандылық бойына сіңіру қажет. Біз баланы тек өзі жалғыз ғана, өзі ғана (самостоятельный) өмірмен күресуді үйретеміз. Олай өскен бала өсе келе тым өзімшіл, такаппар болады. Қазақи тәрбие мен имандылықта тәрбиеленген бала бауырмал, әрі өз жасына тым зерек, ақылшың болады, ата-ананың қадірін түсініп, қартайып, егіде тартқан жасыңда қамқоршың болады.

Қазақ халқы баласын екі ауыз тиым сөзбен ғана тәрбиелеп өсірген «ұят» болады, «обал» болады. Қазіргі таңда бала тәрбиесінде  ұятын ұмытып, обал сауапты түсінбейтін қоғам болдық…..

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *