Қазақ тілін үйретудегі ойынның маңызы

Мектеп жасына дейінгі балалар оқырман емес, тыңдарман, олар тақпақ, ән, санамақ, жаңылтпаштарды тәрбиешінің айтуы арқылы үйренеді. Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытады.
Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес.Баланы тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдыққа үйрететін де осы ойын» деген екен. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Дидактикалық ойындарды сәтті ұйымдастыру және жүргізу үшін мұғалімге кейбір әдістемелік талаптарды ұстану керек:
-ойын өткізу барысында шешілетін өйын және оқып үйрену міндеттерін анық көре білу. Дидактикалық мақсаттың болмауы ойынды қызықсыз етеді.
-ойынды таңдау кезде, ойынның лексикасы мұқиятты түрде іріктелініп алынуы қажет; жаңа сөздердің көлемі есепке алынуы керек.
-ойын өткізу үшін ойын жағдайын, ойын көңіл-күйін жасау керек. Егер ойынның шарттары талап етсе, қатысушыларды командаға бөлу, жүргізуші сайлау жарыстың ереже-элементін анықтау, үпай санын есептеуді ұйымдастыру.
-топтағы барлық бала қатыса алатындай ойын түрлерін таңдап алу керек.
-ойынды таңдау кезінде ойлау қабілетінің қимыл-қозғалыс түрлерімен сәйкестілігінің болуын ескерген жөн, ойын кезінде тыныш ойындардан қимыл-қозғалыс ойындарға, сөздік ойындардан танымдылық ойындарға жиірек ауысып отыру қажет.
Балалардың қазақ тіліе меңгерудегі дидактикалық ойындардың түрлері:
-лексикалық ойындар;
-грамматикалық ойындар;
-танымдық ойындар;
-сөздік ойындар;
-шығармашылық ойындар.

Лексикалық ойындар.
«Айтшы, бұл не?»
Мақсаты: заттарды сипатына қарай ажырата білу.
Сөздіктер: алма-яблоко, жүзім-виноград, алмұрт-груша.
Көрнекіліктер: карточкалар.
Ойынның барысы:
Балаларға тақырып бойынша суреттер таратылады. Мұғалім: «Тәтті, сары, жұмсақ» дейді. Балалар «Алмұрт» т.б.

«Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: заттарды дұрыс атау және сипаттай білуге үйрету.
Сөздіктер: доп-мяч, қуыршақ-кукла,ат-лошадка, қоян-зайчик, аю-медведь.
Көренкіліктер: қапшық, ойыншықтар.
Ойынның барысы.
Ойынды әр түрлі варианттар бойынша өткізуге болады.
1 түрі. Ойыншықтар балаларға тартылып беріледі.
«Сиқырлы қапшыққа» тек аттары дұрыс айталған ойыншықтар ғана салынады.
Мұғалім: «Бұл кім?» немесе «Бұл не?» балалардың қасына келіп сұрақ қояды. Дұрыс атаған бала ойыншығын қапшыққа салады.
2 түрі. Ойыншықтар немесе заттар «Сиқырлы қапшық» ішінде.Мұғалім ойыншыққа немесе затқа сипаттама береді.Ал балалар бұл сипаттама бойынша ойыншықты немесе затты дұрыс атаулары керек. Мысалы: ойыншықтар қапшықта жатыр. Мұғалім былай дейді:
«Бұл ойыншық. Оның қолдары, аяқтары, көйлегі бар» Балалар: «Бұл қуыршақ» дейді. Мұғалім аты дұрыс айтылған ойыншықты көрсетеді. Мұғалім: «Домалақ, қызыл және көк. Онымен футбол ойнайды.» «Доп» деп жауап береді балалар.
3 түрі. Мұғалім қапшықты ұстап тұрады, балалар кезекпен келіп ойыншықты алады да, атайды, бәріне көрсетеді.

«Тауып ал»
Ойынның мақсатты: тақырып бойынша лексиканы бекіту.
Сөздіктер: киім-одежда, аяқ киім-обувь, шалбар-брюки, жейде-рубашка.
Материал: суреттер.
Ойынның барысы.
1 түрі. Мұғалім балаларға киім мен аяқ киімнің суреттерін таратып береді, ал тақтаға қыз бен баланың суретін іліп қояды. Ойын жағдайы қалыптасады.Мұғалім: «Бұл кім?»
Балалар: «Бұл қыз, бұл бала»
Мұғалім:Бала мен қыз серуенге барады. Оларды киіндіру керек. Кәне, көрсетіңдерші, қыз бала қандай киім киеді? Ұл бала қандай киім киеді?
Балалар суретттерін көрсетеді, ал тыңдап алынған ойын жүргізушы көрсетілген суреттердің дұрысын таңдап, оның атын атауы керек.
2 түрі. Киімнің суреттері тақтаға ілінеді. Мұғалім балаларға көздерін жұмуды өтінеді де, өзі суреттерді тақтаға іліп қояды да: «Қандай киім жоқ, тауып ал?»-дейді. Балалар жоқ киімдерді атайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *